Ерекшеліктер бойынша сомаларды қосу

ММ болып табылатын тапсырыс берушілер үшін ПДФ форматында шартты қалыптастыру алдында шарт нысаны бойынша қажетті ерекшеліктерді қосу және ерекшеліктер бойынша сомаларды толтыру міндетті болып табылады, олар бойынша бұдан әрі Қазынашылықтың аумақтық органында АҚМ тіркеуге арналған өтінімдер жіберіледі.

Ерекшеліктер бойынша шарт сомасын бөлу Қазынашылықтың аумақтық органында шартты тіркеу үшін қажет.

 


Соманы толтыру үшін ол бойынша сома толтырылатын түсірмелі тізімнен ерекшелікті таңдау, «ҚҚС-сыз ерекшелік сомасы» жолында ҚҚС-сыз соманың тиісті мәнін енгізу және «Сақтау»-ды басу қажет. Жүйе ерекшеліктер бойынша сомалардың кестесінде «Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында Өнім жеткізушінің ҚҚС төлеушісінің белгісін қоюды ескере отырып сақталған мәнді бейнелейді.

МАҢЫЗДЫ

Сомаларды толтырған кезде мынадай тексерістер жүзеге асырылады:

Барлық ерекшеліктер бойынша сомалар мәндерінің сомасы лот бойынша қорытынды сомаға (шарт нысанына) тең болуы тиіс.

Ерекшеліктер бойынша сомаларды дұрыс толтырмаған кезде жүйе қателік туралы ескерту шығаратын болады және шартты қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қаржыландыру көзі жолында «Демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаттарының есебінен» немесе «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» көрсетілген болса, «Бекітілген қаржылық жылға ерекшелік» бөлігі жоқ болады, «Қазынашылық» қойындысын толтыру талап етілмейді.

 

  • No labels