Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Жылдық жоспарды бекіту

Жылдық жоспарды бекіту үшін «Жылдық жоспарлар» нысанына өтіңіз.

«Жоба» мәртебесі бар және жоспардың тармақтары толтырылған жылдық жоспардағы  пиктограмманы басыңыз және «Бекіту» әрекетін таңдаңыз.

Назар аударыңыз! Жылдық жоспарды бекіту алдында енгізілген деректердің (жоспар тармақтарының саны, жалпы сомасы) дұрыстығына көз жеткізіңіз. Жылдық жоспарды бекіткеннен кейін жоспар тармақтарын жоюға тыйым салынады.

Бекітілгеннен кейін жылдық жоспардың мәртебесі «Жоба» дегеннен «Бекітілді» дегенге өзгереді, жоспар тармақтарының мәртебесі «Шимайжазба» дегеннен «Бекітілді» дегенге өзгеретін болады.

«Жылдық жоспарды бекіту мүмкін емес» хабарлама бейнеленген жағдайда «Жылдық жоспарды бекіту мүмкін емес» белсенді сілтемесіне басу қажет. Сілтемеге басқан кезде қатенің толыққанды мәтіні бейнеленеді.

Ескертпе. Алдын ала жылдық жоспарды/жоспарды бекіткен кезде, біреуден көп жоспар тармағы бар шарт бойынша жоспар тармағына өзгеріс енгізілген жағдайда, Жүйе шарт бойынша жоспардың барлық тармақтары жоспар тармағының бір түрі: «қаржы жылынан асатын сатып алу»  не «қаржы жылынан аспайтын сатып алу»  не «шартты үнемдеу есебінен сатып алу» болуын тексереді. Егер ФЛБ өтпесе, жүйе  әр түрлі жоспар тармағы бар шарт нөмірлерін көрсете отырып, қатені көрсетеді.

Назар аударыңыз!

  • Веб-порталдың жаңа платформасында жоспардың барлық тармақтарын орналастырғаннан кейін ғана жылдық жоспарды бекіту қажеттігін хабарлаймыз. Бекіту алдында деректердің толтырылу дұрыстығын тексеру қажет. МС туралы Заңның 5 бабының 4т. сәйкес Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды айына бір реттен артық емес енгізуге құқылы. Жылдық жоспардағы өзгерістердің саны жүйеде бекітіледі.
  • Жылдық жоспардағы «Жоспардың барлық тармақтарының бекітілген сомасын» есептеген кезде «Шартты үнемдеу есебінен» типті жоспар тармақтарының сомасы ескерілмейді.

 

 

  • Нет меток