Пайдаланушы туралы деректерді толтыру

Назар аударыңыз! Алдымен ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін бағдарламаны іске қосыңыз.

2006 жылдың сатып алу жүйесіне өту үшін Веб-порталдың бас бетінде   «Кіру -> Сатып алу 2016» таңдау қажет.

 

 

Егер сізде бұрын  браузерге сертификаттар («Баға ұсыныстары», «Конкурс және аукцион» немесе МС сбъектілері еместер үшін» модульдеріне кіру үшін) орнатылған болса, онда сіз олардың қажеттісін таңдай аласыз, бұл ретте егер сіз «Болдырмау» батырмасын бассаңыз, онда Веб-портал Сізді  Сіздің компьютеріңіздегі файлдан сертификатты таңдау арқылы кіру бетіне қайта жібереді. 


 

Назар аударыңыз! Тіркелуге өткен кезде терезе бейнеленуі мүмкін:

Бұл проблеманың  алдын алу үшін «Ок» басыңыз, келесі бет ашылады:  

  Google Chrome браузерінде:

 

  Mozilla Firefox браузерінде (жаңа нұсқа):

 

  Mofilla Firefox браузерінде (ескі нұсқа):

Бұл терезеде тінтуір курсорын « » белгісіне алып келіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңыз. Қалқыма терезе бейнеленеді.

Бұл терезеде «Қауіпсіз скриптерді жүктеу» (Google Chrome  үшін), «Осы бетте қорғауды ағыту» немесе «Әзірше қорғауды ағыту»  (Mozilla Firefox үшін) гиперсілтемесін басыңыз. Осыдан кейін браузердің беті жаңарады және тіркелуге өту мүмкіндігі пайда болады.  

  Google Chrome браузерінде:

  Mofilla Firefox браузерінде (жаңа нұсқа):

  Mofilla Firefox браузерінде (ескі нұсқа):

 

 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелуді өту үшін Сізге мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінде «Кіру» бастырмасын басу керек. Веб-портал Сізге кілтті таңдауды ұсынады:  

«Кілтті таңдаңыз» бастырмасын басқаннан кейін пайдаланылған соңғы бес кілті (сертификаты) бар терезе пайда болады:

 

Назар аударыңыз! Егер бағдарлама Сіздің құрылғыңызда (ДК, ноутбук) іске қосылмаса, келесі терезе пайда болады:

ЭЦҚ-мен жұмыс жасау үшін бағдарламаны іске қосу керек («2.1 ЭЦҚ-мен жұмыс үшін бағдарламаны жүктеу мен іске қосу» тармағы).

Назар аударыңыз! Егер бағдарлама іске қосылса, алайда оны орындау үшін Сіздің құрылғыңызда (ДК, ноутбук) рұқсат құқықтары жеткіліксіз болса, келесі терезе пайда болады:

 

Бұл жағдайда өз құрылғыңызда (ДК, ноутбук) құқықтарды реттеп көріңіз немесе бағдарламаны Әкімші атынан іске қосыңыз:

Қажет болғанда, ашылған терезеде әрекетті растаңыз.

Кілтті таңдау үшін пайдаланушының ТАӘ басу керек. Егер Сіз басқа кілтті таңдағыңыз келсе, «Басқа кілтті таңдау» бастырмасын пайдаланыңыз. Басқа кілтті таңдағанда кілтті файлдан таңдауға арналған терезе пайда болады (ҚР ҰКО-ның сертификаттарын алған кезде әдетте аты AUTH_RSA… деп көрсетіледі):  

Қажетті кілтті таңдау үшін тінтуірдің сол жағын және «Ашу» батырмасын басыңыз. Бұдан соң Сізге кілтке қол жеткізу үшін парольді көрсету қажет болады:

Енгізген соң «ОК» -ді басыңыз. «ОК» -ді басқан соң кілт оқылады.

Бұдан әрі веб-портал автоматты түрде тұпнұсқаландырулаудың пайдаланушылық сертификатының жүйелі тексерістерін жүргізеді. Сертификат сәтті тұпнұсқаландыруланғаннан кейін пайдаланушылық сертификаттың ЖСН-і бойынша жүйеде есеп жазбасының бар болуы тексеріледі. Есеп жазбасы табылмаған жағдайда, пайдаланушы сертификатының ЖСН-і бойынша БСАЖ-ға тіркеу деректерін сұрату жүргізіледі.

