Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді Өнім беруші  іс жүзінде сатып алу тәсілі «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ашық конкурс», «Аукцион» немесе «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» (өткізілмеген сатып алу тәсілі «Ашық конкурс» не «Аукцион») болатын,   «Қолданыста»  немесе «Қолтаңба қойылды» мәртебесі бар шарттарда орындайды. 

Шартты орындауды қамтамасыз етуді қоса тіркеу үшін Өнім берушіге шарт карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету» қосымша бетіне өту қажет. 

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеу нысаны жолақтары мен іс-қимылдарының сипаттамасы төмендегі кестеде берілген. 

Р/с №  

Жолақ атауы

Сипаттамасы

1

Тип

Қамтамасыз етуді қоса тіркегеннен кейін Жүйе автоматты түрде толтырады.  Электронды банктік кепілдікті (бұдан әрі – ЭБК) қоса тіркеген жағдайда, қамтамасыз ету типі «Банктік кепілдік» типіне сәйкес келетін болады. Кепілді ақша жарнасы (бұдан әрі – КАЖ) файлын қоса тіркеген жағдайда, қамтамасыз ету типі  «Кепілді ақша жарнасы» типіне сәйкес келетін болады.    

2

Кіші тип

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету 3 кіші типке бөлінеді: 

- шарттың жалпы сомасынан   3%-ға;

- шарт бойынша аванс сомасына;

- Заңның 26 бабына сәйкес сомаға.

3

Сипаттамасы

Осы жолақта шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеу жөнінде, шарт бойынша РҚ МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванстың болуы не жоқтығы туралы түсініктеме беріледі.   

4

ЭБК болуы

Егер осы кіші тип бойынша «Қолданыста» мәртебесінде ЭБК болса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.

5

Талап етіледі

Егер қамтамасыз етудің кіші типі осы шартқа қоса тіркеу үшін  міндетті болып табылса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.  

6

Қоса тіркелген

Егер қоса тіркелген қамтамасыз ету болса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.   

7

Іс-қимыл

«ЭБК-ның таңдау» батырмасын басқан кезде, Жүйе осы кіші тип бойынша «Қолданыста» мәртебесіндегі қолжетімді ЭБК-ні көрсетеді. «КАЖ-ды қоса тіркеу» батырмасын басқан кезде кепілді ақша жарнасы файлын қоса тіркеу үшін нысан көрсетіледі. 

8

Қоса тіркеуді аяқтау

Қамтамасыз етудің міндетті кіші типтері қоса тіркелмесе, батырма белсенді емес. Іс-қимылды орындағаннан кейін Жүйе қамтамасыз етуді алып тастауға және қоса тіркеуге тыйым салады.  Шарттың «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі болған жағдайда, Жүйе қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін шарттың мәртебесін   «Қолтаңба қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді. 

 

Назар аударыңыз! Банк шығарған электронды банктік кепілдіктіктің «Банк шығарды» мәртебесі бар. ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне ауысуы үшін шығарылған кепілдікті растау керек. 

ЭБК-ні қарап шығу үшін Өнім берушіге «Электронды банктік кепілдіктер» тарауында «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өту қажет. 

ЭБК тізімінде, талап етілген ЭБК бар жолақта «Қарап шығу» батырмасын басу керек. 


ЭБК-ні қарап шығу нысаны мынадай түрде болады:


 

Растағаннан кейін ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне өтеді және шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін қолжетімді. 

ЭБК-ні қоса тіркеу қамтамасыз етуді қоса тіркеу  нысанында белгілі бір тип бар жолақта «ЭБК-ны таңдау» батырмасының көмегімен орындалады, Жүйе  «Қолданыста» мәртебесінде осы шартқа/қосымша келісімге байланыстырылған, «Қолданыста» мәртебесінде осы кіші типпен қолжетімді ЭБК-ні көрсетеді.   

Ескертпе: қолданыстағы ЭБК («Қолданыста» мәртебесінде) болмаған кезде, «ЭБК-ні таңдау» батырмасы көрсетілмейді.   

«Кепілді ақша жарнасын қоса тіркеу» батырмасын басқан кезде файлды қоса тіркеу нысаны көрсетіледі. «Файлды табу» батырмасының көмегімен файлды таңдағаннан кейін «Файлды жүктеу» батырмасын басу талап етіледі. 

Қоса тіркелген қамтамасыз етулер «Қоса тіркелген құжаттар» кестесінде көрсетілген.

Назар аударыңыз! Жүйе бір шартта әр түрлі кіші типтер бойынша қамтамасыз етулердің түрлі типтерін құрамдастыруға мүмкіндік береді.  

Назар аударыңыз!  Жүйе қосымша келісімге қамтамасыз етуді қоса тіркеуге мүмкіндік беруі тиіс, бұл ретте ата-ана шартын қамтамасыз ету қосымша келісімді құрған кезде көшіріледі. 

Қоса тіркелген қамтамасыз етуді қажет болған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағанға дейін алып тастауға болады.  

Назар аударыңыз! Шарттың орындалуын қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін қамтамасыз етуді алып тастау және қоса тіркеу мүмкін емес. 

Қажетті ЭБК шартқа/қосымша келісімге қоса тіркелгеннен кейін Жүйе  «Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын белсенді етеді. Жүйе шарт бойынша («шарттың жалпы сомасынан  3%-ға» кіші типімен ЭБК үндемеуі бойынша міндетті болып табылады) ҚР МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванстың болуын не жоқтығын тексеруді  жүзеге асырады және талап етілген кіші типпен қамтамасыз ету болмаған жағдайда, «Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасы белсенді емес болады. 

«Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басқанда, Жүйе  растауды сұрайды. 

Жүйе  шарттың «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі болған жағдайда, қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау әрекетін орындауды растағаннан кейін  шарт мәртебесін «Қолтаңба қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді. 




  • No labels