Тапсырыс берушілерге ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай ұйымдастырушысы өткізетін сатып алуға (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) Портал арқылы өтінім жіберу қажет. 

Порталда сатып алуға өтінім құрар алдында жылдық жоспарда өтінім құру қажет.  Бұл үшін жоспардың керек тармақтарын белгілеп, "Сатып алуға өтінімдер құру" батырмасын басыңыз және ұйымдастырушыға МСК таңдаңыз   (513-сурет):

513-сурет

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сатып алуға өтінмдер «Ашық конкурс», «Аукцион» тәсілдеріне ғана құрылады. 

1.1.1 Сатып алуға өтінім құру және жіберу

Өтінім құру үшін   «Жұмыс кабинеті» - «Сатып алуға өтінімдер» тарауына өтіңіз:

 

Тарауға өтер кезде өтінімдерді қарау және құру  нысаны ашылады   (514-сурет):

514-сурет

1.1.1.1 «Өтінімдерді құру» нысаны

Өтінімді құру үшін «Құру» батырмасын басыңыз.  Нәтижесінде өтінімді құру нысаны ашылады (515-сурет):

515-сурет

Ашылған нысанда мынадай жолдарды толтыру қажет:

-         Қазақ тілінде өтінімнің атауы;

-         Орыс тілінде өтінімнің атауы;

-         Сатып алу тәсілі;

-         Сатып алу мәнінің түрі.

Өтінімді жасау нысанында жолдарды толтырғаннан кейін «Бұдан әрі» дегенді басыңыз.

1.1.1.2 «Өтінімге жоспар тармақтарын қосу» нысаны 

Бұл нысанда жүйе  сатып алуға өтінім құру үшін қолжетімді жоспар тармақтарын көрсетеді   (516-сурет): 

516-сурет

 Жоспардың қажет тармақтарын белгілеу және «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу керек. Жоспардың бірнеше тармағын таңдаған кезде Жүйе жоспардың таңдалған тармақтары бойынша «АЕК шектеу» (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) жолы мәндерінің сәйкестігін, сондай-ақ жоспардың таңдалған тармақтарының сомасын тексереді. Жоспар тармақтары бойынша «АЕК шектеу» жолында мәндер сәйкес болса, жоспардың таңдалған тармақтарының жалпы сомасы «АЕК шектеу» жолында көрсетілген сомаға тең немесе одан асқан жағдайда, Жүйе таңдалған лоттарды қосуға мүмкіндік береді. Қосқаннан кейін жоспар тармақтары «Өтінім жобасы» мәртебесіне, ал өтінім мәртебесі «Жоба» деп ауысады.   

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Өтінім құру үшін  «Өтінім», «Сатып алу өткізілген жоқ», «Күші жойылды», «Шарт жасасылған жоқ.Төлемдер жоқ» мәртебелеріндегі және ТЖҚ тізбесінің шарттары қатысты болатын жоспар тармақтары қолжетімді болады. ТЖҚ тізбесіне шарттары қатысты болатын, бұл ретте ТЖҚ тізбесі бойынша АЕК белгіленген мәнінен аспайтын жоспар тармақтары Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы, сондай-ақ өзге бекітілген ұйымдастырушы арқылы сатып алу өткізу үшін қолжетімді.  

ЕСКЕРТПЕ: Қайталама сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, шарттар (техн. Ерекшелік, шарт жобасы және т.б.) өзгермеген кезде сатып алуға өтінім қайтадан құрылмайды. 

Жүйе «Жоба» мәртебесінде өтінімде жоспар тармақтарын қосуға, жоспар тармақтарын алып тастауға мүмкіндік береді. 

«Таңдалғандарды тексеру» қосымша бетінде Жүйе өтінімнен бұрын таңдалған лоттарды алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл үшін артық лоттарды белгілеу және «Өтінімнен лоттарды алып тастау» батырмасын басу қажет. 

