Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Шартты орындау


 Орындалған жұмыстар (тауарларды қабылдау-жіберу, көрсетілген қызметтер) актісін толтыру және оған қол қою

 

Ескертпе: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес шарттың орындалуы туралы құжаттардың электрондық түрде рәсімделуі туралы міндетті талабы қарастырылған 26 тармақ қолданысқа 2017 жылғы 01 қаңтарында енеді. Өнім жеткізушімен актті 2017 жылғы  01 қаңтарына дейін тіркеуі міндетті емес болып табылады.

Шарт «Қолданыста» мәртебеге ауысқан кезде, Өнім жеткізушіге шарттың карточкасындағы «Төлем туралы ақпарат» қойындысында электрондық актіні толтыру және қол қою функционалы қол жетімді болады.

МАҢЫЗДЫ: Егер негізгі шартпен бірге қосымша келісім әрекет етсе, онда негізінен аналық шартта құрылған электрондық акттер, қосымша келісімде бейнеленеді. Жаңа акттерді шарттың соңғы нұсқасы ретінде қосымша келісімде құру қажет.

Актті тапсырыс берушіге жібергеннен кейін, акт редакциялауға және шарт бойынша мәліметтермен толықтыруға қол жетімді. Актті редакциялау үшін «Төлем туралы ақпарат» қойындысында акттер тізбесінен актті таңдау қажет.

Акттер тізбесі нысанында пайдаланушыға нөмірі және мәртебесі бойынша акттерді іздеу қол жетімді болады.

Қосымша бекітілген электрондық актілердің жалпы сомасы көрсетіледі. 

Актті тапсырыс берушімен сақтауы


Тапсырыс берушіге электрондық акт нысанында шарт бойынша мәліметтерді толтыру қажет. ББС бойынша ақпаратты қосу үшін акттегі шарт нысандары жолында  іс-әрекетін таңдау қажет.


Бірнеше ерекшеліктер болған кезде әрбір ерекшелік бойынша соманы және авансты алып тастағанда әрбір ерекшелік бойынша төлеуге берілетін соманы толтыру қажет

Мысалы: Өнім беруші 10000 сомаға арналған шарт бойынша актіде 5000 сомаға жұмыстарды орындады. Бұдан бұрын 3000 сомаға 30% аванс төленді. Толтырылу үшін төлеуге берілетін сома = 5000-3000=2000 (Сондай-ақ тапсырыс беруші авансқа тепе-тең төленген соманы көрсете алады = 5000 - 30%*5000=3500).

ММ болып табылмайтын ұйым үшін, Тапсырыс берушіге авансты алып тастағанда жеткізу орны бойынша төлеуге берілетін соманы толтыру қажет. 



МАҢЫЗДЫ: Тапсырыс беруші аванс төлемдерін алып тасағанда төлеуге берілетін соманы өздігінен енгізеді. Жалпы мәліметтерді толтыру үшін актінің нысанында «Мәліметтер» әрекетін таңдау қажет


Жалпы мәліметтерді толтыру нысанында міндетті тлтыру жолдарын толтырып, «Сақтау» батырмасын басу:

Жолақтың атауы

Сипаттамасы

1                     

Шарттың жалпы құны

Шарт деректерінен жүйе автоматты түрде толтырады

2                     

Шарт бойынша аванстық төлемдер сомасы

«Бұрын төленген аванс» мәзірінде тапсырыс беруші көрсеткен деректер негізінде жүйе автоматты түрде толтырады 

3                     

Шарттың әрекет ету күнінен бастап төлем сомасы

Бекітілген актілер және бұрын төленген аванс негізінде жүйе автоматты түрде толтырады. Бұрын актіленген сомалар мен бұрын төленген аванс сомасына тең. 

