Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных


1 «Тіркеу» бөлімі

1.1 Тіркеу рәсімін өткенде «Растау» бастырмасын басқан кезде «Файлдарды жүктеу кезінде қателік» хабары бейнеленеді?

Жауап: Осы хабар бейнеленбеуі үшін мыналарды орындау қажет:

1) www.pki.gov.kz сайтынан ҰКО (RSA), ҰКО (GOST), НКО (RSA), НКО (GOST) негізгі сертификаттарын жүктеу және орнату;

2) www.goszakup.gov.kz сайтынан қол қою үшін бағдарламаны жүктеу және оны әкімшінің атынан іске қосу.

1.2 Тіркеу рәсімін өткенде «Қолтаңба дұрыс емес, Сіз тіркеу куәліктерін қолданудың дұрыс емес саясатымен сертификатты көрсеттіңіз» хабары бейнеленеді

Жауап: 1) қол қою үшін ЭЦҚ таңдаудың дұрыстығына көз жеткізіңіз (GOST - заңды тұлғалар үшін, RSA – жеке тұлғалар үшін (ЖТ)). Мүмкін Сіз деректерді AUTH RSA сертификатымен қол қоюға талпынған шығарсыз.

2) Шығарылған GOST сертификатындағы деректерге қол қою бөлігінде тіркеу куәліктерін қолдану саясаты жоқ. Осы жағдайда ҰКО-да (ХҚО-да) ЭЦҚ қайта шығару талап етіледі.


1.3 Егер ММ ұйымдарында ММ кодының болмауы себебі бойынша тіркеу рәсімінен өту мүмкін емес болған жағдайда пайдаланушының әрекеттері қандай?

Жауап: ММ кодтарының анықтамалығына Қазынашылық жүйесінен деректер автоматты жүктеледі. Пайдаланушы көрсеткен ММ коды болмаған жағдайда ММ қайта тіркеу үшін Қазынашылық органдарына өтініш жасау қажет

1.4 Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қоюды баптау жөніндегі ұсынымдар

Жауап:

1.  http://pki.gov.kz Ұлттық куәландырушы орталық сайтынан (бұдан әрі - ҰКО) NCALayer қол қою үшін бағдарламаны жүктеу және орнату қажет (NCALayer орнату үшін ҰКО сайтында NCALayer орнату бойынша пайдаланушы басшылығымен танысу қажет)

2. ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін «Мемлекеттік сатып алу модулі» модулін орнату бойынша әрекеттерді орындау қажет (NCALayer жаңарту нұсқасының сипаттамасы)


1.5 Мемлекеттік сатып алу веб-порталында файлды қоса жалғаған кезде «Қате» хабарламасы неге бейнеленеді?

Жауап:

1. №2 тармақта көрсетілген әрекеттерді орындауды тексеру қажет.

2. Сондай-ақ файлдың атауында латиницамен берілген әріптер ғана болатын етіп қоса жалғанатын файлды қайта атау ұсынылады (цифрларды және символарды көрсетуді алып тастау керек). 3. Файлдарды қоса жалғаған кезде вирусқа қарсы бағдарламаны ажырату қажет екеніне назар аударамыз.

3. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталында байланысу тайм-ауты 2 сағатты құрайтынына назар аудару қажет, тиісінше, егер авторланғаннан кейін тұрып қалу уақыты жоғарыда көрсеткен уақыттан асып кетсе – файлдарға қол қою/қоса жалғау кезінде «Қате» хабарламасы бейнеленуі мүмкін. Осы жағдайда авторланудан қайта өту ұсынылады.                                                

4.Егер жоғарыда атап өтілген ұсынымдар орындалып, бірақ проблема өзекті болып қалса, NCALayer бағдарламасын жоюды ұсынамыз: Менің компьютерім – С дискі - Programm files – NCALayer папкасын жою қажет; Іске қосу – Басқару үстелі, Бағдарламалар – NCALayer бағдарламасын жою; жұмыс үстелінен NCALayer бағдарламасының белгісін жою.

5. Содан кейін компьютерде орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer NCALayer бағдарламасын қайта жүктеу және орнату қажет.