 517-сурет

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде «Жоспар тармақтары бойынша деректерді енгізу» нысаны ашылады

1.1.1.3 «Жоспар тармақтары бойынша деректерді енгізу» нысаны

«Тауар» сатып алу мәнінің түрімен жоспар тармақтары үшін техникалық ерекшелікті қалыптастыру қажет (518-сурет):

  518-сурет

«Толтыру» батырмасын басқан кезде техникалық ерекшелікті толтыру нысаны көрсетіледі (519-сурет):  

519-сурет

Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша «Тауар» сатып алу мәнінің түрлері үшін техникалық ерекшелікті толтыру нысаны (Төмендегі сурет):

Міндетті жолдарды толтыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

pdf. форматында техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін, құжатты сақтағаннан кейін «Файлды қалыптастыру» әрекетін басыңыз және файлға ЭЦҚ қойыңыз:

Қажет болғанда «Файлды алып тастау» батырмасын пайдаланыңыз

«Жұмыс» немесе «Көрсетілетін қызмет» мәнінің түрімен жоспар тармақтары үшін техникалық ерекшелікті сипаттаумен файлды қоса тіркеу мүмкіндігі бар (520-сурет):

 

520-сурет

Компьютерден жүктеу үшін «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет  (521-сурет):

521-сурет

 Тағы бір файлды қоса тіркеу үшін «Файлды қосу» батырмасын басыңыз. 

Өтінімде барлық жоспар тармақтары бойынша техникалық ерекшелікті бекіткеннен кейін, «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз (522-сурет):

522-сурет

Нәтижесінде «Шарт жобасы» кеелсі қадамның нысаны ашылады

1.1.1.4 «Шарт жобасы» нысаны

Шарт жобасын қалыптастыру үшін «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет (523-сурет):

523-сурет

ЕСКЕРТПЕ: сатып алу мәнінің түрі «Шарт шаблоны» бағанында «жұмыс» болып табылған жағдайда, түсіп тұратын тізімнен шарттың типін таңдау  (524-сурет 525-сурет).

524-сурет

 

525-сурет

Толтыру үшін міндетті жолдарды «Деректерді енгізу нысаны» қосымша бетінен қарауға болады (526-сурет):

526-сурет

Белсенді сілтемені басып, жолдарды толтыру және сақтау қажет (527-сурет):

527-сурет

 Шарт жобасына тармақтар мен тармақшалар қосуға рұқсат етіледі, бұл үшін «Тармақты қосу» белсенді сілтемесін басу қажет.   (528-сурет).

 

528-сурет

Шарт жобасына қол қою немесе қажет болғанда кері қайтарып алу және қайтадан қалыптастыру қажет.

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сарапшы туралы деректерді енгізу нысаны ашылады.

1.1.1.5  «Сарапшы туралы мәлімет» нысаны

Ашылған нысанда мынадай жолдарды толтыру қажет (529-сурет):

-         Сарапшының Т.А.Ә.;

-         ЖСН;

-         Лауазымы/ұйым;

-         Байланысу телефоны.

 

529-сурет

ЕСКЕРТПЕ: «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрі үшін қадамды толтыру міндетті емес.

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде комиссия мүшелерін қосу нысаны ашылады.

1.1.1.6 «Комиссияны қосу» нысаны

Комиссия мүшелерін қосу үшін «Қосу» батырмасын басыңыз (530-сурет):

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ұйымның бірінші басшысы комиссия құрамына енгізілген болуы тиіс.

530-сурет

Пайдаланушыларды іздеу үшін пайдаланушының ЖСН немесе Т.А.Ә. енгізіңіз. Сондай-ақ Т.А.Ә. қарама-қарсыдағы  «Таңдау» дегенді басып, түсіп тұратын тізімнен пайдаланушыларды таңдау қолжетімді  (531-сурет):

531-сурет

 -       комиссияны қалыптастырған кезде жүйе комиссия құрамына кіретін тұлғаларды қайталауға мүмкіндік бермейді;

-        комиссия мүшелерінің саны екеуден кем болмауы тиіс. 

 «Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде Жүйе бұйрық деректерін енгізу қадамын көрсетеді:

1.1.1.7 «Бұйрық деректерін енгізу» нысаны

 Бұл қадамда техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сарапшыны тарту туралы бүйрықтардың/бұйрықтың сканирленген нұсқаларын қоса тіркеу қажет.

Сондай-ақ бұйрық бойынша деректерді толтыру керек    (532-сурет):

-         Бұйрықтың күні;

-         Бұйрықтың нөмірі;

-         Бекітушінің Т.А.Ә..

532-сурет

 Жолдарды толтырып, файлдарды қоса тіркегеннен кейін «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.  Нәтижесінде  сатып алуға арналған өтінімді алдын ала қарау нысаны ашылады. 

