Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

 ҚР тіркелмеген резиденті болып табылмайтын өнім жеткізушіні қосқан кезде веб-порталы көмегімен шартты құру, сонымен бірге өнім беруші - резидент имеспен шетел валютасында шарт жасау

Назар аударыңыз!  Жүйе  тек өнім берушімен - резидент емеспен «Портал арқылы емес» нысаны типімен «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен ғана  шетел валютасында шарт жасасуға мүмкіндік береді. Шетел валютасында шарт жасасу сипаттамасы төменде нұсқаулықта берілген.

ҚР тіркелмеген резидент болып табылмайтын шартты құру кезде «Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында «Резидент болып табылмайды» белгісін көрсету қажет. Белгісін көрсеткенінен кейін «Резидент болып табылмайтынды қосу» батырмасы бейнеленеді.

«Резидент болып табылмайтынды қосу» батырмасын басқаннан кейін, өнім жеткізу туралы деректер толтыру нысаны бейнеленеді.

«Өнім жеткізушінің басшысы туралы деректер» бөлігін толтыру үшін батырмасын басу қажет. Ашылған нысанда толтырылуға міндетті жолдарды толтыру қажет.

Ескертпе: СТН, ЖСН жолдарын мәндетті толтыру қажет емес

«Өнім жеткізушінің орналасу мекенжайы» бөлігі толтырылуға міндетті болып табылады.

«Банкілік шот» деректерін толтырған кезде, толтыру нысаны ашылады.

Банкті таңдау үшін «Банк атауы» жолында  басу қажет. Ашылған нысанда банкті таңдау керек.

Егер жаңа банкті қосу қажет болса, «Жаңа банкті қосу» батырмасын басу қажет (2.2.1 Жаңа банкті қосу. Қараңыз).

Өнім жеткізуші туралы деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Бұдан кейін, шартпен жұмысты жалғастыру үшін «Кері қайту» батырманы басу керек.

Резидент болып табылмайтын өнім жеткізушіні қосқаннан кейін, қосымша есептік шоттарды қосуға мүмкіндік туындайды.

Ескертпе: Осындай шарттардың жасалу нысаны «Портал көмегінсіз» болады. Шартты жасау нысанын қарап шығу «Жалпы» бөлігінде бейнеленеді.

 

«Жалпы» және «Шарт нысандары» қойындыларын толтырғаннан кейін, «Шарт және келісу» қойындысында шарт көшірмесінің сканерлгенген файлын жүктеу қажет.

 

Шартқа «Қол қойылды» мәртебесі меншіктелетін болады. Бұл ретте шарттың қате қоса жалғанған файлын жоюға болады. «Қол қойылды» мәртебесінде «Шарт және келісу» - «Шарт» қойындысында «Шарт қолданыста» әрекетін таңдау қажет. Шарт осы әрекетті орындағаннан кейін «Қолданыста» мәртебесіне өтеді.

 Жаңа банкті қосу

Резидент болып табылмайтын өнім жеткізуші үшін банкті таңдау нысанда жаңа банкті қосу қажет болған жағдайда «Жаңа банкті қосу» батырмасын басу қажет.

 

Бұдан әрі банкті қосуды толтыру нысаны бейнеленеді, мұнда: банктің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы, банк коды, БИК, елі, қазақ және орыс тілдерінде толық мекенжайы, банк деректерін растауға қажет ақпарат және белгілер бар бөліктерді толтыру қажет.

Жаңа банктің деректерін толтырғаннан кейін, «Бекітілуге жіберу» батырмасын басу қажет.

Бекітілуге жібергеннен кейін деректердің әкімшіге сәтті жіберілгені туралы хабарлама бейнеленеді.

Әкімшіге өтінімді растауға немесе бас тартуы туралы хабарлама келеді.

Өтінімді растау немесе бас тартуға тиісті қосымша ақпаратты алу үшін, Сізге электрондық мемлекеттік сатып алу порталындағы техникалық қолдауға өтіну қажет.

Өтінімді растаудан кейін банкілік шотты толтыру кезде қосылған банкті таңдауға болады.

