Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Назар аударыңыз! «Ашық конкурс» сатып алу тәсілі, мәнінің түрі «жұмыс» үшін ғана: егер сатып алу «Консорциум» белгісімен жүргізілсе, онда шартты құрған кезде Жүйе барлық лоттар «Консорциум» белгісі және консорциумға қатысушылардың бірдей құрамы  болуын тексеруді жүзеге асырады. Барлық лоттарда бірдей «Консорциум» белгісі, сондай-ақ консорциумның бірдей құрамы болмаса, негізгі өнім беруші сол бір өнім беруші болып табылатынына байланысты әрбір шартты бөлек құру қажет.   

Өтінімде өнім беруші (жеңімпаз) «Консорциум» белгісін көрсеткен және консорциумға қатысушыларды тартқан жағдайда, Жүйе  консорциумға қатысушылар және өнім берушінің өтінімінде консорциумға қатысушылар қолтаңба қоятын консорциалық келісім туралы  мәліметтерді көрсетеді, сондай-ақ  шарттың үлгілік нысанында   консорциумның барлық қатысушылары туралы ақпаратты көрсетеді. Консорциумға қатысушылар туралы ақпаратты және консорциалық келісімді қарап шығу үшін шартта «Шарт және келісу» қосымша бетіне өту қажет.  

«Консорциалық келісім» батырмасын басу

Жүйе «Консорциалық келісім» парағын көрсетеді, мұнда консорциумға қатысушылар бар лоттар тізімін көрсетеді. Консорциалық келісімді қарап шығу үшін  сенімхаттармен бірге «Консорциалық келісім» бағанында «Қарап шығу» батырмасын басыңыз. 

«Қарап шығу» батырмасын басқан кезде, Жүйе локальді компьютерде PDF форматында  консорциалық келісімді жүктеп алуға мүмкіндік береді.   

  • Нет меток