6. Содан кейін тінтуірдің оң бастырмасымен пиктограммаға басу жолымен әкімшінің атынан оны іске қосу және мемлекеттік сатып алу веб-порталы сыртқы бетінің «Анықтама/Пайдаланушылар нұсқаулықтары/Тіркеу бойынша нұсқаулықтар/ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін «Мемлекеттік сатып алу модулі» модулін орнату» бөлімінде орналасқан нұсқаулыққа сәйкес «ҚР Мемлекеттік сатып алу модулін» баптау қажет.

1.6 Файлды қоса жалғаған кезде «Файлдың көлеміне арналған лимит асып кетті» хабарламасы неге бейнеленеді?

Жауап: Мемлекеттік сатып алу веб-порталында кез-келген қоса жалғанатын файл көлемі 20 Мб аспауы тиіс.

1.7 Егер кіру паролі жоғалса (ұмытылса) немесе оның қолданылу мерзімі бітсе мемлекеттік сатып алу веб-порталына қалай кіруге болады?

Жауап:  Парольді қалпына келтіру рәсімінен өту қажет. Ол үшін «Парольді ұмытып қалдыңыз ба?» сілтемесіне басу талап етіледі. Басқаннан кейін парольді қалпына келтіру үшін электрондық почтаға жіберілген сілтеме туралы хабар бейнеленеді. Пайдаланушының бейінінде Сіз бұдан бұрын көрсеткен электрондық жәшікке өтіңіз және алынған сілтеме бойынша өтіңіз. Сілтеме бойынша өткеннен кейін, Жүйе генерацияланған уақытша парольмен және парольді ауыстыру бойынша нұсқаулықпен тағы бір хат жіберілетін болады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталына кіру үшін Сізге берілген парольді пайдаланыңыз. Уақытша парольмен кіргеннен кейін, «Дербес деректер/Тіркеу деректері» бөлімінде («Парольді ауыстыру» бастырмасы) оны тұрақтыға ауыстыру қажет.

Пайдаланушының бейінінде Сіз порталда көрсеткен электрондық почталық мекенжайға қол жеткізу болмаса немесе ол жоғалса (ұмытылса), онда оны ауыстыру үшін Байланыс орталығының электрондық почтасына мынадай ақпаратты жіберіңіз:

1. Оның ЭЦҚ арқылы Порталға кіру жүргізілетін, пайдаланушының ЖСН және ТАӘ.

2. Сіз жұмыс істейтін Модульді көрсетіңіз.

3. Осы пайдаланушының сканерленген (түсті нұсқа) жеке куәлігін қоса жалғаңыз;

4. Орнату қажет электрондық почталық мекенжайды көрсетіңіз.

Тіркеу бойынша нұсқаулық «Анықтама – Пайдаланушылар нұсқаулықтары – Тіркеу бойынша пайдаланушы нұсқаулығы – «Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген пайдаланушыларды авторландыру» бөлімінде орналастырылған.


1.8 Ұйымда жаңа басшы тағайындалған, бірақ Қатысушының бейіні/Ұйымның қызметкерлері бөлімінде «Басшы» және «Ұйымның әкімшісі» рөлі жоқ. Не істеу керек?        

Жауап: «Дербес деректер/Тіркеу деректері» жеке кабинетінің бөлімдерінде БСАЖ-дан және сосын «Қатысушының бейіні/Тіркеу деректерінде» деректерді жаңартуды орындау қажет. Содан кейін жаңа басшыға тиісті рөлдер автоматты меншіктелетін болады.


1.9 Мемлекеттік сатып алу веб-порталына өткен кезде «Сіздің байланысыңыз қорғалмаған» хабарламасы бейнеленеді. Қалай кіру қажет?

Жауап: «Сіздің байланысыңыз қорғалмаған» хабарламасы, мемлекеттік сатып алу веб-порталының сайты HTTPS деректерін берудің қорғалған хаттамасын пайдаланатынына байланысты бейнеленеді. Осы хабарлама бейнеленбеуі үшін, pki.kz сайтының, браузердің бапталымдарында сенім білдірілген бөлімінде орнатылған түпкілікті сертификаттарды қосу қажет. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу үшін браузерді баптау бойынша барлық ақпаратты Порталдың «Анықтама/Пайдаланушылардың нұсқаулықтары/Тіркеу жөніндегі нұсқаулық» бөлімінен табуға болады.