4                     

Бұрын актіленген сомалар

Бекітілген актілер  негізінде жүйе автоматты түрде толтырады Бекітілген актілер бойынша авансты шегеріп тастағандағы төленетін сомааларға тең сома 

5                     

Жеткізу мерзімдерін кешіктіргені немесе міндеттемелерді тиісінше  орындамағаны (ішінара орындамағаны) үшін тұрақсыздық сомасы (айыппұл, өсімпұл) 

Тапсырыс беруші қолмен толтырады

6                     

Мерзімі өткен күндер саны

Тапсырыс беруші қолмен толтырады

7                     

Өнім берушіге аударуға талап етілетін сома

«Авансты шегергенде төлеуге жататын сома» жолағының мәні негізінде жүйе автоматты түрде толтырады   


Қосымша құжаттарды тіркеу қажеттілігінде «Құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу» нысанында файлды таңдап,


Одан кейін «Құжатты жүктеу» басу қажет.


Электрондық актінің нысанында PDF шығыс нысанында қандай сипаттама бейнеленетінін таңдау мүмкіндігі бар:

Актке тапсырыс берушімен қол қоюы

Актті тапсырыс берушімен бекітілуі үшін тапсырыс берушінің өкілдерімен, соның ішінде бекітуші өкіілімен  қол қойылу қажет. Ол үшін «Өкілді қосу» ірекетін таңдау  қажет. Жүйе  Тапсырыс беруші қызметкерлерінің тегі, аты-жөні берілген тізімді бейнелейді.

Бекітушіні таңдау кезде «Тегі, аты-жөні» жолында басшы рөлді қызметкерлер ғана бейнеленеді.

МАҢЫЗДЫ: Келесі актті  бекіту үшін тапсырыс берушінің өкілдерін қосу барысында, актті бекітетін тапсырыс берушінің өкілін бірден көрсету міндетті әрекет. Бірден артық бекітетінді таңдауға болмайды.

«Тапсырыс берушінің өкілі» ретінде қосылған пайдаланушыға «Қол қою» іс-әрекеті қол жетімді. Актте шарт бойынша мәліметтерді толтырған, Тапсырыс берушінің өкілі актке қол қойғанынан кейін, Жүйе тапсырыс берушінің өкілдері ретінде көрсетілген, барлық қызметкерлеріне хабарлама жібереді және акттің мәртебесін «Тапсырыс берушімен қол қойылуда» дегенге ауыстырады.

Бекітуші өкілмен актке қол қойғаннан кейін ғана акттің мәртебесі «Бекітілді» дегенге өзгереді.

Актіге филиалдардың, өкілдіктердің, қосымша (үшінші) тараптардың қол қоюы


Актіге филиалдар, өкілдіктер, шарттың қосымша (үшінші) тараптары өкілдерінің қол қоюы қажет болғанда актінің «Тапсырыс берушіде келісуде» мәртебесінде топ өкілдерінің «Өнім беруші филиалының/құрылымдық бөлімшесінің/үшінші тарабының өкілі» деректерін қосу қажет:

  1. «Өкілді қосу» әрекетін таңдау
  2. Қосу нысанында «Өнім беруші филиалының/құрылымдық бөлімшесінің/үшінші тарабының өкілі» өкіл тобын таңдау
  3. Іздеу алаптарын толтыру: ұйымның БСН және өкілдің ЖСН және «Іздеуді» басу
  4. Іздеу нәтижелерінде «Таңдауды» қосу

Филиалдың/өкілдіктердің/үшінші тараптың көрсетілген әрекеттерінен кейін актіге қол қоятын өкілдер санына қосылатын болады.

Осы өкілге шарттың нөміріне және актіге сілтемемен актіге қол қоятын пайдаланушылар санына қосу туралы жеке кабинетке хабарлама жіберілетін болады.


Осы пайдаланушы үшін шарттағы ағымдағы актіде «Шарттар тізілімі» - «Шарттар» бөлімінде «Электрондық актілер» қойындысы қолжетімді болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Филиалдың өкілі/өкілдік/үшінші тарап үшін актіге қол қою «Тапсырыс берушіде қол қойылуда», «Тапсырыс берушіде келісуде» мәртебесінде қолжетімді. Филиал/өкілдік/үшінші тарап қол қойғаннан кейін акті мәртебесін ауыстырмайды. Барлық әрекеттер келісу журналында бекітіледі. 