1.1.1.8 Өтінімді алдын ала қарау нысаны»

Барлық қадамдарды толтырғаннан кейін өтінімді қарау нысанында барлық енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру, «Байланысу телефоны» жолын толтыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет   (533-сурет): 

533-сурет

Егер барлық деректер дұрыс болса, «Келісуге жіберу» батырмасын басыңыз. Батырманы басқан кезде Жүйе әрекетті растаумен модальді терезені көрсетеді     (534-сурет):

534-сурет

Растағаннан кейін, Жүйе өтінім мәртебесін «Келісуде» деп өзгертеді және қарау үшін МСК-ға жібереді (535-сурет):

535-сурет

Өтінімнің «Келісуде»  мәртебесінде өтінімді алып тастау, редакциялау және кері қайтарып алу қолжетімді емес. 

1.1.2 Сатып алуға арналған өтінімді редакциялау

Сатып алуға арналған өтінімді редакциялау өтінімнің «Жоба», «Қабыл алынбады», «Кері қайтарып алынды»  мәртебелерінде «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді. 

Қабыл алынбады», «Кері қайтарып алынды»  мәртебелерінде өтінімді редакциялаған кезде жүйе «Жоба» мәртебесінде редакцияланатын өтінімге байланыстыра  отырып, жаңа өтінімді құрады   (жаңа өтінімде байланысты өтінім нөмірі көрсетіледі), алдындағыға «Өзгертілді» мәртебесі беріледі (536-сурет):

536-сурет

«Редакциялау» әрекетін таңдаған кезде, өтінім редакциялау режимінде ашылады, бұл ретте деректер сақталған қадам көрсетіледі. Өтінімді құру нысанында деректерді редакциялау қолжетімді.

«Артқа» өту жолымен алдындағы қадамда енгізілген деректерді редакциялауға болады (537-сурет):  

537-сурет

Ескі өтінімге байлау жоқ «Жоба» мәртебесіндегі өтінімдерді қоспағанда, өтінімге жоспар тармақтарын қосуға/алып тастауға тыйым салынған (538-сурет):

538-сурет

1.1.3 Сатып алуға арналған өтінімді кері қайтарып алу

Сатып алуға арналған өтінімді кері қайтарып алу  өтінімнің «Қабыл алынбады»/»Расталды» мәртебесінде қолжетімді.   Өтінімдермен жұмыс нысанында кері қайтарып алу үшін өтінім нөмірін басыңыз (539-сурет):

539-сурет

 НАЗАРТ АУДАРЫҢЫЗ: Өтінімді кері қайтарып алу егер өтінімде  жоспардың барлық тармақтарының мәртебелері «Өтінім расталды», «Өтінім қабыл алынбады» сәйкес болғанда ғана қолжетімді. 

Жүйе өтінімді қарауды көрсеткеннен кейін, «Өтінімді кері қайтарып алу» әрекетін басыңыз   (540-сурет):

540-сурет

Бұдан әрі жүйе өтінімді кері қайтарып алуды растауды сұрайды (541-сурет):

541-сурет

Тапсырыс беруші кері қайтарып алуды растағаннан кейін өтінім «Кері қайтарып алынды» мәртебесіне өтеді   (542-сурет):

542-сурет

Өтінімді кері қайтарып алғаннан кейін, жүйе өтінім мәртебесін «Кері қайтарып алынды» деп өзгертеді.

1.1.4 Сатып алуға арналған өтінімді алып тастау

Сатып алуға арналған өтінімді алып тастау «Жоба» мәртебесінде қолжетімді.   Өтініммен жұмыс нысанында алып тастау үшін «Жоба» мәртебесінде өтінімге қарама-қарсы «Өтінімді алып тастау» әрекетін басыңыз   (543-сурет):

543-сурет

Алып тастау функциясын таңдаған кезде, жүйе таңдалған әрекетті растауды сұрайды   (544-сурет):

544-сурет

Растағаннан кейін жүйе өтінім жобасын алып тастайды. 

Өтінімді алып тастағаннан кейін, жүйе жоспар тармағының мәртебесін  өтінімді құру сәтінде  жоспар тармағы болған мәртебеге ауыстырады. 

Жоспар тармақтары «Жұмыс кабинеті – «Сатып алуға өтінімдер» мәзірінде өтінімді қайтадан құру мүмкіндігі үшін пулға қайтып оралады. 