1.10 ЭСК деген не?

Жауап: Экономика секторының коды. «Қатысушының бейіні» - «Атрибуттар» бөлімінде орнатылады. ЭСК тізімнен таңдаңыз (Экономика секторының коды БеК екінші цифрына сәйкес келеді).




2  «Тапсырыс беруші» бөлімі

2.1  Мысалы бір жолда жинақтағы (жүйелік блоктан және монитордан тұратын) ДК (дербес компьютерді) сатып алған жағдайда, қандай елді қою керек: жүйелік блок Қазақстан немесе Қытай, ал монитор басқа елден болуы мүмкін.

Жауап: Осындай жағдайларда Тапсырыс беруші тауарларды 2 лотқа бөлуі тиіс, өйткені бұл әртүрлі тауарлар. Сатып алудың өзі (хабарландыру) «Жұмыс станцияларын сатып алу» немесе «Компьютерлік техниканы сатып алу» және т.б. деп аталуы мүмкін.

2.2  Егер жоспар тармағына ББС бөлігінде түзету енгізу қажет және бұл ретте олардың сатып алуы ағымдағы уақытта Жарияланған мәртебесінде болса ММ әрекеттері қандай?

Жауап: Тапсырыс берушіге кіру және жылдық жоспар жобасын құру, онда осы жоспар тармағын табу қажет. Ол Жарияланған мәртебесінде болады. Жоспар тармағына қарама-қарсы әрекеттерде «ББС өзгеріс енгізу» әрекетін таңдау қажет, содан кейін пайдаланушыда ББС деректерімен жолдар ғана ашылады, олар редакциялануға жатады. Осы жолдарға түзету енгізгеннен кейін, «Сақтау» бастырмасына басу қажет және деректер өтінімде де, және жарияланған сатып алудың лотында да редакцияланатын болады. Осы әрекет сондай-ақ «Сатып алу өтті», «Сатып алу өтпеді», «Шарт жасалмады» мәртебелерімен жоспар тармақтарында қолжетімді.


2.3  Егер ММ ұйымына бір жоспар тармағында ерекшеліктер бойынша соманы бөлу қажет болса, осылай істеуге бола ма?

Жауап: Иә, ағымдағы уақытта бұл іске асырылған. Жоспар тармағын құрған кезде немесе оны редакциялаған кезде бірнеше алаптарды қосу мүмкіндігі бар, онда жоспар тармағының жалпы сомасын ерекшеліктерге бөлуге болады. Осы ақпарат бұдан әрі шартта бейнеленеді.


2.4  Бекітілген жылдық жоспарға өзгерістерді қалай енгізу керек?

Жауап: Бекітілген жылдық жоспарға өзгерістер енгізу үшін жылдық жоспар жобасын құру қажет. Бұл ретте осы жобаға бекітілген жылдық жоспардан жоспардың барлық тармақтары қосылатынын атап айтамыз.

Жоспар тармақтарына өзгерістер енгізу қажет, олар жылдық жоспар жобасында бейнеленеді. Ол үшін талап етілетін әрекетті таңдау қажет. Бұл ретте «Бекітілді» мәртебесінде жоспар тармағын жою техникалық түрде мүмкін емес.

ҚР МС туралы Заңына сәйкес - Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы екеніне назар аударамыз. Бірақ жүйе шектеусіз өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді, бірақ бұл ретте енгізілген өзгерістердің санын көрсетумен ескерту бейнеленетін болады.

2.5  Шартты келісуден бас тарту бойынша әрекет қай уақыттан бастап қолжетімді?

Жауап: «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесін қосқанда ММ үшін, «Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебесін қосқанда ММ болып табылмайтындар үшін, екі жағдайда да шарт күшіне енгенге дейін («Қолданыста» мәртебесі)

2.6 Қаржыландыру көзін – «Демеушілік көмек және т.б.» көрсеткен кезде ерекшелікті, бағдарламаны, кіші бағдарламаны толтыру керек пе?

