Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

1 Демпингке қарсы қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуге болады ма?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген жағдайда, демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.

Заңның 43-бабының 9-тармағына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізуге міндетті. Заңның 43-бабының 11-бабында өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) тапсырыс берушінiң банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

2) қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепiлдiгін таңдауға құқылы екендігі көзделген.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысқан кезде демпингтік бағаны ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингктің бағаның қамтамасыз етуін енгізеді.


2 Тұрғын емес мақсаттағы кеңсе үй-жайын, үйді, ғимаратты жалдау қызметтерін шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға болады ма?

Заңның 39-бабы 3-тармағының 53) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.

Осылайша тапсырыс берушілер Заңның 39-бабы 3-тармағының 53) тармақшасында көзделген тәртіппен тұрғын емес мақсаттағы үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды жалдау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті екендігін қосымша хабарлаймыз.

Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиіс.


3 Үй-жайларға, үйлерге, ғимараттарға, құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және оларды күзету қызметтерін шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға болады ма?

Заңның 39-бабы 3-тармағының 53) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.

Осылайша тапсырыс берушілер Заңның 39-бабы 3-тармағының 53) тармақшасында көзделген тәртіппен тұрғын емес мақсаттағы үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті екендігін қосымша хабарлаймыз.

Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиіс.


4 Техникаға кепілдік қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға болады ма?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері көзделген.

Осылайша Заңның 39-бабында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бір көзден алу тәсілімен, ал басқа жағдайларда – Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Осыған байланысты Заңның 39-бабында автокөлік құралдарына техникалық кызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу көзделмегендігін ескере отырып, осы сатып алуды Заңда белгіленген тәртіппен жүргізу қажет деп болжаймыз.

Өз кезегінде Заңның 21-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттамада Заңда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға:

тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:

негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу талаптарын белгілеуге тыйым салынатындығын атап өткен жөн.

Бұдан басқа Заңның 38-бабының 2-тармағына сәйкес орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді, оған мемлекеттік сатып алуды мынадай:

1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды


5 Қолда бар техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын өнім беруші ұсынатындығын көрсетіп сатып алуға болады ма?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу – осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.

Бұл ретте көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет болып табылады (Заңның 2-бабының 12-тармақшасы).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) - автокөлік құралдарын жарамды күйде ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды пайдалану және сақтау процесінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған операциялардың (техникалық әсер етудің) кешені болып табылады.

Осылайша техникалық қызмет көрсетумен автокөлік құралдарын жарамды күйде ұстауға бағытталған қызметті анықтауға болады.

Өз кезегінде мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді пайдалану мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының бірі болып табылатындығын атап өткен жөн.

Осыған байланысты автокөлікке техникалық қызмет көрсету соның ішінде тиісті бөлшектердің ауыстырылуын талап ететін өзара байланысы бар операциялар кешенін білдіретіндігін ескере отырып, қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын ұсына отырып автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі сатып алуды бір лотта жүргізген орынды деп есептейміз.


6 Мемлекеттік сатып алу туралы шарт қандай мерзім ішінде жасалуы тиіс?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 2-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:

1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсімі тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс (Заңның 43-бабының 3-тармағы).

Заңның 43-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Бұл ретте Заңның 43-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу мерзімі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жіберілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.


7 Құрылысқа арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт сомасын ұлттық валюта бағамының өзгеруі салдарынан өзгертуге болады ма?

Заңның 45-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі.

Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша, өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты өзгертетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Осылайша, егер заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе, айқындалған тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде өзгертуге жол беріледі.


8 Өнім беруші шарттық міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты қалайша бұзуға не тоқтата тұруға болады?

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын тоқтата тұру және өнім беруші тарапынан шарттан бір жақты бас тарту көзделмеген.

Сонымен бірге Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Азаматтық кодекстің 402-бабына сәйкес шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.

Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.

Баяндалғанның негізінде шартты өзгерту және бұзу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада және Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


9 Мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар қалай жасалады?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 14-тармағына сәйкес мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:

1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;

5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте 43-баптың 17-тармағына сәйкес 43-баптың 14-тармағында көзделген жағдайларда, қолданылу мерзiмі бiр қаржы жылынан асатын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана жасасуға жол берiледi.

Осылайша тапсырыс берушілер қолданылу мерзiмі бiр қаржы жылынан асатын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын сақтай отырып жасасуға құқылы.