Шетел валютасында шарт жасасу

ҚР-да тіркелмеген өнім берушімен-резидент емеспен шартты құрған кезде «Тапсырыс беруші және өнім беруші» белгісін көрсету қажет. Белгіні көрсеткеннен кейін «Резидент еместі қосу» батырмасы көрсетіледі. 

 

«Резидент еместі қосу» батырмасын басқаннан кейін өнім беруші туралы деректерді толтыру нысаны көрсетіледі. 

 


 

«Өнім берушінің басшысы туралы деректер» тарауын толтыру үшін   басу қажет.  Ашылған нысанда  міндетті жолдарды толтыру қажет. 

 


Ескертпе: СТН, ЖСН жолдары – толтыру үшін міндетті емес. 

«Өнім берушінің  орналасқан мекенжайы» тарауы толтыру үшін міндетті. 

 

 

 

«Банктік шот» деректерін толтырған кезде толтыру нысаны ашылады. 

 

 

Банкті таңдау үшін «Банк атауы» жолында     басу қажет. Ашылған нысанда банкті таңдау қажет. 

Егер жаңа банкті қосу қажет болса, «Жаңа банкті қосу» батырмасын басу қажет (қар. Жаңа банкті қосу).

Өнім беруші туралы деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.  Бұдан әрі шартпен жұмысты жалғастыру үшін  «Артқа» батырмасын басу қажет. 

 

 Өнім берушіні-резидент еместі қосқаннан кейін қосымша есеп шоттарды қосуға мүмкіндік бар.  

«Өнім берушімен-резидент емеспен шетел валютасында шарт жасасу 

Назар аударыңыз! Жүйе өнім берушімен - резидент емеспен «Портал арқылы емес» нысаны типімен «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен ғана  шетел валютасында шарт жасасуға мүмкіндік береді .

«Жалпы» қосымша бетіне өнім берушіні-резидент еместі қосқаннан кейін, Жүйе шарт жасасу валютасын таңдауға, яғни шетел валютасында шарт жасасуға мүмкіндік береді.   Бұл үшін «Жалпы» қосымша бетіне өтіп,   «Шарт жасасу күні» жолында шарт жасасу күнін таңдау және «Сақтау» батырмасын басу қажет.   Бұдан соң «Валюта» жолында валютаны таңдау қажет. 

Бұдан әрі «Валютаны сақтау» батырмасын басу қажет. Валютаны сақтағаннан кейін Жүйе көрсетілген шарт жасасу күніндегі валюта бағамын көрсетеді. 

Ескертпе: «Портал арқылы емес» осы шарттарды жасасу нысаны.  Шарт жасасу нысанын қарап шығу «Жалпы» тарауында көрсетілген.  

 

 

 

Назар аударыңыз!  «KZT»  дегеннен өзгеше валютаны таңдаған жағдайда «Шарттың мәндері» қосымша бетінде «Жалпы» тарауында таңдаған валютада шарт бойынша соманы қолмен енгізу қажет.   Шарттар үшін «KZT» мәнінен өзгеше валюта таңдалған, «Резидент емес» белгісі бар өнім беруші көрсетіледі.

Бұдан әрі валютада шарттың енгізілген сомасын сақтау қажет. Жүйе  шарт бойынша мәнін қайта есептейді: теңгеде шарттың жалпы сомасы, бірлігі үшін баға) (теңгеде), Шетел валютасында бірлігі үшін баға. Тексеруді орындайды: шарттың мәні бойынша сома (теңгедегі) жоспарлы сомадан аспауы тиіс. 

Егер тексеру өтсе, онда Жүйе валютаның кодын, бірлігі үшін бағаны, валютада және теңгеде соманы, шарт жасасу күніндегі таңдалған валютада және теңгеде шарттың жалпы қорытынды сомасын сақтауы тиіс.

«Жалпы» және «Шарттың мәндері» тарауларын толтырғаннан кейін,  «Шарт және Келісу» қосымша бетінде шарт көшірмесінің сканирленген файлын қоса тіркеу қажет. 

Назар аударыңыз! Қоса тіркелетіндер көлемі 20 мб аспауы тиіс. 