Жауап: «Демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаттары есебінен», «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» мәндерін таңдаған кезде бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік алаптары толтырылмайды.

2.7 Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есепті қалай толтыру және қоса жалғау қажет?

Жауап: Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есепке қатысты осы есептің нысаны №64 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 17-қосымшасының құрамында бейнеленеді. Осы қосымшаны Тапсырыс беруші өздігінен онда бар ақпаратты есепке алып толтырады және ол «Жалпы» қойындысындағы шарт карточкасына қоса жалғанады.

Мысалы: Егер осы есеп Шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу бойынша қалыптастырылса, онда лот № немесе шақыру № жолдарында сатып алу рәсімі осы себеп бойынша жүргізілмеді ақпарат жоқ екенін жазбаша көрсету қажет. Егер ақпарат болса, онда оны толтырады.

2.8 Қосымша келісім жобасындағы «Шарт және келісу - Шарт» бөлімінде «Қазынашылықта тіркеумен» белгісін таңдау мүмкіндігі неге жоқ?       

Жауап: Егер Тапсырыс берушінің/өнім берушінің банк деректемелері және мекенжайы өзгермесе, онда жүйе «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін автоматты белгілейді, яғни осындай қосымша келісім Қазынашылық органдарында тіркеуге жатпайды. Сондай-ақ, бұзуға қосымша келісімді құрған кезде жүйе «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін автоматты белгілейтінін ескеру керек, оның нәтижесінде тапсырыс берушілерге Порталдан тыс Қазынашылық органдарында азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жабу қажет.

2.9 Тапсырыс беруші – ММ (мемлекеттік мекемеде) «Шарт және келісу - Шарт» қойындысындағы «Қолданыста» мәртебесімен шартта  «Келісуді кері қайтару» бастырмасы неге жоқ?

Жауап: Келісуді кері қайтару функционалы, егер шарт «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен құрылған жағдайда ғана қолжетімді, сондай-ақ мынаны тексеру қажет:                                                     

1. Шартта бекітілген электрондық актілердің болуы. Олар болған жағдайда, алдымен актілерді кері қайтаруды орындау, содан кейін шарт бойынша келісуді кері қайтару қажет.

2. Қазынашылық органдарында шартта көрсетілген қаржыландыру көзі тіркеуге жата ма. 3. Тапсырыс берушінің тарабынан бұдан бұрын келісуді кері қайтару орындалған және Өнім беруші тарабынан растау талап етілетін шығар. Осы ақпарат «Шарт және келісу/келісу» бөлімінде қарауға қолжетімді.

2.10 Жоспар тармағының қолжетімді әрекеттерінде «Қалпына келтіру» бастырмасы неге жоқ?      

Жауап: «Қалпына келтіру» әрекеті, жоспар тармағында «Негіз» алабы толтырылған, сондай-ақ «Жоба» мәртебесімен жылдық жоспар жоқ болған жағдайда, «Бекітілді» мәртебесімен жоспар тармақтарында ғана бейнеленеді.

2.11 «Шарт карточкасының/қосымша келісімнің «Төлем туралы ақпарат - Бөлу» қойындысында «Акті деректері бойынша нақты сомаларды бөлу» бастырмасына басқан кезде бекітілген электрондық актілердің сомалары неге бөлінбейді?    

Жауап: Осы жағдайда пайдаланушыға мынадай ақпаратты ескеру ұсынылады:

1. Сомалар Тапсырыс беруші «Авансты алып тастағандағы төлем сомасы» алабында көрсеткен сомалардың негізінде бөлінеді, тиісінше егер Тапсырыс беруші осы алапта 0 көрсетсе, онда сомалар бөлінбейді.

2. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бөлігінде өзгерістердің болуын тексеру қажет (ББС өзгерген кезде пайдаланушы жоспар тармағына өзгерістер енгізген кезде нақты төлемдерді ескеру – «Ерекшелікті қосу» бастырмасын басу және жүйеде ескі ерекшелік бойынша нақты төлем сомасы, ал жаңа ерекшелікте қалдық сомасы ескерілген болатындай етіп ерекшеліктер бойынша соманы бөлу қажет).

