Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу қажеттілігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

«Сатып алудан бас тарту» әрекеті бекітілген жылдық жоспар өзгертілген кезде құрылған, «Жоба» мәртебесі бар жылдық жоспардағы «Бекітілді», «Өтінім», «Өтінім қайтарылды», «Жарияланды», «Тоқтатыла тұрды», «Бас тартылды», «Сатып алу жүргізілді», «Сатып алу жүргізілмеді», «Шарт жасалмады», «Шарт орындалмады. Төлемдер жоқ» мәртебесіндегі жоспар тармақтары үшін қол жетімді.

Мемлекеттік сатып алудан бас тартуды жүргізу үшін «Жоба» мәртебесі бар жылдық жоспардың тармақтарын қарау нысанына өту қажет.                

Іс-әрекетті таңдағаннан кейін әрекетті растау бар терезе бейнеленеді, онда «Мен сатып алудан бас тартамын» деген жолда таңдау белгісін қою және «Сатып алудан бас тарту» батырмасын басу қажет.

Жоспар тармағына «Сатып алудан бас тарту» мәртебесі меншіктеледі. «Жоба» мәртебесіндегі жылдық жоспар жойылатын болған жағдайда, бас тартылған жоспар тармағы бастапқы мәртебеге оралады. Өзгерістерді бекіту үшін жылдық жоспарды бекіту қажет. Бас тарту үшін себеп қате таңдалған жағдайда, «Сатып алудан бас тарту» мәртебесіндегі жоспар тармағын жылдық жоспарды бекітуге дейін жоюға болады. 

  • Нет меток