Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

«Жылдық жоспарды импорттау» функционалы мемлекеттік сатып алу жоспарын алдын ала толтырылған шаблоннан импорттауға арналған. Осы функция жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталына ауыстыру процесін жылдамдату мақсатында іске асырылған.

Жылдық жоспарды импорттау арқылы орналастыру үшін, мемлекеттік сатып алу веб-порталдың  бас бетінде орналасқан жылдық жоспар шаблонын толтырыңыз (МС субъектілері үшін PlanImports бағдарламасы, ал МС субъектілері болып табылмайтындарға Excel-дегі шаблон).

Назар аударыңыз! Файлды жүктеу кезінде проблемалар туындамауы үшін шаблонды толтыру әдістемесіне сәйкес толтыруды ұсынамыз.  

Файлды жүктеу үшін дайындау

Назар аударыңыз! Жылдық жоспарды импорттау, МС субъектілері үшін .xml форматында және МС субъектілері болып табылмайтындар үшін .txt форматында  мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының электрондық шаблонына сәйкес толтырылған, файлдан ғана жүргізіледі.

Жылдық жоспардың шаблонын толтыру жөніндегі толыққанды ақпарат шаблонды жүктеуге арналған файлда орналасқан, толтыру туралы нұсқаулық/әдістемеде келтірілген.

Назар аударыңыз! Шаблонның құрылымын өзгертуге, бағандарды, ұяшықтарды қосуға, жоюға, біріктіруге болмайды. Шаблон құрылымының өзгеруі деректерді жүктеу кезінде қателер туындауына әкеліп соқтырады.

Ескерту. Жылдық жоспарды импорттау функционалында бірнеше ерекшеліктерді және жеткізу орындарын таңдау көзделмеген. Осы мәліметтерді толтыру үшін жоспар тармағын құру немесе редакциялау функционалын пайдалану қажет.

Файлды сақтау

Мемлекеттік сатып алу жоспарының файлын шаблон форматы бойынша толтыру жөніндегі әдістемеге сәйкес толтырғаннан кейін, оны МС субъектілері үшін .xml және МС субъектілері болып табылмайтындар үшін .txt форматта сақтау қажет.

 Жылдық жоспарды жүктеу

Жүктеу үшін файлды дайындағаннан кейін, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталына импорттау қажет.

Жылдық жоспар шаблонын жүктеу үшін Жұмыс кабинеті – Жылдық жоспарлар мәзіріне өтіңіз. Жылдық жоспарлар бетінде жылдық жоспар нөмірінің белсенді сілтемесін басыңыз немесе «Жоба» мәртебесі бар жылдық жоспардағы түсірмелі тізімнен «Жоспар тармақтарын қарау» әрекетін таңдаңыз.

Жоспар тармақтарының ашылған терезесінде «Шаблоннан импорттау» батырмасын басыңыз.

«Шаблоннан импорттау» батырмасы басылғанда, шаблондарды жүктеуге арналған бет ашылатын болады. «Файлды таңдаңыз» батырмасын басыңыз.

Пайда болған терезеде *.txt (Юникод мәтіні) форматындағы файлға жолды көрсетіңіз және «Ашу» батырмасын басыңыз.

Бұдан әрі «Шаблонды импорттау» батырмасын басыңыз.

Файлды мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктеуді аяқтағаннан кейін, жүктелген файлдар жолында жүктелген файлға сәйкес келетін жол пайда болады.

«Мәртебе» жолында  мемлекеттік сатып алу жоспарының жүктелген файлы қандай сатыда екендігі туралы ақпарат бейнеленеді.

Назар аударыңыз! Жүктелген файлдың деректерін өңдеу үдерісі файлдың кезек бойынша өңдеуге түсу шамасына қарай өтетін болады.

Жүктелген файлдар тізімінде файлдың мәртебесі «Сәтті импортталды» дегенге өзгертіліп,  жоспар тармақтары «Мемлекеттік сатып алу жоспары» бөлігіне түседі.

Шаблонды қате толтырылған жағдайда файлдың мәртебесі «Сіз толтырған шаблонда қате анықталды» дегенге өзгертіліп, есепті қарауға арналған сілтеме бейнеленеді. Есепті қарау үшін «Қарау» сілтемесін басыңыз.

Назар аударыңыз! Шаблонды толтыруда қателер бар болған кезде жоспардың тармақтары импортталмайды. Жылдық жоспар шаблонының барлық тармақтарында қателер болмаған кезде ғана импорттау мүмкін.

Қате туралы есепте қызыл түспен боялған ұяшықта қате бар. Қатенің мәтінін қарау үшін ұяшықты басыңыз.

Қателер анықталғанда, оларды жойып, файлды қайта жүктеңіз.

Назар аударыңыз! Жоспар тармақтарын шаблоннан ойдағыдай импорттаған кезде, олар  «Шимайжазба» мәртебесінде жылдық жоспарға автоматты түрде түседі. Қайта импорттау жағдайда, жоспар тармақтарының қайталануын болдырмау үшін, шаблонда бұдан бұрын импортталған тармақтардың болмауына көз жеткізіңіз. 

  • Нет меток