2.12  «Сақтау» бастырмасын басқан кезде қосымша келісім (Заңның 43-б. 18-т. сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемінен аспайтын көлемде конкурс немесе аукцион қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңге шартты ұзарту негізі бойынша құрылған) карточкасының «Жалпы» қойындысында «Шарттың қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан бұрын бола алмайды» қатесі неге бейнеленеді?

Жауап: Осы жағдайда тапсырыс берушіге қосымша келісім карточкасының «Жалпы» қойындысындағы «Шарттың қолданылу мерзімі» алабында ұзарту жүзеге асырылған келесі қаржы жылының күнін көрсету ұсынылады.

2.13 Шартта «Қазынашылықта тіркелусіз» белгісі таңдалған болатын, бірақ шарт жасасқаннан кейін оны Қазынашылықта тіркеу қажеттілігі пайда болды. Осы проблеманы қалау шешу керек?

Жауап: Мемлекеттік мекеме болып табылатын ұйымдар және «Қолданыста» мәртебесіндегі шарттар үшін, егер шарт «Қазынашылықта тіркелусіз» белгісімен көрсетілген болса, «Шарт және Келісу» қойындысында «Келісуді кері қайтару» әрекеті бейнеленеді. Тапсырыс беруші «Қолданыста» мәртебесінде шартты келісуді кері қайтару бойынша бастырманы басқан кезде жүйе келісуді кері қайтаруды растауға сұрау салады.  Егер тапсырыс беруші кері қайтаруды растау нысанында «Иә» таңдаса, онда жүйе өнім берушіге хабарлама жібереді және кері қайтаруды растауды келісуде шартты келісуді бекітеді. Өнім берушінің тарабынан растағаннан кейін, шарт мәртебесі «Шарт жобасы»-на ауыстырылады. Жасасудың үлгілік емес нысаны үшін тапсырыс беруші қоса жалғаған, шарт мәртебесімен файлды жою әрекеті қолжетімді. Қолданыстағы шартты кері қайтарғаннан кейін жүйе «Шарт жобасы» мәртебесімен шартты жоюды бұғаттайды.

2.14 Жоспар тармағындағы «Бірлік бағасы» алабында үтірден кейін қанша белгіні енгізу қолжетімді?           

Жауап: Мемлекеттік сатып алу веб-порталында кез келген соманы енгізген кезде үтірден кейін екі белгіден артық болмайтын белгіні енгізу қолжетімді.

2.15 Кейбір шарттарда, оларды қалыптастырған кезде, шарт мәтініне тармақты қосу мүмкіндігі бар, ал кейбірінде жоқ. Осы немен байланысты?

Жауап: Шарт мәтініне тармақты қосу бойынша функционал Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасасқан шарттарда ғана бар. Қалған жағдайларда тармақты қосу шарт жобасының үлгісін бекіту кезінде сатып алуды құру кезеңінде қолжетімді.

2.16  Өнім беруші Жосықсыз қатысушылардың тізілімінде (бұдан әрі - ЖҚТ) бар, бірақ шартты құрған кезде жүйеде ЖҚТ-мен байланысты ешбір шектеулер жоқ. Осы немесе байланысты?

Жауап:  2017 жылғы 27 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай шарттарда ЖҚТ-ға өнім берушілерді қосуға тексеріс жүргізу алынып тасталған:

- шартты құрған кезде

-шартқа қол қойған кезде

Осылайша, егер өнім беруші бұдан бұрын ЖҚТ-қосылса, шарт жасасқан кезде осы өнім берушімен жұмыс істеу бойынша шектеулер болмайды.


2.17 «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алу бойынша қорытындыларды қайта қарағаннан кейін шартты құру үшін, сатып алу қорытындыларын шағымдануға берілген 5 жұмыс күнін күту керек пе?

Жауап: Жоқ, сатып алу бойынша қорытындыларды қайта қарағаннан кейін, шартты сатып алуды аяқтағаннан кейін дереу құруға болады.

2.18 Егер шартта бірнеше нысандар болса, және нысандардың бірі бойынша ТЖҚЖ бойынша электрондық актілердің функционалдылығын алып тастау жүргізілсе, бұл ретте шартта төлемдерді енгізу функционалы бейнеленсе шатты қалай орындау қажет?

