Егер өтінімге тыйым салынған қамтамасыз ету болған жағдайда және мынадай себептер бойынша Жүйе жеңімпаздың өтінімін қамтамасыз етуді ұстап қалуға арналған өтінімді автоматты түрде жасайды:
1) ашық конкурс/БАІК/аукцион/БҰС жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймаса және осы себеп бойынша ЖҚТ-ға енгізілсе.
Жүйе «Жасалған жоқ» шартының мәртебесін өзгертеді. Жүйе автоматты түрде өтінімді қамтамасыз етуді (бұдан әрі - ШҚ) ұстап қалуға өтініш жасайды және «Шимайжоба» мәртебесінде сақтайды. Бұдан әрі Жүйе Тапсырыс беруші ШҚ-ны ұстап қалуға арналған өтінішке қол қойып, оны жібермейінше екінші үміткермен шарт жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте бұғатталған өтінімді қамтамасыз ету Тапсырыс беруші ӨҚ-ны ұстап қалуға арналған өтінішке қол қойғанға және жібергенге дейін өнім берушінің жеке шотында бұғатталған күйінде қалады. ШҚ ұстап қалуға арналған өтінішке қол қою және жіберу бизнес-процесі, оның ішінде ұсталған ШҚ қай сәтте және қайда немесе кімге жіберілетіні төменде келтірілген.
2) Тапсырыс беруші конкурс жеңімпазымен шарт жасасудың сипаттамасында келтірілген шарт мәртебесінде мынадай себеп бойынша шарт жасасудың күшін жояды: «МС туралы Заңның 43-бабы 19-тармағының 4-тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу».
Яғни «Қорытындыны жою» қойындысында негіздемені таңдап, себебін толтырып, «Жіберу» түймесін басу керек.
Жүйе шарт жасасудың күшін жою сипаттамасында келтірілген әрекеттерден басқа, ӨҚ-ны «Шимайжоба» мәртебесінде ұстап қалуға өтініш жасайды. Бұдан әрі Жүйе Тапсырыс беруші ӨҚ-ны ұстап қалуға арналған өтінішке қол қойып, оны жібермейінше екінші үміткермен шарт жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте бұғатталған өтінімді қамтамасыз ету Тапсырыс беруші ӨҚ-ны ұстап қалуға арналған өтінішке қол қойғанға және жібергенге дейін өнім берушінің жеке шотында бұғатталған күйінде тұрады. ӨҚ ұстап қалуға арналған өтінішке қол қою және жіберу бизнес-процесі,оның ішінде ұсталған ӨҚ қай сәтте және қайда немесе кімге жіберілгені төменде келтірілген.
3) Тапсырыс беруші конкурс жеңімпазымен шартты біржақты тәртіппен бұзады.
Яғни «Шартты біржақты бұзу» қойындысында (шартты біржақты тәртіппен бұзудың егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ шартты бұзудың қандай себептері мәртебесі сілтеме бойынша нақты түсіндірілген, мұнда тек өтініштің қандай себептермен жасалатыны және ӨҚ ұсталатыны сипатталады) төменде келтірілген негіздемені таңдап, өнім берушіге хабарламаның мәтінін толтырады және «Жіберу» түймесін басады.
Өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалу себептері:
3.1) МС туралы Заңның 43-б. 19-т. 4-т. көзделген шектеулерді бұзу;
3.2) МС туралы Заңның 12-б. 4-т. 3-т. көзделген шектеулерді бұзу;
3.3) Өнім берушінің шартты орындаудан бас тартуы бойынша;
3.4) Жұмысты орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыс шартын бұзу;
3.5) Заңды күшіне енген сот актісі бойынша (шартты тиісінше орындамағаны үшін)
3.6) МС туралы Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулерді бұзу
Жүйе өнім берушіге хабарлама жібереді және «Шимайжба» мәртебесінде өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалуға өтініш жасайды. ӨҚ сондай-ақ өнім берушінің жеке шотында бұғатталып тұрады.
ӨҚ ұстауға арналған өтінішке қол қою және жіберу бизнес-процесі, оның ішінде ӨҚ қандай сәтте ұсталады, ұсталған ӨҚ қайда немесе кімге жіберілетіні төменде келтірілген.
Назар аударыңыз! Егер Тапсырыс беруші шартты біржақты бұзу туралы хабарламаны кері қайтарып алса, Жүйе ӨҚ ұстап қалуға арналған өтініштің шимайжобасын жояды, егер өтінішке қол қойылса және ӨҚ ұстап қалуға жіберуге дайындалса, онда ӨҚ ұстап қалуға арналған мұндай өтініштер де жойылады.
Қол қою және жөнелту не жөнелтуді дайындау үшін өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалу «Жұмыс кабинеті - өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалуға арналған өтініштер» бөліміне өту қажет. Ашылған нысанда іздеу критерийлерін енгізу және өтінішті табу қажет.
