Қоңырауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталының басты парақшасына өтіңіз. Төменгі оң жақ бұрышта телефон тұтқасы белгішесін түртіңіз (1-сурет).
1-сурет
Ашылған терезеде Сіз консультация алғыңыз келетін тілді таңдап, ОДАН ӘРІ өтуіңіз керек (2-сурет).
2-сурет
Қоңырауды бастау үшін-микрофонның қосылғанына көз жеткізіңіз. Браузердің мекенжай жолағында, жоғарғы сол жақ бұрышта микрофонды пайдалануға рұқсат туралы хабарлама көрсетіледі, растау үшін Рұқсат ету түймешігін басыңыз (3-сурет).
3-сурет
+7(***)*******форматында (мұндағы * - сіздің телефоныңыздың нөмірі) телефон нөмірін көрсету қажет болатын КЕРІ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ өрісі толтыру үшін міндетті болып табылады.
Экран трансляциясы мен және жазуға рұқсат беру үшін, чек бокста ✔ келісім беріңіз
Барлық деректер көрсетілгеннен кейін ғана «Қоңырау шалу» түймешігі іске қосылады (4-сурет).
4-сурет
Сессия коды өрісі, егер Сіз телефон байланысы арқылы техникалық қолдауға қоңырау шалсаңыз, сөйлесу кезінде оператормен деректерді (файлдарды/экранды тарату) бөлісу үшін ғана толтырылады (кодты оператор хабарлайды).