Жауап:  Жүйенің бекітілген функционалына сәйкес, егер шарттағы бірнеше нысандардан ТЖҚЖ бірі бойынша электрондық актілердің функционалдылығы алынып тасталса, онда шартта төлемдерді енгізу функционалы ғана бейнеленетін болады.



3 «Ұйымдастырушы» бөлімі

3.1 «БҰК» тәсілімен сатып алуда өндіруші зауыт, шығу елі және тауардың атауы не үшін көрсетіледі? Егер бар тауардың қоймадағы атауы бір, бірақ шығу елі әртүрлі болса – осы жағдайда қандай елді қою қажет? Егер тауардың жаңа топтамасы басқа елден келсе, шығудың мәлімделген елі бойынша келіспейтін тауарды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Бұл сатып алу ережесінің талабы. Ол мемлекеттік сатып алудың өмірлік тәжірибесінен шықты.

1) Кейбір өнім берушілер өз бағасын қойғанда Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарын оқымайды және, тиісінше, Тапсырыс берушінің міндетті талаптарын шартты жасау кезеңінде анықтайды. Бұл шартты жасаудан жалтаруға және кейіннен сатып алу рәсімдерінің созылуына әкеліп соғады. Модельді, өндіруші зауытты, шығу елін көрсету Өнім берушілерді Тапсырыс берушілердің барлық талаптары бойынша ақпаратты «өзі арқылы өткізуге», лайықты модельдерді анықтауға, және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар туралы бәрін білуге ынталандырады.

2) Бір өнім берушіге ғана «тауарды қайраған» жағдайда – осындай жағдайлар бірден анықталады.

3) Бұдан әрі тауардың белгісін, және тауар туралы өзге құраушыларды көрсету – техникалық ерекшеліктің талаптарына Өнім берушінің тауары толық сәйкес келген кезде – қабылдаудан негізсіз бас тартқан Тапсырыс берушінің лауазымдық тұлғаларына тиісті шаралар қабылдау үшін негіз болып табылады. Егер жеткізілетін өнім сапасы өзгермеген кезде – шығу елі өзгеретін болса, онда осындай жағдайды Тапсырыс беруші техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестік ретінде қабылдауы тиіс.

3.2 Сатып алуда Өтінімдерді қабылдауды бастаудың алдын ала мерзімі неге орнатылған, бірақ өтінімдерді қабылдау жүргізілмейді және сатып алу мәртебесі «Жарияланды» болып бейнеленеді?

Жауап:  Құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін, Жүйе өнім берушілерден сауалдардың болуын тексереді. Егер өнім берушілерден сауалдар болса, онда талқылауды аяқтау және өтінімдерді қабылдауды бастау үшін сатып алудың хатшысы алдымен өнім берушілердің сұрақтарына жауаптарды ұсынуы тиіс. Талқылау хаттамасын жариялағаннан кейін сатып алудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» болып ауыстырылады. Осыған байланысты, хабарландыруды жариялау кезінде ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді қабылдаудың алдын ала күні нақтыдан өзге болуы мүмкін.




4 «Өнім беруші» бөлімі

4.1 Өнім беруші шарт жасасудан бас тарта алма ма?

Жауап:  Өнім берушіге «Шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілімен шартта/қосымша келісімде ғана «Шарт жасасудан бас тарту» әрекеті қолжетімді.

4.2 «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алуда «Бағаны беру» бастырмасы Өнім берушіде жоқ болса не істеу керек?

Жауап:  Мынадай деректерді тексеру керек:

- Сатып алу тәсілін («Баға беру» бастырмасы Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда ғана бейнеленеді);

- Сатып алу мәртебесі (өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі басталды ма, яғни сатып алу мәртебесі «Жарияланды (баға ұсыныстарын қабылдау)» болуы тиіс);

- Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі белгісі (Егер сатып алуда осы белгі болса, онда бағаны беру Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің тізбесіне қосылған өнім берушілерге ғана қолжетімді);

- «Жұмыс кабинеті – Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінімнің құрылған жобасының болуы;

- Ұйымда және қызметкерде өнім беруші рөлінің болуы («Қатысушының бейіні/Тіркеу деректері», «Қатысушының бейіні/Ұйымның қызметкерлері»).