Тапсырыс берушімен актті түзетуі

Қол қойылған актті түзету үшін «Түзету» іс-әрекетін таңдау қажет. Бүл іс-әрекет «Тапсырыс берушімен келісуде», «Тапсырыс берушімен қол қойылуда» мәртебелерінде қол жетімді. Акт бекітілгенінен кейін,акттің түзетілуі мүмкін. емес.

«Түзету» батырмасын басқанынан кейін акт өзгерістерді енгізу мүмкіндігімен «Тапсырыс берушімен келісуде» мәртебесіне өтіп, бұл кезде өкілдердің барлық қойған қолдары жойылады, өзгертілген актіні қайталап қол қою рәсімін жүргізуді талап етеді.

Тапсырыс берушімен актті қабылдаудан бас тарту

Актті қабылдаудан бас тартуды орындау үшін «Қабылдаудан бас тарту» іс-әрекетін таңдау қажет.

            «Қабылдаудан бас тарту» іс-әрекетін таңдағанда, «Бас тартудың себептері» жолын міндетті толтырумен жүйе тауарды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанын бейнелеп, «Сақтау батырмасын басу қажет.

Бекітуші болып табылмайтын, қарапайым өкілмен «Бас тарту» іс-әрекетін таңдау кезде, жүйе тауарды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында актті қабылдаудан бас тарту себебін сақтайды, бұл кезде акттің мәртебесі сол қалпында қалады.

ЕСКЕРТПЕ: Бұл кезде жүйе акттің мәртебесін өзгертпейді, тек актті қабылдауда бас тарту шешімін қабылдау үшін бекітуші өкілмен әрі қарай қарап шығуы үшін бас тарту себебін тіркейді. 

Бекітуші болып табылатын, өкілмен «Бас тарту» іс-әрекетін таңдау кезде,  тауарды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында акттің мәртебесін «Қабылдаудан бас тартылды» мдегенге өзгертіп, өнім жеткізушіге, актті қабылдаудан бас тартқан барлық өкілдердің тұтас себептері орналасқан, бас тарту себебі жазылған хабарлама жіберіледі.

ЕСКЕРТПЕ: Бекітуші тұлғамен актті қабылдаудан бас тарту әрекеті орындалған жағдайда ғана актті қабылдаудан бас тарту іске асырылады.

Тапсырыс берушімен актті PDF форматта сақтауы

«PDF сақтау» батырмасын басқанда, жүйеөнім жеткізуші актінің деректі пайдаланушымен сақтау мақсатында PDF форматта файлды құрастырады.

Құрылыс жұмыстары үшін актті тіркеу

Құрылыспен байланысты жұмыстар үшін өнім жеткізушіге актті тіркеу функционалы қол жетімді. Орындалған жұмыстар актісін өнім жеткізуші тіркегенінен кейін, шарт карточкасының «Төлем туралы ақпарат» қойындысында Тапсырыс берушіге акттерді бекіту немесе бекітуден бас тарту функционалы қол жетімді болады.

 


Тіркелген актті қарап шығу үшін, «Ашу» батырмасын басып, жүйемен қосымша ашылған терезенден қарау қажет.

Файлды қарап шығу және жүктеу үшін «Құжат» жолында құжаттың белсенді сілтемесін басу қажет.

Акттің бекітілуі «Бекіту» батырмасы көмегімен іске асырылады. Актті бекітуден бас тартуды іске асыры қажет болған жағдайда, «Бас тарту» батырмасын басу қажет.

Бұдан кейін, «Бекіту» батырмасын белсенді болады, жүйе қол қоюға арналған батырманы бейнелейді, бекітілген актке қол қою қажет.

 


Қол қойылғаннан кейін, акттің мәртебесі «Қолданыста» дегенге өзгереді.

Бекітуден бас тартуды іске асырған жағдайда, жүйе себептерін енгізуге арналған терезені бейнелейді, бас тарту себептерн жазып, «Бас тарту» батырмасын басу қажет.

Акттің мәртебесі «Бас тартылды» дегенге өзгереді, бас тартудың себебі «Мәртебе» жолында көрсетіледі.