Одан әрі «Іс-қимылдар» бағанында өңдеу белгішесін басу қажет.
Бұдан әрі мемлекеттік мекеменің Тапсырыс берушілері үшін өтініште төменде келтірілген нысанды толтыру қажет. Мынадай жолдар толтыру үшін міндетті болып табылады:
- Банк деректемелері;
- Заңды мекенжайы;
- Байланыс телефоны;
- Мемлекеттік кірістер органының атауы - ұсталған өтінімді қамтамасыз ету бойынша ақша қаражаты аударылатын органның атауын көрсету қажет;
- БСК.
Міндетті өрістерді толтырғаннан кейін «Сақтау» түймесін басу қажет.
Егер Тапсырыс беруші квазимемлекеттік сектор болып табылса, онда өтінішке төменде келтірілген нысанда қол қою қажет.
Өтінішке қол қою үшін «Қол қою» түймесін басу қажет. Жүйе ЭЦҚ таңдау үшін нысан көрсетеді. Өтінішке қол қойылғаннан кейін, Жүйе:
1) егер өтініш «Өнім беруші үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймаған және ЖҚТ-ға енгізілген» не «Жасалған жоқ» мәртебесімен шарт жасасудың күшін жою себебі бойынша толтырылса (мұндай жағдайларда өтінішке қол қойылмайынша және ол жіберілмейінше екінші үміткермен шарт жасау мүмкін болмайтынын атап өтемін) «ашық конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» атып алу тәсілдері үшін, өтініштің мәртебесін «Шимайжобадан» «Жіберілді» мәртебесіне өзгертеді. «Жіберілді» өтінішінің мәртебесімен «ЭҚО» АҚ толтырылған деректердің дұрыстығын қарайды, егер өтініш дұрыс толтырылса, онда ұстап қалуға өтініштің жіберілгенін растайды және осыдан кейін ғана Жүйе қамтамасыз етуді ұстап қалады және ӨҚ бойынша ақшаны мынадай шоттарға жібереді:
Егер Тапсырыс беруші - мемлекеттік мекеме болса, онда мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы өтінімді сәтті қарағаннан кейін өтінімді қамтамасыз ету бойынша өнім берушінің жеке шотынан ақша Сіз өтініште таңдаған мемлекеттік кіріс органының кірісіне жіберіледі..
Егер Тапсырыс беруші - квазимемлекеттік сектор болса, онда жеңімпаздың жеке шотынан ақша Тапсырыс берушінің (квазимемлекеттік сектордың) жеке шотына аударылатын болады.
2) егер өтініш «МС туралы Заңның 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу», «МС туралы Заңның 43-бабы 19-тармағы 4-тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу», «Өнім берушінің шартты орындаудан бас тартуы», «Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыстар шартын бұзу» себептері бойынша жасалса және толтырса, өтінім мәртебесін«Шимайжобадан» «Жөнелтуге дайын» мәртебесіне өзгертеді.
онда Тапсырыс беруші «Шартты біржақты бұзу» қойындысындағы «Бұзылды» түймесін басқаннан кейін және шарттың мәртебесі «Қол қойылды/Қолданыста» мәртебесінен «Біржақты тәртіппен бұзылды» мәртебесіне өткеннен кейін (егер шартты қазынашылықта тіркеумен бірге болса, онда шарт қазынашылықта табысты бұзылуы және мәртебесі нақты «Бір жақты тәртіппен бұзылды» деген мәртебеге көшуі тиіс) Жүйе өтініштің мәртебесін «Жіберуге дайын» мәртебесінен «Жіберілді» мәртебесіне өзгертеді. «Жіберілді» өтінішінің мәртебесімен «ЭҚО» АҚ толтырылған деректердің дұрыстығын қарайды, егер өтініш дұрыс толтырылса (қарау бір сағаттан түске дейін созылады), онда ұстап қалуға өтініштің жіберілгенін растайды және осыдан кейін тек Жүйе қамтамасыз етуді ұстап қалады және ӨҚ бойынша ақшаны мынадай шоттарға жібереді:
Егер Тапсырыс беруші - мемлекеттік мекеме болса, онда мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы өтінімді сәтті қарағаннан кейін өтінімді қамтамасыз ету бойынша ақша өнім берушінің жеке шотынан Сіз өтініште таңдаған мемлекеттік кіріс органының кірісіне жіберіледі..
Егер Тапсырыс беруші - квазимемлекеттік сектор болса, онда жеңімпаздың жеке шотынан ақша Тапсырыс берушінің (квазимемлекеттік сектордың) жеке шотына аударылатын болады.
Назар аударыңыз! Тапсырыс берушінің (квазимемлекеттік сектордың) дербес шотындағы өтінімді қамтамасыз ету бойынша ұсталған ақша «ЭҚО» АҚ-ны ӨҚ-ны ұстап қалуға арналған өтінішті сәтті қарағаннан кейін ғана пайдалануға қолжетімді болады.