Басқа өтінімге байлаулы өтінімді алып тастаған кезде, жүйе бастап өтінімнің мәртебесін «Өзгертілді» дегеннен алдындағы  «Қабыл алынбады»/»Расталды» мәртебесін  қалпына келтіреді. 

1.1.5 Өтінімдерді қарау

Сатып алуға арналған өтінімді қарау «Келісуде» мәртебесінде қолжетімді. 

Өтінімдерді қарау нысанында «Келісілуде» мәртебесімен өтінім нөмірін басыңыз  (545-сурет):

 

545-сурет

«Өтінімдерді бөлуші» рөлімен қызметкерге өтінімді ашып, қараушыны таңдау қажет.  Бұл үшін "Қараушыны тағайындау" батырмасын басыңыз (546-сурет):

546-сурет

Батырманы басқан кезде қалқыма терезе ашылады, онда «Өтінімдерді қараушы» рөлімен пайдаланушылар тізімінен өтінімді тексеретін қызметкерді таңдау  қажет  (547-сурет):

547-сурет

ЕСКЕРТПЕ: Егер тізімде қызметкер болмаса, пайдаланушыда «Өтінімді қараушы» рөл бар екеніне көз жеткізіңіз.  Бұл үшін «Қатысушының пофилі» -  «Ұйым қызметкерлері»  тарауына өтіңіз. 

«Өтінімді қараушы» рөлімен қызметкерде сатып алуға арналған өтінімді қарау нысанында «Растау»/»Бас тарту» батырмалары қолжетімді  (548-сурет):

548-сурет

  «Растау» батырмасын басқан кезде жүйе өтінім мәртебесін «Расталды. Келісуде» деп өзгертеді  (549-сурет):

 

549-сурет

«Расталды. Келісуде», «Бас тартылды. Келісуде» мәртебесімен өтінімдер бұдан бұрын Өтінімді қараушыны тағайындаған «Өтінімді бөлуші» рөлімен қызметкердің шешімді растауын талап етеді.

«Өтінімді бөлуші» рөлімен қызметкерде сатып алуға өтінімді қарау нысанында «Шешімді растау»/ «Пысықтауға қайтару» бастырмалары қолжетімді (550-сурет):

550-сурет

«Шешімді растау» бастырмасын басқан кезде жүйе өтінімнің мәртебесін «Расталды», және егер өтінімді Қараушы растаған жағдайда, жоспар тармақтарын «Өтінім расталды» етіп ауыстырады. Егер өтінімнен Қараушы бас тартса, онда Бөлуші «Шешімді растау» бастырмасын басқан кезде жүйе өтінімнің мәртебесін «Бас тартылды», жоспар тармақтарын «Өтінімнен бас тартылды» етіп ауыстырады.

«Пысықтауға қайтару» бастырмасына басқан кезде пысықтауға қайтару себептерін енгізу үшін терезе бейнеленеді, бір файлдан артық емес қоса жалғау қолжетімді (551-сурет):

551-сурет

Пысықтауға қайтару себебін енгізгеннен және «Иә, пысықтауға қайтару» бастырмасына басқаннан кейін жүйе өтінім мәртебесін «Келісуде» етіп өзгертеді, пысықтауға жіберу себебі өтінімді қарау нысанында бейнеленеді (552-сурет):

552-сурет

Пысықтауға қайтарылған өтінім бұдан бұрын оны қараған «Өтінімді қараушы» рөлімен қызметкерге қайта қарау үшін қолжетімді. Өтінімді қарау нысанында пысықтауға жіберу себебі бейнеленеді, «Растау», «Бас тарту» бастырмалары қолжетімді (553-сурет):

553-сурет.

Қараушының қайта қабылдаған шешімін сондай-ақ Бөлушінің растауын талап етеді.

Өтінім бойынша жоспар тармақтарының біреуі де хабарландыруда іске тартылмаған жағдайда, өтінімді қараған, «Өтінімді қараушы» рөлімен қызметкерді кері қайтарып алу үшін «Расталды» мәртебесіндегі өтінім қолжетімді.   Өтінімді қарау нысанында «БҰ шешімін кері қайтарып алу» батырмасы қолжетімді (554-сурет).

554-сурет.

«БҰ шешімін кері қайтарып алу» батырмасын басқан кезде жүйе әрекетті растау үшін модальді терезені көрсетеді   (555-сурет).