 


БСАЖ-да сұрату өңделген соң пайдаланушы деректерін толтыру үшін тіркелу нысаны пайда болады:

 

Пайдаланушының тіркелу нысанында автоматты түрде мынадай алаптар көрсетіледі:

  • · «Логин (ЖСН)» - пайдаланушының ЖСН-і бар сертификат алаптарынан деректер;
  • · «Тегі» - пайдаланушының Тегі бар сертификат алаптарынан деректер;
  • · «Есімі» - пайдаланушының Есімі бар сертификат алаптарынан деректер;
  • · «Әкесінің аты» - пайдаланушының Әкесінің аты бар сертификат алаптарынан деректер; · «Туылған күні» - пайдаланушы сертификатының алаптарынан деректер;
  • · «Электрондық почта» - пайдаланушы сертификатынан үлгіде оны редакциялау мүмкіндігі бар автоматты түрде толтырылады.
  • · «Пайдаланушы келісімі» - келісімнің қол қоюға арналған мәтіні;
  • · «Қол қою» - келісімге қол қою бастырмасы;
  • «Пароль орнату» - пароль ұзындығы 8-ден 20 таңбаға дейін болуы тиіс. Пароль кіші, бас әріптер мен цифрлардан тұруы тиіс.
  • · «Парольді растау» - берілген парольді қате енгізу жағдайларын болдырмау үшін қайта көрсету керек.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пайдаланушы келісіміне (және бұдан әрі басқа да құжаттарға) қол қою үшін ҚР ҰКО берген сертификатты таңдау қажет (ҚР ҰКО сертификаттарын алғанда әдетте атауы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін RSA_, заңды тұлғалар мен бірлескен шаруа қожалықтары үшін GOST_…деп көрсетіледі. Яғни мәлімететтер мен құжаттарға қол қою сертификаты):

Қол қою» бастырмасын басқан соң соңғы пайдаланылған кілттер (сертификаттар) бар терезе бейнеленеді:  


Кілтті таңдау үшін пайдаланушының ТАӘ басу керек. Егер басқа кілтті таңдағыңыз келсе, «Басқа кілтті таңдау» бастырмасын пайдаланыңыз. Басқа кілтті таңдаған жағдайда файлдан кілтті таңдау үшін терезе ашылады.

Таңдау үшін қажетті кілтті тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, «Ашу» батырмасын басыңыз. Әрі қарай Сізге кілтке кіру рұқсатыңыз болу үшін парольді көрсету қажет:

Енгізген соң «ОК» -ді басыңыз. «ОК» -ді басқан соң кілт оқылады. Бұдан әрі веб-портал келісімге қол қою мен тұпнұсқаландырулаудың пайдаланушылық сертификатының жүйелі тексерісін автоматты түрде жүзеге асырады.

Тіркелу барысында пайдаланушылық сертификат мәліметтері БСАЖ деректерімен салыстырылады. Пайдаланушыны тіркеу үлгісінің «Электрондық почта», «Пароль орнату», «Парольді растау» жолдары пайдаланушымен қолмен енгізіледі. Барлық деректерді толтырған соң «Деректерді растаймын» бастырмасын басу керек, веб- портал деректердің толтырылуын, келісімнің қолтаңбасын тексеріп, сәтті тексерістен кейін Сізді жаңа пайдаланушы ретінде тіркейді. Толтыру қателіктері болған жағдайда – веб-портал қателікті(терді) жою қажеттілігі туралы хабарламаны көрсетеді.

 

Бұдан әрі, пайдаланушыны авторизациялану  үшін «Авторланыңыз» сілтемесімен өтуі тиіс.


 

Ашылған нысанға тіркелген кезде көрсетілген парольді енгізіп, «Кіру» батырмасын басу керек.

  немесе 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталына кірген соң пайдаланушы кабинеті көрсетіледі.

Егер Сіз есеп жазбасын белсенді ету сілтемесі бойынша өтпесеңіз, онда сертификатты таңдап, парольді енгізген соң веб-портал пайдаланушы кабинетінде келесі хабарламаны бейнелейді:

 


 

Жұмысты жалғастыру үшін Сіз көрсеткен почтаға өтіңіз, оған есеп жазбасын белсенді ету үшін келесі хабарлама жеткізілуі тиіс. «Құрметті ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ! Сіз www.goszakup.gov.kz веб-порталында тіркелдіңіз. Сіздің есеп жазбаңызды белсенді  ету үшін келесі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз http://goszakup.gov.kz/ru/cabinet/confirm_email_byhash/004dcf78c35986311471494c09d74d66 егер Сіз сөз не туралы болып отырғанын түсінбесеңіз – бұл хабарламаны елемеңіз.» Есеп жазбасын белсенді ету үшін хатта көрсетілген сілтеме бойынша өту керек. Сілтеме бойынша өткен соң келесі хабарлама көрсетіледі.   