4.3 Өнім берушінің өкілі электрондық актіге қол қойғаннан кейін, акті «Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебесінде неге қалады?           

Жауап: Өнім берушінің өкілі электрондық актіге қол қойғаннан кейін, Бекітуші өнім беруші актіні бекітуі тиіс, содан кейін акті Тапсырыс берушіге қол қоюға өтеді. Егер өкіл және бекітуші бір тұлға болса, онда оны Өнім берушінің өкілі етіп қосу қажет емес. Оны Өнім берушінің бекітушісі етіп көрсету қажет, содан кейін акті Тапсырыс берушіге қол қоюға өтеді.

4.4 «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілмен сатып алуға өтінімдегі берілген баға туралы деректерді қайдан қарауға болады?

Жауап: Баға ұсынысына сәтті қол қойғаннан кейін, өтінім «Берілді» мәртебесімен «Жұмыс кабинеті/Менің өтінімдерім» бөлімінде бейнеленеді. Баға ұсынысын жібергеннен кейін, берілген баға қарау үшін қолжетімсіз.

4.5 ББС өзгертуге қосымша келісімде электрондық актіні құрған кезде «Ескі ерекшелік табылмады...» қатесі пайда болады. Осы қате неліктен пайда болады?

Жауап:  ББС өзгертуге қосымша келіміді құру үшін жоспар тармағына өзгерістерді енгізген кезде, негізгі шарттағы бекітілген электрондық актілердің болуын ескеру қажет. Егер негізгі шартта бекітілген электрондық актілер болса, онда ББС-ға өзгерістер енгізген кезде жоспар тармағында алдыңғы ерекшелікке бекітілген актілердің сомасын бөліп, ББС ауыстырмай, қосуды орындау талап етіледі. Қалған соманы жаңа ерекшелікте көрсету талаптетіледі.

4.6 Жергілікті Қамту (бұдан әрі - ЖҚ) есебін толтырғаннан кейін өнім беруші ЖҚ сомасын нөлдейді, неге?

Жауап: Шарт бойынша ЖҚ толтырған кезде барлық деректерді көрсету, содан кейін «Сақтау» тиісті бастырмасын (дөңгелек нұсқарлармен бастырма) басу жолымен автоматты қайта есептеуді орындау қажет. Содан кейін ЖҚ қол қою қажет.



5 «Жалпы мәселелер» бөлімі

5.1 Порталдың ескі нұсқасындағыдай электрондық почтаға сатып алу қорытындылары бойынша хабардар ету бапталатын бола ма?

Жауап: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде электрондық почтаға хабарлама жасауға болмайды. Бұл тәжірибеде, өз почталық мекенжайларын жасаған мемлекеттік сатып алу қатысушыларының барлық сыртқы ақысыз почталық қызметтеріне хабарламаларды жеткізуге кепілдік беру мүмкін емес екенімен байланысты. Көбінесе портал жіберетін хаттардың көлемі үлкен болғандықтан, жоғарыда көрсетілген шетелдік почталық серверлер Портал серверлерінің IP-мекенжайларынан бас тартады, бұғаттайды және SPAM-парақтарға енгізеді. Осыған байланысты Порталдың өзінде тұрған пайдаланушының жеке бөлмесіне ғана хабарламалар кепілдендірілген түрде жеткізіле алады.

Қазіргі уақытта Орталық ҚР ҚМ әдіснамашысымен бірге, орыс және мемлекеттік тілдерінде хабарламалар мәтіндерін пысықтауда. Алдағы уақытта барлық маңызды хабарламалар (алдын ала талқылау, ашу хаттамалары, рұқсат, алдын-ала рұқсат, қорытындылар хаттамалары, Тапсырыс берушінің Шарттарды жасауға жіберуі туралы 1 және 2 жеңімпаздарға хабарламасы) – электрондық почтаға осы сатып алудың барлық қатысушыларына жіберіледі және қайталанады. Сонымен қатар, пайдаланушылардың ұялы құрылғыларына СМС-хабарламаларды қаржыландыру мәселесі талқылануда.




  • Нет меток