 

Назар аударыңыз! Шартты жүктеу және қол қою "Жетекші" өкілеттілігі бар қызметкерге қолжетімді

Қолтаңба қойғаннан кейін шарттың мәртебесі «Қолданыста» деп өзгереді.  Тапсырыс беруші  ММ болып табылған және шарт Қазынашылықта тіркеуге жатқан жағдайда, шарттың мәртебесі «Тіркеуге жіберуге дайын» деп өзгереді.  

Назар аударыңыз!  Шарттың «Қолданыста» мәртебесімен, егер шарт «KZT» дегеннен өзгеше валютада жасалса, Жүйе валюталар бағамы бойынша өзгерісті жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл үшін жылдық жоспарға өтіп,  жылдық жоспардың жобасын құру қажет (Жылдық жоспарға және жоспар тармағына өзгерістер енгізу» тарауының сипаттамасын қараңыз). Жылдық жоспар жобасына өтіп, «Шарт қолданыста» мәртебесімен қажетті  жоспар тармағын таңдау. «Валюталар бағамы бойынша өзгерістер енгізу» батырмасын басу.  

Жүйе редакциялау үшін нысанды көрсетеді. Редакциялау үшін мынадай жолдар қолжетімді: 

-       Ерекшелік бойынша сома (ММС үшін);

-       Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома;

-       Үш жылдық кезеңнің екінші жылына болжамды сома, теңге; 

-       Үш жылдық кезеңнің  үшінші жылына болжамды сома, теңге; 

-       Бірлігі үшін баға, тенге – тауарлар/жұмыстар/қызметтер үшін көбейту/азайту қолжетімді;

-     Әрбір ерекшелік бойынша бірнеше ерекшелік пен соманы қосу қолжетімді.   

Өзгерістерді енгізгеннен кейін «Сақтау» батырмасын басу қаджет. Батырманы басқан кезде Жүйе мынадай тексерулерді жүзеге асырады: 

-  Ерекшеліктер бойынша сома жоспар тармағының бекітілген сомасына тең болуы тиіс; 

- Жылдар бойынша сома жоспар тармағының жалпы бекітілген сомасына тең болуы тиіс; 

- Бірінші жылға ерекшеліктер бойынша сома жоспар тармағының бірінші жылына бекітілген сомаға тең болуы тиіс; 

- 1 жылға бекітілген сома мен 2 және 3 жылға болжамды сома  қосқан кезде жоспар тармағының жалпы сомасына тең болуы тиіс; 

- Шарттар бойынша төлемдерді бөлу болған жағдайда, шарт бойынша жалпы жоспарлы сома төлемдер бойынша бөлінген сомадан аз болмауы тиіс.  

Егер тексеру өтсе, онда жүйе өзгертілген деректерімен жоспар  тармағының жаңа нұсқасын құрады. 

Жүйе жоспардың бастапқы тармағының «Шарт өзгертілді» мәртебесін  сақтайды және сақталған жоспар тармағына «Шимайжазба» мәртебесін береді. 

Бұдан әрі жылдық жоспарды бекіту қажет, жылдық жоспарды бекіткеннен кейін, Жүйе  «Бекітілді»  мәртебесімен жаңа жылдық жоспарды сақтайды, ал жоспардың бастапқы тармағының мәртебесін «Шарт өзгертілді» мәртебесімен қалдырады.  

Бұдан әрі қажетті шартқа (KZT-тен өзгеше валютада жасасылған) өту қажет. «Жалпы» қосымша бетінде «Валюталар бағамы бойынша өзгерістерді жаңарту» батырмасын басу керек. 

Ашылған нысанда валюталау күнін таңдап, «Сақтау» батырмасын басу керек. 

Батырманы басқан кезде, Жүйе, бөлінген төлемдер бар ма екенін тексереді. Жүйе шарт бойынша жалпы жоспарлы сома төлемдер бойынша бөлінген сомадан аз болмауы тиістігін тексеруі тиіс.  Егер тексеру  сәтті өтсе, Жүйе ерекшеліктер бойынша, жылдар бойынша (яғни,  жоспар тармағына өзгерістер енгізілген сомалар бойынша) валюталаудың таңдалған  күнінде сомаларды қайта есептеуді орындайды.  

 


  • Нет меток