Акт(тер) негізінде шарт бойынша нақты төлемдер «Шарт бойынша төлемдер» бөлігінде орындалады.

Қосымша төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

Электрондық актінің нысанында PDF шығу форматының бейнелену сипатын таңдау мүмкіндігі бар

«Акттер бойынша іздеу» нысаны


Құрылыс бойынша орындалған жұмыстар актісін кері қайтарып алу

Қажет болған жағдайда, құрылыс бойынша орындалған жұмыстардың актісін "Бекітілді" мәртебесінде кері қайтарып алуға болады. Ол үшін Тапсырыс беруші кері қайтарып алуға жататын актімен бір жолда "Кері қайтарып алу" әрекетін таңдау қажет:

Жүйе таңдалған әрекетті растауды сұрайды.

Қайтару расталғаннан кейін жүйе:

-    өнім берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді:

Құрметті {ТАӘ}! Тапсырыс беруші {ТАӘ} 190166/01/1 орындалған жұмыстар актісін бекітуді кері қайтарып алуға сұрау салды. Сізге актіні кері қайтарып алуға  сұрау салуды қабылдау қажет. Кері қайтарып алу расталғаннан кейін акт "Қабылдаудан бас тартылды" мәртебесіне өтеді.

-    актінің мәртебесін "Бекітілді. Кері қайтару келісілуде" деп өзгертеді.

Өнім беруші актіні кері қайтарып алуды растағаннан кейін, Жүйе актінің мәртебесін "Қабылдаудан бас тартылды" деп өзгертеді.

Бекітілген актіні кері қайтару

Қажет болғанда «Бекітілді» мәртебесіндегі актіні кері қайтаруға болады. Ол үшін Тапсырыс берушіге «Актіні кері қайтару» әрекетін таңдау қажет.

 

Жүйе таңдалған әрекетті растауға сұрау салады.

Кері қайтаруды растағаннан кейін жүйе өнім берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді, сондай-ақ келісу журналында актіні кері қайтаруға өнім берушіге сауалдың жіберілуін бекітеді.

Өнім беруші актінің кері қайтарылуын растағаннан кейін Жүйе мыналарды орындайды:

- актінің мәртебесін «Қабылдаудан бас тартылды»-ға ауыстырады және «Жоба» мәртебесінде актінің жаңа нұсқасын құрады (жеткізу орындары бойынша сол деректермен), бекітілген актілердің деректері бойынша нақты сомаларды бөледі

- Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді

 


- өнім берушінің кері қайтаруды растауын келісу журналында бекітеді


Шарт орындалған кезде авансты есепке алу

Шарт бойынша алдын ала төлем болған жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванстарды толтыру мүмкіндігі қолжетімді

ММ ұйымы үшін әрбір ерекшелік бойынша төленген аванстың мөлшерін толтыру қажет

ММ ұйымы үшін шарттағы ерекшеліксіз, сондай-ақ ММ болып табылмайтын ұйым үшін, нысан бойынша төленген аванстың сомасын толтыру қажет

Сақтағаннан кейін енгізілген мәндер шарттың орындалған сомасында есептеледі.

Ескерту: Аванс қамтылатын орындалған сома «Қазынашылық-клиент» АЖ-да тіркеуге арналған өтінімдерді жіберген кезде, сондай-ақ ҚҚС бойынша қойған/есептен алып тастаған кезде ҚҚС сомасын қайта есептеген кезде пайдаланылады. Құрылған өтінімдердің дұрыстығын (пайы бен аванс сомасы) Өтінімді жолдағаннан кейін Қазынашылықтың қосымша парақшасынан тексеруге болады.


МАҢЫЗДЫ: орындалған (нақты) сома аванс төлемдерінің сомасы және барлық бекітілген актілер бойынша төлеуге берілетін сома ретінде саналады (төлеуге берілетін соманы толтыруды 2.20.1.1 Тапсырыс берушінің актіні сақтауы бөлімінен қара.)

