Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 5 Следующий »

Жасаудың типтік немесе типтік емес нысанын таңдаумен шарт жобасын құру


Типтік, типтік емес (файлды тіркеу жолымен) немесе қағаз жүзіндегі шартты қалыптастыру жағдайлары тармағына сәйкес анықталған жағдайларға Шартты жасаудың типтік немесе типтік емес нысанын таңдау мүмкіндігімен шартты құру қарастырылған:

  • тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден тәсілімен жоспар тармағынан;
  • ЭЦҚ бар ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденті болып табылмайтындармен сатып алуға қатысқанда;
  • арнайы әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс тәсілімен сатып алуда.

Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шарттың жобасын құру

 

Жоспардың тармағынан шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шартты құру үшін Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі Менің шарттарым бөлігіне кіріп, «Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден» тәсілін, жоспар тармағының типін және сатып алудың  нысан түрін таңдай отырып,  2.3.1 Типтік электрондық нысанды шарт жобасын құру тармағындағыдай іс-әрекеттерді орындау қажет.

Назар аударыңыз! Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін қолдану негіздемесін қарау үшін «Шарттың мәні» қосымша бетіне өту қажет. Белгіні шерту. 

Ашылған нысанда Жүйе шарттың мәні туралы мәліметті, оның ішінде сатып алу тәсілін қолдану негіздемесін көрсетеді. 

Шарт жобасын құрғанынан кейін «Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында Өнім жеткізушіні таңдау қажет: «Өнім жеткізушіні таңдау, БСН, ЖСН, ИНН, ТЕН (төлеушінің есептік нөімір) бойынша іздеу» жолында мәнді енгізіп, «Іздеу» басу.

Нәтижелері бейнеленгеннен кейін шартқа Өнім жеткізушінің дерекетерін қосу мақсатында «Таңдау» батырмасын басу қажет, одан кейін «Сақтау» батырмасы басылады. Өнім жеткізушіні өзгерту қажет болған жағдайда «Өнім жеткізушіні жою» батырмасын басу қажет.

Өнім жеткізушіні таңдаудан кейін «Жалпы» қойындысына өтіп, түсірмелі тізімнен шарт жасау нысанын таңдап:

 Типтік электронды

 Типтік емес электронды,

«Сақтау» басу

 


МАҢЫЗДЫ!

43 бап 1 тармаққа сәйкес шарттың типтік нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес құрылатын, жария шарттарға жатқызылатын, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарға таралмайды. Шарттың жариялылығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 бабымен реттеледі. Осыған байланысты, Тапсырыс беруші шарттың жариялылығын анықтап, шартты жасау барысында типтік немесе типтік емес жасау нысанын таңдайды.

Бұдан әрі «Шарт және келісу» қойындысына ауысу қажет.

Шарттың типтік нысанын таңдаған кезде толтырылуға міндетті жолдарды толтыру қажет.

Сатып алу нысанының түріне сәйкес шарттың үлгі нысаны Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес бейнеленеді.

«Басшы» жолында шартқа қол қоятын қызметкерді таңдау қажет.

Ескерту: «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігін қоюы ұйымның әкімшісімен «Қатысушының-Қызметкердің бейіні» бөлігінде жүзеге асырылады. Қол қою құқығы бар осы қызметкерлер қол қою үшін үлгі шарттың мәтінінде басшылар тізімінде бейнеленеді.

Шарттың типтік емес нысанын таңдаған кезде шартты қоса жалғау нысанында шарт файлын таңдау және оған ЭЦҚ қою қажет. Шартқа «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігімен қызметкерлердің тізбесі ғана қол қоюға құқылы.

 

Файлға қол қойғаннан кейін «Шартты жүктеу»-ге басу қажет.

Бұдан кейін келісуге өту қажет.

 Көпжақты шартты жасу

 

Көпжақты шартты жасау үшін «Жалпы» қойындысындағы «Шартты жасау нысаны» жолында «Электрондық, типтік емес» мәнін таңдап, одан кейін «Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында үшінші қол қоюшы тараптың ЖСН/БСН қосу қол жетімді болады. Қол қоюшы бірнеше ұйымды қосу мүмкіндігі бар. Бұл тараптар шартқа міндетті түрде қол қою қажет, алайда шартты келісу іс-әрекеттеріне олар қатыспайды.

 

 


Ескертпе: үшінші тарап шартты жүктеуге дейін көрсетіледі.