10 Табиғи монополия субъектілерінен қызметтер сатып алу кезінде қандай шартты басшылыққа алу керек?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

Осылайша мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары жариялы шарттарға жататындарды қоспағанда, үлгілік шарттарға сәйкес жасалады. Осыған байланысты, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттар шеңберінде табиғи монополия субъектілерінің қызметтер көрсетуі көзделсе, онда осындай шарттарға Заңның 43-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің талабы қолданылмайды.


11 Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген жағдайда тапсырыс беруші өнім беруші жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты (шарттарды) бұзуға құқылы ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабы 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс.

Өз кезегінде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекіт.) 416-тармағының 1) тармақшасында шарт Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылғандығы анықталған жағдайда оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс.

Осы талап, солардың қорытындылары бойынша осы шарт жасалған мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты емес негіздер бойынша Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген өнім берушілерге қолданылмайды.

Осылайша, солардың қорытындылары бойынша осы шарт жасалған мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты емес негіздер бойынша Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген өнім берушілермен жасалған шарт бұзуға жатпайды.


11 Сатып алу тауар биржалары арқылы жүргізілген болса мемлекеттік сатып алу туралы шартты қағаз тасығышта жасасуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 42-бабына сәйкес тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.

Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төмен мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу, сондай-ақ тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құзыреті болып табылады.

Осыған байланысты тауар биржалары арқылы сатып алынған тауарларға қағаз тасығышта шарттар жасасу мәселесі бойынша көрсетілген мемлекеттік органға жүгіну қажет.

Сонымен бірге осы тәсіл бойынша сатып алуды есепке алу және мониторингтеу үшін сатып алушылардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауар биржалары арқылы жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы, соның ішінде жасалған шарттар туралы мәліметтерді толтыратындығын атап өтеміз.

12 Сатып алу тауар биржалары арқылы жүргізілген болса мемлекеттік сатып алу туралы шартты қағаз тасығышта жасасуға болады ма? «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды реттейді ме?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 1-бабына сәйкес Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және қосарлы мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнімдер), жұмыстар және көрсетілетін қызметтер қосылмайды.

Осылайша мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және қосарлы мақсаттағы (қолданудағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен реттелмейді.

13 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі банк кепілдігін ауыстыруға (бір банктен басқасына) болады ма?

Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 402-тармағына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) тапсырыс берушінiң банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

2) осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банк кепiлдiгін таңдауға құқылы. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады (Қағидаға 4-қосымшаның 75-тармағы, 9-қосымшаға 71-тармағы).

Қағидаға 22-қосымшаға (Банк кепілдігі) сәйкес банк кепілдігін ұсына отырып, банк Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалған Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кепілгер болып табылатындығын және Тапсырыс берушіге Шартта көрсетілген соманы төлеуге қайтарусыз міндеттеме алады.

Сондай-ақ Қағидаға 21-қосымшаға (Банк кепілдігі) сәйкес кепілдік міндеттеме қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет етеді.

Осылайша кепілдік міндеттеменің қол қойылған сәтінен бастап күшіне енетіндігін және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет ететіндігін ескере отырып, банк кепілдігін ауыстыруға жол берілмейді.

14 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның қай нормасының негізінде тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынады?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.

Осылайша тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу үшін мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасын қолдануға құқылы.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасында көрсетілмеген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға жол берілмейді.

Сонымен бірге Заңның 51-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.

Заңның 51-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін және оларды енгізу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Баяндалғанның негізінде, мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 51-бабында көзделген тәртіппен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын, тиісті Тізбеге енгізілген мүгедектер ұйымдарының арасынан ғана сатып алады.

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасында көзделген тәртіппен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тізбеге енгізілмеген мүгедектер ұйымдарынан сатып алуға құқылы.

15 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 51-бабының талаптарымен белгіленген өнім берушілер аясын шектемей, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру негіздері көзделген.

Мәселен, Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.

Осылайша тапсырыс беруші біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқылы.

Сонымен бірге Заңда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алу жүзеге асырылатын жағдайлар көзделген.

Мәселен, Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алуды Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жүзеге асырады.

Бұл ретте тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген.

Заңның 51-бабының 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар жіберіледі (Заңның 51-бабының 4-тармағы).

Осылайша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Заңның 51-бабының 2-тармағы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қайлысымен бекітілген тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында ғана, Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады. Бұл ретте Заңның 51-бабының талаптары Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы шеңберінде сатып алынатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылмайды.

16 Тапсырыс берушілер бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда орналастыруға міндетті ме?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 41-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.

Сонымен бірге Заңның 41-бабының 5-тармағына сәйкес, 41-баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Осылайша мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер Заңның 41-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты веб-порталда орналастыруға міндетті.