МАҢЫЗДЫ: егер орындалған сомада есепке алынған, аванс сомасы ғана толтырылса, бірақ бекітілген актілер жоқ болса, онда жүйе шартты орындауға/ішінара орындауға рұқсат бермейді

Сақтағаннан кейін, аванс сомасы редакциялау мүмкіндігінсіз жалпы мәліметтер нысанында және актінің PDF нұсқасында көрсетіледі.

 15.2. Акттер бойынша орындалуын үлестіру

Акттің бекітілуінен кейін, жүйе бекітілген акттің деректері негізінде шарт нысандары, жеткізу орындары және ерекшеліктері  бойынша нақты сомаларды автоматты түрде үлестіреді.

Сонымен қатар, сомалардың автоматты үлестірілуі жүргізілмеген, оның алдында бекітілген акттер үшін  «Акт деректері бойынша нақты сомаларды үлестіру» батырмасы қол жетімді болады.


Актінің деректері бойынша нақты сомаларды автоматты бөлгеннен кейін шарттың «Қолданыста» мәртебесінде оларды редакциялауға болады. Осы функция мемлекеттік мекеме болып табылатын ұйым үшін қолжетімді, мұнда электрондық актілердің функционалдылығы пайдаланылады (2017 жылдан бастап шарттар үшін, құрылыс жұмыстарынан басқа, ТЖҚБНА бойынша актілерді алып тастамай).

image2017-11-27_19-36-59.png


Ол үшін «Төлем туралы ақпарат - Бөлу» қойындысында белгілі ерекшелік бойынша «Нысан бойынша нақты сома» алабын толтыру қажет. Осы алапта сома автоматты бөлу нәтижелері бойынша алынған мәндерден, яғни актінің деректері бойынша нақты сомадан аса алмайды. Азайту жағына қарай редакциялауға болады.

Егер қандай да бір себептер бойынша пайдаланушы нақты сомаларды дұрыс емес өзгерсе, онда ол «Актінің деректері бойынша нақты сомаларды бөлу» әрекетін қайта орындай және қажетті түзетулерді орындай алады.


2016 жылғы шарттар және құрылыс жүмыстары үшін Жүйе акттердің электрондық көшірмелерін тіркеудің функционалдығын және нақты сомаларды қолмен үлестіру мен шартты орындау мүмкіндігін іске асыру үшін «Төлемдер» қойындысын бейнелейді.

15.3. Жергілікті құрамы туралы есеп

Шартты орындау бойынша соңғы актіні жіберудің алдында (барлық бекітілген акттердің және ағымдағы акттің сомасы шарттың сомасына тең) Өнім жеткізуші тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті мазмұны туралы есепті толтыру тиіс. Жергілікті мазмұны туралы есепке және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін, Тапсырыс беруші электрондық акттер тізбесі бар нысанда «Жергілікті мазмұны туралы есеп» әрекетін таңдау қажет.

15.4. Шарт бойынша төлемдерді қосу және нақты төлемді мәндер, ерекшеліктер мен жеткізу орындары бойынша бөлу

 

Актілердің функционалдығы жойылған немесе шарт құрылысқа арналған шаблонға сәйкес жасалған шарт бойынша төлемдерді қосу үшін «Тапсырыс беруші» рөлі бар пайдаланушы «Төлем туралы ақпарат» қосымша парағына өтуі қажет. «Төлемдер» блогында төлемді қосуға «Төлемді қосу» батырмасының көмегімен шарттың «Қолданылады» мәртебесі болғанда ғана жол беріледі.

Батырманы басқан кезде толтыру үшін мынадай жолақтар көрсетіледі:

-        Акт – бекітілген актілердің тізімінен таңдау (құрылысқа арналған шаблонға сәйкес шарттар үшін ғана);

-        Төлем күні – күнтізбеден таңдау;

-        Ерекшелік – қаржыландыруды жүзеге асыратын ерекшелікті таңдау (ММ болып табылатын ұйымдар үшін ғана);

-        Сомасы, теңге – қолмен енгізу.

Толтырғаннан кейін деректерді сақтау талап етіледі, төлемді қосу және бөлу нысанына қайтару «Жабу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.