Үшінші қол қоюшы тараптың ЖСН/БСН көрсетуден кейін «Іздеу» батырмасын басу қажет. Іздеу нәтижесі бейнеленгеннен кейін «Таңдау» батырмасын басқанда, жүйе ұйым туралы ақпаратты бейнелейді.

Көпжақты шартқа қол қоюшы үшінші тарап шартты Тапсырыс беруші немесе Ұйымдастырушы рөлдегі (Менің шарттарым (тапсырыс беруші ретінде), Менің шарттарым (өнім жеткізуші ретінде))  пайдаланушы ретінде қарап шығуға мүмкіндігі бар.

Үшінші тараптан қол қою  құқығына ие қызметкер (басшы) шартқа қол қою қажеттілігі утралы хабарлама алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шартқа қол қоюға қол қою құқығына ие (басшы рөлі) қызметкерлер ғана құқылы.

Шартты келісу нысанында қол қойылғанынан кейін шартқа қол қойған қосымша тарап туралы ақпарат бейнеленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Көпжақты шартқа қосымша келісімді құру кезде үшінші тарап автоматты түрде оған тіркеледі, бұл кезде үшінші тарапты өзгерту мүмкіндігі болмайды.

 Қаржылық қызметтер көрсетуге шартты жасау

 

Жүйе рейтинг агенттіктердің қызметтері үшін шарт шаблонын, «39 бап 3 тармақ 11 тармақша рейтинг агенттіктердің қызметтер, қаржылық қызметтерді сатып алу» негіздемесі ретінде таңдалып, «Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу» тәсілімен жоспардың тармағы құрылғанда қолданады. Бұл кезде шартты жасау үшін «Бекітілді» мәртебелердегі жоспар тармақтары қол жетімді, олардың қосымша келісімді құру негіздемесімен немесе «Шарт жасалмады», «Шарт жасалмады. Төлемдер жоқ» мәртебелерімен байланысты жоспар тармақтары болмайды.

Шартта осындай негіздеу үшін шартты жасаудың типтік емес нысанын (файлды тіркеу) таңдауға мүмкіндік болады.

Веб-порталды қолданбай шартты жасау

 

Заңнын 39 бабының 3 тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларындағы негіздеудің біреуі жоспарда көрсетілген жағдайда.

«Жалпы» қойындысындағы шарт карточкасының «Шартты жасау нысаны» жолында «Портал көмегінсіз» деп көрсетіледі.

Шарт тек Тапсырыс берушімен тіркеледі және қолымен расталады (шарттың қағаз жүзіндегі нысаны). Шартты тіркеу үшін «Шарт және келісу» қойындысында «Файлды таңдаңыз» батырмасын, содан кейін міндетті жолдарды қосымша толтырып, «Шартты жүктеу» батырмасын басу қажет.

Сәтті жүктелген және қол қойылған  жағдайда келесідей хабарлама бейнеленеді.

Шартқа «Қол қойылды» мәртебесі меншіктелетін болады. Бұл ретте шарттың қате қоса жалғанған файлын жоюға болады.  «Қол қойылды» мәртебесінде «Шарт және келісу» - «Шарт» қойындысында «Шарт қолданыста» әрекетін таңдау қажет.

Шартқа «Қолданыста» мәртебесі тағайындалады.

 ҚР тіркелген резидент болып табылмайтындар  үшін және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс тәсілімен шарт жобасын құру

ЭЦҚ-мен ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденттері болып табылмайтындардың қатысуымен (осы өнім жеткізушілер үшін «Қатысушының бейіні» - «Қатысушының атрибуттары» бөлігінде «Резидент» белгісі көрсетілмеген) сатып алу бойынша, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс» сатып алу тәсілі бойынша шартты құрған кезде, «Жалпы» қойындысында 2.4.1 Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шарттың жобасын құру шартына ұқсас шартты жасау нысанын таңдау үшін түсірмелі тізім бейнеленеді.

Тікелей жасау жолымен бір көзден алу шартқа техникалық ерекшелік

Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден типтік нысанын таңдау кезде Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға шартқа техникалық ерекшелікті тіркеу қажет, ол үшін «Шарт нысандары» қойындысына өтіп, шарт нысанын (лотты) таңдау қажет.

Шарт нысаны бойынша ашылған деректерде шарттың осы нысаны бойынша техникалық ерекшелігі бар файлды тіркеу үшін нысан бейнеленеді.

 

Файлды тіркеуден және қол қойғаннан кейін «Техникалық ерекшелікті жүктеу» басу қажет.

Ескертпе: Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден шартқа қосымша келісімде техникалық ерекшелігі бар файлдарды қосымша тіркеуге мүмкіндік бар.

  • Нет меток