«Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» тәсілімен

Мынадай мәртебелердегі шарттар үшін есепті қалыптастыру қол жетімді:

   • Қолданыста

   • Орындалды

   • Ішінара орындалды

   • Бір жақты тәртіппен бұзылды

   • Тараптардың келісімі бойынша бұзылды

   • Қосымша келісім құрылды

   • Тапсырылды. Орындалды

   • Тапсырылды. Қолданыста

   • Өзгертілді


Тапсырыс беруші «Жалпы» қойындысына шартқа өтеді


Егер есептің қоса тіркелген файлы жоқ болса, онда «Есепті қалыптастыру» деген батырма бейнеленеді


«Есепті қалыптастыру» деген батырманы басқан кезде бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есепті қалыптастыру нысаны бейнеленеді


«Өнім берушілердің КҰ сауал» деген бірінші бөлімде өнім берушілерден коммерциялық ұсыныстарға (ең аз дегенде 3 сауал)  сауал туралы ақпаратты толтыру қажет.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.


 

«Өнім берушіні таңдау» гиперсілтемесін басқан кезде субъектінің Ұлттық сәйкестендіргіші бойынша немесе Атауы бойынша өнім берушіні іздеуге арналған нысан бейнеленеді.

«Таңдау» батырмасын басқан кезде таңдалған өнім беруші Өнім беруші бөлімінде «Өнім берушілердің КҰ сауал» нысанында бейнеленеді.


Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелмеген болса, онда «Өнім берушіні қосу» батырмасын басып, оны қосуға болады.

Өнім берушіні қосу нысанында ақпаратты толтыру және енгізілген деректерді сақтау қажет:

  • Елі;
  • Субъектінің ұлттық сәйкестендіргіші;
  • Ұйым нысаны;
  • Атауы


«Жою» батырмасы қосылған сауалды жоюға мүмкіндік береді.

«КҰ сауалды қосу» жаңа сауалдар қосуға мүмкіндік береді.

Өнім берушілерден ең аз дегенде үш коммерциялық ұсыныс толтырылғаннан кейін келесі қадамқа өту үшін «Жалғастыру» батырмасын басу қажет.


«Өнім берушілердің КҰ бойынша жауаптары» деген екінші бөлімде тапсырыс берушінің сауалына ұсынылған өнім берушілердің жауаптары туралы ақпаратты толтыру қажет.


Жауапты ұсыну күнін көрсету, Қысқаша сипаттама және Тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің маңызды шарттары (баға, сапа, мерзімдер) деген алаптарды толтыру қажет.

«Жауапты алып тастау» батырмасы «Жауап күні», «Қысқаша сипаттама» және «Жеткізу шарттары» деген алаптарды редакциялауды белсенді етпейді, бұл ретте осы алаптарды толтырылғандар (егер оларда ақпарат бар болса) ретінде ескермейді.

Өнім берушілердің барлық жауаптары бойынша ақпарат толтырылғаннан кейін «Мәртебесі» деген бағандағы мән «жауап жоқ» дегеннен «жауап бар» дегенге өзгереді.



«Жалғастыру» батырмасын басқаннан кейін келесі «Өнім берушілерді шақыру» деген қадамға өтеміз


«Тәсілді қолдану негізі» деген алапты тапсырыс беруші толтырады – тәсілді қолдану негіздерінің анықтамалығынан (ашылма тізім) мәнді таңдап немесе өз мәтінін енгізе отырып.

«Өнім берушіні таңдау негіздемесі» және «Баға негіздемесі» деген алаптарды тапсырыс беруші толтырады.

«Жалғастыру» батырмасын басқан кезде алдын ала қарауға арналған есеп қалыптастырылады


4-қадам. «Есеп файлын қалыптастыру»


Егер Басшы рөлі бар пайдаланушы қол қоймастан есепті қалыптастырудан шыққан болса,  Жүйе оның ағымдағы қадамдағы әрекеттерін сақтайды. Осылайша ол шартқа қайта өткен кезде Есеп файлын қалыптастыру әрекеті бейнеленетін болады.


Осы қадамда пайдаланушы есепті енгізілген деректердің дұрыстығына тексере алады. Келесі қадамға өту үшін «Жалғастыру» деген батырманы басу қажет.

Осы сәтте есеппен жұмыс істеп жатқан пайдаланушының рөлі тексеріледі.

Назар аударыңыз! «Қол қою» деген батырма Басшы рөлі бар пайдаланушылар үшін «Жоба» мәртебесінде бейнеленеді.


Егер Басшы рөлі бар пайдаланушы 5-қадамда есепке қол қоймаған және шартқа қайта оралған болса, әрекеттерде «Бекіту» деген батырма бейнеленеді


«Бекіту» деген батырманы басқан кезде жүйе «Есепті бекіту»-ді 5-қадамға қайта жолдайды.

Ескерту: Егер Басшы рөлі бар пайдаланушы 5-қадамда есепке қол қоймаған және шартқа қайта оралған болса, онда шартпен жұмыс істеген кезде Басшы рөлі жоқ пайдаланушының әрекеттерінде мыналар бейнеленетін болады:


«Мұнда» гиперсілтемесін басқан кезде пайдаланушы «Есеп файлын қалыптастыру» деген 4-қадамға қайта жолданатын болады.

Егер пайдаланушы 5. «Есепті бекіту» деген қадамнан деректерді түзету үшін «Артқа қарай» өтетін болса, есептің қалыптастырылған PDF файлы жойылады.

«Қол қою» батырмасын басқан кезде пайдаланушы есепке ЭЦҚ қояды, осыдан кейін есеп редакциялау үшін қол жетімді болмайды. Мәртебесі «Бекітілді» дегенге өзгереді.


Ескерту: Есеппен «Басшы» рөлі жоқ пайдаланушы жұмыс істеген жағдайда, «Жалғастыру» деген батырманы басқан кезде «Есеп файлын қалыптастыру» деген 4-қадамда мынадай хабар бейнеленеді:


«Есепті қайтарып алу» деген батырманы басқан кезде есептің мәртебесі «Бекітілді» дегеннен «Жоба» дегенге өзгереді.

Назар аударыңыз! Есепті «Басшы» рөлі бар пайдаланушы қайтарып ала алады

Қайтарып алған кезде жүйе растауға сұрау салады:

Расталған жағдайда мынадай хабарлама бейнеленеді:

Есеп қайтарып алынғаннан кейін есепті редакциялауға жол беріледі. «Әрекеттер» деген бағанда есепті қалыптастыру қадамы бейнеленеді (қайтарып алғаннан кейін бұл бірінші қадам «Өнім берушілердің КҰ сауал»). Әрекетті басқан кезде жүйе есепті қалыптастырудың редакциялау мүмкіндігі бар нысанын бейнелейді.

«Алдыңғы нұсқаулар» деген батырманы басып, есептің қанша рет қайтарып алынғандығын, кім және қашан қайтарып алғандығын қарауға болады. Сондай-ақ файлдың атауын басып, бұрын қайтарып алынған есепті қарауға болады.



«Өтпей қалған сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілімен


«Өтпей қалған сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілі үшін есепті қалыптастыру мынадай 3 қадаммен өтеді:

  1. Өнім берушілерді шақыру.
  2. Есептің файлын қалыптастыру.
  3. Есепті бекіту.

Осы қадамдар «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» тәсілі үшін есепті қалыптастыруға ұқсас орындалады.

Тапсырыс беруші «Жалпы» қойындысына шартқа өтеді


Егер есептің қоса тіркелген файлы жоқ болса, онда «Есепті қалыптастыру» деген батырма бейнеленеді




  • No labels