Ескертпе:  Төлемдердің жалпы сомасы шарттың жалпы сомасынан аспауға тиіс. Шарттың жалпы сомасы мен енгізілген төлемдер сомасы туралы ақпарат нысанның жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Нақты сома төлемді бөлгеннен кейін көрсетіледі.

Ескертпе:  Төлем жойылған кезде төлемді мәндері, ерекшеліктері мен жеткізу орындары бойынша бөлу автоматты түрде жойылады.

Назар аударыңыз! Егер төлем жойылғаннан кейін қалған төлемдер сомасы шарттың орындалған мәндерінің сомасынан артық немесе тең болса, төлемді жоюға жол берілмейді.

Төлемдерді енгізгеннен кейін соманы шарттың мәндері бойынша, жеткізу орындары бойынша, сондай-ақ ерекшеліктер бойынша мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдар үшін бөлу қажет. Төлемді бөлу талап етілетін төлем қатарында «Бөлу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.

Батырманы басқан кезде төлем туралы ақпарат көрсетіледі, төлемді бөлу үшін «қалдық» бағанында «Бөлу»бастырмасына басу керек. Шарт бойынша мәндер тізімі бейнеленеді, олардың арасынан қажетті мәнді таңдау қажет.

Мәнді таңдағаннан кейін Жүйе осы мәнге сәйкес ерекшеліктері мен жеткізу орны бойынша төлем сомасын көрсету үшін жолақты көрсетеді.

 


Ескертпе: Жүйе төлем бойынша соманы толтыру кезінде жеткізу орны бойынша төлем санын автоматты түрде есептейді және керісінше.

Назар аударыңыз! «Жұмыс» немесе «қызмет» мәнінің түрі үшін әдеттегі қалпына сәйкес  жеткізу орны бойынша төлемді бөлу кезінде төлем саны 1-ге тең болады.

Ескертпе: Төлемді бөлу кезінде нақты сома төлемдер бойынша сомадан аспайды және шарт бойынша сатып алу мәнінің сомасынан аспайды.

Бөлуді сақтағаннан кейін, Жүйе «Қаз.мазмұны,%» жолағын қолжетімді етеді.

 

Толығымен немесе ішінара бөлінген төлемді өңдеуге болады. Ол үшін бөлінген төлем бар қатарда «Бөлу» батырмасын басу талап етіледі. Пайда болған нысанда «Бөлінген» жолағында «Нақты деректер» бастырмасын басу қажет.

Егер төлем толық бөлінген болса, бөлуді жоюға және жаңадан толтыруға болады.

Егер төлем ішінара бөлінсе, қалдықты бөлу мүмкіндігі бар.

МАҢЫЗДЫ! Қосымша келісім жасалған кезде Жүйе жалпы нақты төлемнің мәндер, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша бөлінген сомалардың бөлінуіне сәйкестігін тексереді, бөлу сәйкес келмеген жағдайда Жүйе қате туралы хабарлама береді.

МАҢЫЗДЫ! Егер қосымша келісім жасалса, онда негізгі шартта немесе алдыңғы қосымша келісімде төлемдерді және бөлуді толтыруға, өңдеуге болмайды. Қосымша келісімді жасар алдында негізгі шарттағы немесе алдыңғы қосымша келісімдегі барлық нақты төлемдерді толтыру және бөлу қажет.

Мән бойынша нақты сома мән бойынша шарт сомасына тең болғаннан кейін Жүйе мән бар қатарда «Орындау» бастырмасын көрсетеді.


15.5. Шарттың орындалуы

«Төлем туралы ақпарат» қойындысындағы «Төлемдер» бөлігінде төлемдерді қосу мен үлестіруден және шарт нысаны бойынша  барлық соманы толтырудан кейін  барлығын «Орындау» батырманы басу арқылы орындауға болады.

«Орындау» батырмасын басқанынан кейін, Жүйе әрекеттердің орындалуын растауды сұрастырады.

Шарттың нысанын орындауда тексеру жүргізіледі: шарт нысанының  нақты сомасы шарт нысанының сомасына тең болу тиіс. Соманы дұрыс енгізгенде Жүйе шарт нысанының мәртебесін «Орындалды» дегенге ауысады, жоспар тармағының мәртебесі «Орындалды» дегенге өзгереді, «Үлестіру» бөлігінде шарт нысанының жолын бұғаттайды.