17 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарында тамақтандыру қызметтерін сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның қай нормасының негізінде жүзеге асырылады?

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-1-тармағында мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейтіндігі көзделген.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілген.

Осыған байланысты қойылған сұраққа толыққанды жауап алу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүгіну қажет.

18 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда ОТӨ қолдауға бағытталған нормалар бар ма?

2015 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет Басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның негізгі қағидаттарының бірі отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету болып табылады.

Заң Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған, соның шеңберінде шетелде өндірілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен бірдей жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысуға жол берілуін көздейтін ұлттық режим көзделетін, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) сәйкестікке келтірілгендігін атап өткен жөн.

Осыған байланысты «Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен күші жойылған деп танылды.

«Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1172 қаулысымен күші жойылған деп танылды.

Осылайша отандық тауар өндірушілерден, жұмыстарды орындаушылардан бекітілген тізбе бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу Заңда көзделмеген.

19 «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң 2015 жылда қалыптасқан құқықтық қарым-қатынастарға, бұрынғы заңнама бойынша жүргізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қолданылады ма?

2015 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет Басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Осы Заңды іске асыру үшін Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, оған сәйкес қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі. Келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші тиісті қаржы жылы басталғаннан он жұмыс күні ішінде енгізеді.

Өз кезегінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық акті, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қарым-қатынастарға қолданылмайтындығын атап өткен жөн.

Осылайша мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманың талаптары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттық міндеттемелерге қолданылмайды. Сонымен бірген Заңның 45-бабының 2-тармағына сәйкес өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Осыған байланысты тапсырыс беруші жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімдерін белгілеу бөлігінде тиісті өзгерістер енгізуге құқылы.

20 Конкурстық/аукцион дық құжаттамада өнім берушілерден авторизациялық хаттар ұсыну бөлігінде әлеуетті өнім берушілерге қатысты талаптар қоюға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 21-бабының 3-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада осы Заңда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға:

1) әлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге;

2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:

негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда; тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу талаптарын белгілеуге тыйым салынады.

Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаның 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндіруші зауыттан хаттардың, техникалық паспорттардың, өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сатып алынатын тауарлардың үлгілері болуы туралы талапқа жол берілмейді.

Сонымен бірге Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау мемлекеттiк органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi болып танылады. Осыған байланысты конкурстық құжаттамада өндіруші компаниядан авторизациялық хаттың бар болуы жөнінде, не серіктестіктің бар болуы туралы талап қою әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеліп соқтыратын шарт болып табылады деп есептейміз.

21 Қоғамдық көлікке арналған жол жүру билеттерін тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

«Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 11 желтоқсандағы №1222 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесі бекітілген.

Тізбенің 83-тармағында қалалық қатынаста жол жүру үшін жолаушылар ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттерін шығару көзделген.

Осылайша қалалық қатынаста жол жүру үшін жолаушылар ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттері Заңның 39-бабы 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сатып алынады.

Жол жүру билеттерін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» ШЖҚ РМК басқа өзге өнім берушілерден сатып алуға жол берілмейді.

22 Мерзімдік баспасөз басылымымен хабарландырулар жариялауға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 3-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жағдайларының толық тізбесі көзделген.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тізбеде мерзімдік баспасөз басылымдарымен хабарландырулар (мысалы: конкурс өткізу туралы, бос орындар туралы, конкурстардың қорытындылары туралы және т.б.) жариялау туралы шарттар жасасу көзделмеген.

Сонымен бірге Заңның 39-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алған жағдайда жүзеге асырылатындығын атап өтеміз.

Осылайша қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады.

23 Баспасөз басылымдарын таратушылармен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

Осылайша тапсырыс беруші мерзімдік баспасөз басылымдарын сатып алуды Заңның 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.

Сонымен бірге Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.

Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиіс.

24 Ұлттық құрама командаларына кіретін спортсмендер үшін спорттық мүкәммалды және спорт керек-жарақтарын сатып алуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 51) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

Сонымен бірге «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 1-бабының 35) тармақшасына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) – бұл халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Заңның 39-бабы 3-тармағының 51) тармақшасында көзделген мұқтаждықтар үшін спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алған жағдайда сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады.

25 Экспозиция өткізу (жаңа экспозияны құру), стационарлық және/немесе жылжымалы көрмелер өткізу жөніндегі тауарларды және көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 46) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу театр-ойын-сауық ұйымы, филармония, музей және мәдени-демалыс ұйымы, кинематография ұйымы мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымы, телерадио хабарларын тарату ұйымы сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 25-бабының 1-тармағына сәйкес музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.

