Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

ТЖҚ тізбесі бойынша сатып алу өткізу үшін хабарламаны құру нысанында ТЖҚ тізбесі бойынша сатып алу өткізу үшін «Бірыңғай ұйымдастырушы МСК» белгісін таңдау қажет    (552-сурет):

552-сурет

 Осы белгіні таңдаған кезде Жүйе  «Өтінім расталды», «Сатып алу өткізілген жоқ»  мәртебелерінде  жоспар тармағын таңдау үшін көрсетеді (егер Портал арқылы жіберілген  сатып алуға арналған өтінім болса)  (553-сурет):

553-сурет

Жоспар тармақтарын таңдаған кезде жоспардың таңбаланған тармақтары бойынша өтінімдер нөмірлерінің сәйкестігін, сондай-ақ  өтінім бойынша жоспардың барлық тармақтары  таңдалуын  тексеруді жүзеге асырады. 

Өтінімдердің әр түрлі нөмірлерімен жоспар тармақтары таңдалған жағдайда, жүйе қатені көрсетеді (554-сурет). 

554-сурет

Өтінім бойынша жоспардың барлық тармақтары таңдалмаған жағдайда, жүйе қатені көрсетеді (555-сурет).

555-сурет

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Хабарландыруда өтінімнен көшіріледі: шарттың жобасы, комиссияның құрамы және техникалық ерекшеліктің сипаттамасы.

Конкурстық/аукциондық құжаттаманы қосу қадамында комиссия мүшелері  сатып алуға арналған өтінімнен көшіріледі (556-сурет):

556-сурет

 Бұл ретте Тапсырыс берушінің басшысы автоматты түрде комиссия Төрағасы болып тағайындалады. Комиссия құрамы редакциялау үшін қолжетімді. 

Шарттың жобасы сондай-ақ редакциялау үшін қолжетімді, бірақ үндемеуі бойынша Тапсырыс беруші қалыптастырған шарт көрсетіледі. Шартқа  хатшы қайтадан қол қоюы қажет. Нәтижесінде құжатта Тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының қолтаңбасы сақталатын болады  (557-сурет):

557-сурет

«Тауар» үшін техникалық ерекшелікке сипаттама мәтіні ғана көшіріледі, хатшыға тех. ерекшелікті қалыптастыру және қолтаңба қою қажет   (558-сурет):

558-сурет

Жұмыстар мен қызметтер үшін Тапсырыс беруші қоса тіркеген файл көшіріледі.

Тапсырыс берушіге өнім берушілерден келіп түскен сауалдарға жауап беру үшін «Жұмыс кабинеті» тарауына – «БҰ хабарламасы» дегенге өту қажет   (559-сурет):

559-сурет

Бұдан әрі «Құру» батырмасын басып, хабарлама құру нысанын толтыру қажет.

«КҚ ережелерін талқылау» хабарлама типін таңдаңыз және хабарландыру нөмірін көрсетіңіз (560-сурет):

560-сурет

 Өнім берушілерден сауал бар болған жағдайда, жүйе кесте түрінде хабарламаға жауап нысанын көрсетеді (561-сурет):

561-сурет

  «Шешім» бағанында түсіп тұратын тізімнен шешімді таңдау және сипаттамасын (түсіндірме мәтіні, қабыл алмау себебі, өзгерістерге сипаттама) таңдау қажет.

Қажет болғанда файлды қоса тіркеуге болады. Барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Жіберу» батырмасын басыңыз   (562-сурет):

562-сурет

 Бірыңғай ұйымдастырушы сауалға жауап беру нысанында Тапсырыс берушінің жауабын пайдалана алады.  «Жауап ұсыну» батырмасын басқан кезде, бар болса, Тапсырыс берушінің жауабы көрсетіледі (563-сурет):

563-сурет

   «Есепті пайдалану» батырмасы Тапсырыс берушінің жауабын қоса тіркеуге арналған;

  «Өз жауабыңды беру» гиперсілтемесі  өз жауабын көрсету мүмкіндігін ұсынады.

Тапсырыс берушінің жауабын қоса тіркеген кезде, жүйе Тапсырыс берушінің жауабы жіберілген хабарлама туралы ақпаратты сақтайды (564-сурет).

564-сурет

  • Нет меток