Шарттың барлық нысандарын орындағанда жүйе автоматты түрде шарттың мәртебесін «Орындалды», ал шарт бойынша жоспар тармақатыр мәртебесін «Шарт орындалды» дегенге  өзгереді.

15.6. Жартылай орындалуы

Аз сомаға шартты төлеген кезде, шартты жабу қажет болған жағдайларда «Төлем туралы ақпарат» қойындысында – «Төлемдер» бөлігінде «Жартылай орындау» әрекеті қол жетімді болады. Бұл әрекет шарттың толық емес сомасына төлемдер бар болғанда қол жетімді.

«Жартылай орындау» әрекеттерін таңдау кезде жүйе әрекеттерді орындаудың расталуын сұрастырады.

Жартылай орындалуы расталғаннан кейін шарт «Жартылай орындалды» міртебеге ауысады, жоспар тармақтарының мәртебелері нақты сомалар бар болуына қарай ауысады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы амалдан кейін қалған сомаға акттерді қалыптастыру мүмкіндігі қол  жетімсіз болады. «Жартылай орындалды» - шарттың соңғы мәртебесі.

15.7. Шарттың орындалуын кері қайтару

Шарттың орындалуын кері қайтару қажеттілігі туындау жағдайда, «Орындауды кері қайтару» батырмасын басу қажет. Бұл батырма «Орындалды» мәртебелі шартта «Шарт және келісу» бөлігінде белсенді.

Шартты орындауды кері қайтару кезде жүйе автоматты түрде шарттың мәртебесін «Қолданыста» деп жаңартады, шарт бойынша жоспар тармақтары мәртебесін «Шарт қолданыста» дегенге ауыстырады.

Шартты орындауды кері қайтарудан кейін, оның алдында орындалған төлемдер жойылуға тиісті. 

15.8. Қайтарымды төлемді шегеру

Жүйе Қайтару=Иә белгісі бар төлемді шегеруге мүмкіндік береді.

Ол үшін соманың қалдығы және Қайтару = Жоқ белгісі бар басқа төлемнің болуы қажет. «Төлемнен шегеру» батырмасын басқан кезде Жүйе келесі нысанды көрсетеді:

Қалдықты төлемді таңдау мәзірін ашу үшін «Тарату» сілтемесін басу қажет.

Бұдан әрі бар төлемді таңдап, шегерім сомасын көрсету керек, содан кейін «Шегеру» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз: таңдау үшін тек бөлінбеген қалдығы бар төлемдер ғана қол жетімді. Қалдығы бар төлемдер болмаған жағдайда қажетті төлемді бөлуді жоюға болады. Ол үшін қажетті төлемі бар жолда «Тарату» батырмасын басу қажет.

Төлем туралы ақпарат ашылады, «Түсініктер» сілтемесін басу керек, содан кейін бөлуді жою функциясы қол жетімді болады. Жойылғаннан кейін бөлу сомасы қалдыққа өтеді.

Сомалар табысты шегерілген жағдайда, Жүйе қайтарымды төлемді шегеруді ескере отырып шегерім жүргізілген төлем сомасын, осы төлемнің қалдығын, сондай-ақ бөлу сомасын және қайтарымды төлемнің қалдығын қайта есептейді.

Назар аударыңыз: Жүйе әртүрлі төлемдерден бір қайтарымды төлемді шегеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте бір төлемнен шегеруді бір реттен артық жүргізуге болмайды. Қажет болған жағдайда бұрын шегерім жүргізілген төлемнен соманы тағы бір рет шегеру шегерімді қалпына келтіру (бұрын жүргізілген шегерімді жою) және толық сомамен қайта шегеруді жүргізу ұсынылады.

Шегерімді қалпына келтіру үшін қайтарымды төлемі бар жолда «Төлемді шегеру» батырмасын, содан кейін «Түсініктер» сілтемесін басу керек, содан кейін «Қалпына келтіру» функциясын қолдана отырып, бұрын жасалған шегерімді жоюға болатын нысан ашылады.