Осылайша музейлердің музей заттары мен музей коллекцияларын көпшілікке көрсетуді жүзеге асыратындығын ескере отырып, Заңның 39-бабы 3-тармағының 46) тармақшасы шеңберінде осындай қызмет түрлеріне арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру мүмкін деп есептейміз.

26 Бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қайда танысуға болады?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.

Оларға қатысты бағаны мемлекеттік реттеу қолданылатын, реттелетін нарық субъектілерінің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тізбесін қалыптастыру және әзірлеу Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жатқызылған.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Заңның 39-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы шеңберінде оларға қатысты бағаны реттеу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Сізге реттелетін нарық субъектілерінің жоғарыда көрсетілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тізбесін қалыптастыруды және әзірлеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға жүгіну қажет.

27 Тапсырыс беруші сатып алу тәсілін, соның ішінде ерекше тәртіпті қолданып, өз еркімен таңдай алады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері көзделген.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Заңға сәйкес Тапсырыс беруші белгілейді.

Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін айқындауға құқылы. Осылайша Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес өз еркімен белгілейді. Өз кезегінде Заңның 50-бабында ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу көзделгендігін атап өткен жөн.

Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады.

Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен белгіленген.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдар құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелерін әзірлейді.

Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Осылайша Тапсырыс беруші олардың шеңберінде мемлекеттік сатып алу ерекше тәртіпті қолданып жүзеге асырылатын, мемлекеттік құпияны құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер тізбесін өз еркімен белгілейді.

28 Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік және (немесе) жартылай мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік орган тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді: дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

Мысал ретінде мыналар келтіріледі:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Мемлекеттік техникалық қызмет») («Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысы).

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 1-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 9-1 бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:

1) ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеуді;

2) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингін;

3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;

4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді;

5) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеуді;

6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;

7) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді;

8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендік атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингін;

9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Осылайша тапсырыс берушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өкілеттіктері Заңдармен және (немесе) Президенттік Жарлықтарымен белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуға құқылы.

29 Нотариустардан және/немесе адвокаттардан көрсетілетін қызметтер қалайша сатып алынады?

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес нотариустың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

«Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес адвокаттың, коммерциялық ұйымның байқау кеңесiнiң құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төрелікте төреші болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақылы лауазымда болуына тыйым салынады.

Заңның 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер қосылмайды.

Осылайша Заң нормалары кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан сатып алынатын қызметтерге (нотариустардың және адвокаттардың көрсететін қызметтері) қолданылмайды.

30 Құны төрт мың еселенген АЕК артық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37-бабының 1-тармағына сәйкес егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 37-бабының 4-тармағына сәйкес берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Осылайша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамамен реттелетін жағдайда, осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурс немесе аукцион тәсілімен жүзеге асырылады.

31 Аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны құруға немесе бар құрылымдық бөлімшеге функциялар жүктеуге міндетті ме?

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны белгілеу тәртібі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 7-бабында анықталған. Бұл ретте Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.

Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы..

Сонымен бірге Заңның 8 бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауралар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды.

Осылайша аудан әкімдігі бірыңғай ұйымдастырушыны құруға немесе бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын әкімдіктің жұмыс істеп жатқан бөліміне жүктеуге және солар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жүргізілетін бюджеттік бағдарламаларды және (немесе) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді анықтауға құқылы.

32 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда тауарларды жеткізудің қандай ең аз мерзімі белгіленген?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс.

Сонымен бірге Заңның 2-бабының 22) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт.

Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін не соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда заңнамаға сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Азаматтық кодекстің 386-бабының 1-бөлігіне сәйкес шарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

Баяндалғандарды ескере отырып, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған және ол заңды күшіне енген сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.

33 Қазақстанның бейрезиденттеріне ҚР мемлекеттік сатып алуына қатысуға болады ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер айқындалған, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, мұнда шетелдік заңды тұлғалар да (олардың филиалдары мен өкілдіктері) кәіпкерлік субъектілері болып танылады.

Осылайша Қазақстан Республикасының бейрезиденттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

34 Қазақстанның мемлекеттік сатып алуына қатысу үшін ҚР бейрезиденттері қандай құжаттар ұсынады?

Заңның 13-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері белгіленген.

Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін тапсырыс беруші Заңнамаға сәйкес белгілейді. Сонымен бірге Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.

Осылайша мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады және Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың таңдалған тәсіліне байланысты болады.

  • Нет меток