555-сурет

«Иә, кері қайтарып алу» батырмасын басқан кезде, жүйе өтінімді қараған қызметкердің шешімін кері қайтарып алады, өтінім мәртебесі  өтінімді қайтадан қарау үшін «Келісуде» дегенге, жоспар тармақтары «Өтінім жобасы» мәртебесіне ауысады.  «Өтінімді қараушы» рөлімен қызметкерге «Растау», «Бас тарту» батырмалары қайтадан қолжетімді болады.  

«Бас тарту» батырмасын басқан кезде,  қабыл алмау себептерін енгізу үшін терезе көрсетіледі, бір файлдан артық емес қоса жалғау қолжетімді (556-сурет):

556-сурет

Енгізу себебін толтырып, «Ок» батырмасын басқаннан кейінғ Жүйе өтінімге «Қабыл алынбады. Келісуде» мәртебесін береді, қателіктің себебі өтінімді қарау парағында көрсетіледі (557-сурет):

557-сурет

«Бас тартылды. Келісуде» мәртебесіндегі өтінім бұдан бұрын өтінім бойынша Қараушыны тағайындаған «Өтінімді бөлуші» рөлімен қызметкерге шешімді растау үшін қолжетімді (558-сурет):

558-сурет

«Пысықтауға қайтару» бастырмасын басқан кезде пысықтауға қайтару себебін енгізу үшін терезе бейнеленеді, бір файлдан артық емес қоса жалғау қолжетімді (559-сурет):

559-сурет.

Пысықтауға қайтару себебін енгізгеннен және «Иә, пысықтауға қайтару» бастырмасына басқаннан кейін жүйе өтінім мәртебесін «Келісуде» етіп өзгертеді, пысықтауға жіберу себебі өтінімді қарау нысанында бейнеленеді (560-сурет):

560-сурет.

Бөлуші «Шешімді растау» бастырмасын басқан кезде жүйе өтінім мәртебесін «Бас тартылды», және жоспар тармақтарын «Өтінімнен бас тартылды» етіп өзгертеді (561-сурет):

561-сурет

Тапсырыс берушіге жеке кабинетке өтінімдерді қабылдау нәтижесімен жеке кабинетке хабарлама келеді (562-сурет):

562-сурет

Расталған өтінім Хатшыны тағайындау үшін қолжетімді. «Өтінімді бөлуші хатшыларға» рөлімен Хатшыға «БҰ кабинеті» - «Хатшыларға өтінімдерді бөлу» тарауына өту қажет.    

Ашылған өтінімдерді іздеу және қарау нысанында өтінім нөмірін басу керек (563-сурет).

563-сурет

Өтиінімді қарау нысанында «Хатшыны тағайындау» батырмасы қолжетімді (564-сурет).

564-сурет

Батырманы басқан кезде қалқыма терезе ашылады, онда «Ұйымдастырушы» рөлімен пайдаланушылар бар түсіп тұратын тізімнен өтінім бойынша хабарландыруды жасайтын қызметкерді таңдау қажат  (565-сурет):

565-сурет

«Ұйымдастырушы» рөлімен таңдалған қызметкерге хабарландыру жасау нысанында («Жұмыс кабинеті» - «Хабарландыруды құру» тарауы) расталған өтінім «МСК Бірыңғай ұйымдастырушы» белгісімен хабарландыру құру үшін қолжетімді.  

ЕСКЕРТПЕ: «Өтінімді қараушы» рөлімен қызметкер Бірыңғай ұйымдастырушының шешімін кері қайтарып алған жағдайда, жүйе  «Хатшыларға өтінімді бөлуші» рөлімен қызметкердің жеке кабинетіне және таңдалған Хатшыға (таңдалған Хабаршы болған кезде) хабарламаларды жіберуді жүзеге асырады (566-сурет).

  566-сурет

Өтінім бойынша лоттар «Хатшыларға өтінімдерді бөлуші» рөлімен қызметкерден өтінімдерді қарау нысанында хабарландыруды құру үшін қолжетімді емес болады, «Хатшыға жіберу күні», «Хатшы» жолдарының мәндері тазартылады, бұл ретте  «Хатшыларға өтінімдерді бөлуші» рөлімен қызметкерге  «Өтінімді қараушы» рөлімен қызметкер өтінімді растағаннан кейін Хатшының қайтадан тағайындау және қарау үшін қолжетімді болады.

  • No labels