15.9 Жасалған шарттар шеңберінде төлемдер енгізу бойынша Тапсырыс берушінің мерзімдерді сақтауын тексеру

  • Порталда Тапсырыс берушінің әрбір жасалған шарт шеңберінде бекітілген Электрондық актілерге сәйкес төлемдерді енгізу бойынша мерзімінің сақталуына МС тәсілдерімен мынадай нақты тәсілдер бойынша «Қолданыста» мәртебесінде тексеру іске асырылды:
  • «Баға ұсыныстарын сұрау»;
  • «Ашық конкурс»;
  • «2022 бастап аукцион»;
  • «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу»;
  •  «Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс»;
  • «Біліктілікті алдын ала іріктеумен конкурс»;
  • «Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден»;
  • «Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі»;
  • «Тұрғын үй сатып алу»;
  • «Тікелей қорытынды арқылы бір көзден алу»;
  • «Электрондық дүкен»

Бұл тексеру 2022 қаржы жылынан бастап жасалған шарттарға қолданылады. 

Күн сайынғы негізде жүйе 00:00 уақыты келгенде электрондық актінің ағымдағы күні мен бекітілген күнін «Бекітілді» мәртебесімен салыстырады, егер осы күндер арасында күнтізбелік 31 күннен астам уақыт өтсе, онда Жүйе осы актінің сомасын есепке алады және бөлінген төлемдер негізінде есептелетін шарттың нақты сомасымен салыстырады:

Шарттың нақты сомасы 31 күнтізбелік күннен астам уақыт өткен бекітілген Электрондық актілердің сомасына тең немесе одан көп болуға тиіс.

 Егер шарттар орындалмаса Тапсырыс берушінің Жеке кабинетінде Тапсырыс беруші мерзімінде төлем жасамаған шарттар тізімі бар хабарлама көрсетіледі. Бұл хабарлама ақпараттық сипатта болады. 

Шарт нөмірі бар гиперсілтемені басқан кезде Жүйе пайдаланушыны шарт бетіне «Төлемдер» қойындысына қайта бағыттауы тиіс.

Жүйе мына шарттарды орындау кезінде шартты тізімнен алып тастауы керек (00:00 уақыты келгенде):

1) егер Тапсырыс беруші шарт бойынша төлем жасаған жағдайда, онда Жүйе осы Шартты тізімнен алып тастауға тиіс;

2) егер Шарттың мәртебесі мынаның біріне ауысқан жағдайда:

  • «Жасалған жоқ»;
  • «Біржақты тәртіпте тоқтатылды;
  • «Орындалды»;
  • «Тапсырылды. Біржақты тәртіппен бұзылды»;
  • «Тапсырылды. Жасалған жоқ»;
  • «Тапсырылды. Тараптардың келісімімен бұзылды»;
  • «Тапсырылды. Орындалды»;
  • «Шартты бұзуды күту»;
  • «Ішінара орындалды»;
  • «Тапсырылды. Қолданыста»;
  • «Тапсырылды. Ішінара орындалды»;
  • «Тараптардың келісімімен бұзылды»;

3) Егер акт мәртебесі «Қабылдаудан бас тартылды» болып өзгерген жағдайда;

4) Егер шарт берілсе және Тапсырыс берушінің төленбеген міндеттемелері бар болса, онда шарт Тапсырыс берушіда - қабылдаушы Тарапта көрсетіледі, Тапсырыс берушіде - беруші тарапта  шарт тізімнен алынып тасталады. 

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысқан кезде, онда Тапсырыс беруші жасалған шарттар шеңберінде төленбеген міндеттемелері бар ұйым болып табылады, Жүйе ақпараттық хабарламаны (сілтеме бойынша өнім берушінің нұсқаулығында толығырақ) көрсететін болады, ұқсас хабарлама өнім берушінің Шартты келісу кезеңінде «Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы» тәсілімен шарт жасасу кезінде көрсетілетін болады (толығырақ Өнім берушінің нұсқаулығында).

 

  • Нет меток