Поштаны растау туралы хабарлама бейнеленгеннен кейін пайдаланушыға тағайындалған өкілеттіктер бейнелетені кабинетке кіруді (төменде суретте) қайталаңыз.  

 Бейінді редакциялау

 

Пайдаланушы бейінін редакциялау Кабинет-Жеке деректер-Тіркелу деректері мәзірінде жүзеге асырылады:

п көркем бейнесін басқанда пайдаланушының ЖСН-і бойынша БСАЖ-ға сауал жолданады және пайдаланушының мәліметтері БСАЖ-дан өңделеді.

   көркем бейнесін басқанда пайдаланушы деректерін редакциялау парағы ашылады.

 


Нысан деректеріне енгізілген өзгерістерді сақтау үшін «Сақтау» бастырмасын басу керек. Деректерді сақтау барысында электрондық почта мекенжайын міндетті толтырылуы тексеріледі, сәтті тексерілген жағдайда, веб-портал пайдаланушы деректерін қарау нысанын бейнелейді. Көрсетілген электрондық почтаға хабарлама жіберу мүмкіндігін тексеру үшін «Электрондық почта мекенжайын растау» бастырмасын басыңыз. Бұл бастырманы басқан соң веб-портал сақталған электрондық почта мекенжайына автоматты іздестірілген сілтемесі бар хабарлама жібереді, ол бойынша өткенде көрсетілген мекенжайға хабарлама жіберу мүмкіндігі расталады, сонымен бірге электрондық почта мәртебесі «Расталған» болып өзгертіледі.

Пайдаланушы паролін редакциялау Кабинет-Жеке деректер-Тіркелу деректері – Парольді ауыстыру мәзіріндее жүргізіледі.

«Ағымдағы пароль» жолы ағымдағы парольді енгізуді талап етеді.

«Жаңа пароль» жолы пароль ұзындығы 8-ден 20 таңбаға дейін болатын жаңа пароль енгізуді талап етеді. Пароль кіші, бас әріптер мен цифрлардан құралуы тиіс. «Парольді растау» алабы парольді қате енгізу жағдайларын болдырмау үшін жаңа парольді қайталап енгізуді талап етеді.

Пайдаланушының төлқұжаттық деректерін редакциялау Кабинет-Жеке деректер- Төлқұжаттық деректер мәзірінде жүзеге асырылады.

«Қосу» бастырмасын басу арқылы пайдаланушының жаңа деректемелерін қосу нысанына өту жүргізіледі.

 

«Редакциялау» бастырмасын басу арқылы пайдаланушының таңдалған деректемелерін (тек қолмен енгізілген деректемелер үшін қолжетімді) өзгерту нысанына өту жүргізіледі.

 

«Жою» бастырмасын басу арқылы пайдаланушының таңдалған деректемесін (тек қолмен енгізілген деректемелер үшін қолжетімді) жоюды растау сұранымы жүргізіледі. Растағанда («Ия» бастырмасы) жою жүреді. Бас тартқанда («Жоқ» бастырмасы) төлқұжаттық деректерді қарау нысанына қайта оралу жүргізіледі.  

 


 

 

Пайдаланушының байланыс деректерін редакциялау Кабинет-Жеке деректер-Байланыс деректері мәзірінде жүргізіледі.  

«Қосу» бастырмасын басу арқылы байланыс деректерін қосу нысанына өту жүзеге асады.  

 

«Редакциялау» бастырмасын басу арқылы пайдаланушының таңдалған деректемесін (тек қолмен енгізілген деректемелер үшін қолжетімді) өзгерту нысанына өту жүргізіледі.  

«Жою» бастырмасын басу арқылы пайдаланушының таңдалған деректемесін (тек қолмен енгізілген деректемелер үшін қолжетімді) жоюды растау сұранымы жүргізіледі. Растағанда («Ия» бастырмасы) жою жүреді. Болдырмағанда («Жоқ» батырмасы) байланыс деректерін қарау нысанына қайту жүзеге асады.

 

  • No labels