Қағидалардың 512-тармағына сәйкес. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша және (немесе) осы Қағидалардың 512-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің сұратуы бойынша веб-портал арқылы ұсынылған коммерциялық ұсыныстардың негізінде Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және веб-портал арқылы онымен шарт жасайды.

Қағидалардың 512-тармағына сәйкес. Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 18), 32), 35), 36), 38) және 39) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін веб-портал арқылы кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салу жібереді.

Өнім берушінің жеке кабинетінде «Комм. ұсыныстар (Тапсырыс беруші)» бөлімінде Жүйе өнім берушінің сұрау салулары мен коммерциялық ұсыныстарының тізбесін көрсетеді.

«Сұрау салулар» қойындысында өнім берушіге жіберілген коммерциялық ұсыныстардың (бұдан әрі - КҰ) сұрау салулары көрсетіледі, әрбір сұрау салудың ішінде КҰ сұрау салуы жіберілетін өнім берушілердің жоспар тармақтарын (бұдан әрі - ЖТ) қосуға, барлық ЖТ бойынша шарт жобасын және КҰ қалыптастыруға, сұрау салуды PDF форматында көшіріп алуға, өнім берушілердің сауалға жауаптарын және жоспар тармақтары бойынша барлық КҰ қарауға болады.

«Коммерциялық ұсыныстар» қойындысында Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша және өнім берушінің бастамасы бойынша жауап ретінде барлық коммерциялық ұсыныстар көрсетіледі.


ЕСКЕРТПЕ:

«Бастамашы» бағанында Жүйе:

-        Тапсырыс беруші - егер коммерциялық ұсыныстарға сұрау салуды Тапсырыс беруші қалыптастырса

-        Өнім беруші - егер коммерциялық ұсыныс Өнім берушінің бастамасы бойынша қалыптастырылса


Коммерциялық ұсыныстарға сұрау салуды қалыптастыру

КҰ сұрау салуын жасау үшін «Сұрау салулар» қойындысынан «Сұрау салуды жасау» іс-қимылын таңдау қажет.


Бұдан әрі коммерциялық ұсыныстарды ұсыну мерзімін толтыру (кемінде 3 жұмыс күні) және сақтау үшін басу.

Жүйе «Шимайжоба» мәртебесінде КҰ сұрау салу жобасын қалыптастырады. Қарау және редакциялау үшін КҰ сұрау салулар тізбесінде сұрау салуды таңдау және одан әрі «Қарау» не КҰ сұрау салуын жасағаннан кейін бірден іс-қимылды жалғастыру қажет.

ЖТ қосу үшін «Жоспардың тармақтарын қосу» іс-қимылын таңдау қажет.

Іздеу нысанында ЖТ таңдап, «Қосу» түймесін басу.


Ескертпе: Жүйе Тапсырыс берушіге жоспардың тармағы бойынша «Шимайжоба» немесе «Жіберілді» мәртебесінде басқа сұрау салу болған кезде жоспардың тармағын сұрау салуға қосуға тыйым салады.

Таңдалған ЖТ «Жоспар тармақтары» қойындысында көрсетіледі, тапсырыс беруші ЖТ таңдауды растағанға дейін ЖТ жоя алады.

«ТЕ тіркеу» дегенді басқан кезде тапсырыс беруші әрбір ЖТ бойынша сипаттамалары мен сипаты бар ТЕ файлын бекітуі тиіс.

Сондай-ақ тапсырыс беруші «Шарт жобасы» қойындысына өтіп, «Шарт жобасын жасау/қарау» түймесін басуы 

және шарттың жобасын бекіту қажет.


Тапсырыс беруші КҰ сұрау салуына кемінде 3 өнім берушіні қосуы тиіс. Ол үшін «Өнім берушілер» қойындысына өтіп, кем дегенде 3 өнім берушіні қосу керек

Барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін КҰ сұрау салуына қол қою қажет.

Қол қойылғаннан кейін КҰ мәртебесі «Жолданды» деп өзгереді


Өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарын қарау

КҰ-ға сұрау салуды жібергеннен кейін өнім берушілер осы сұрау салуға жауап жібере алады - сұрау салу бойынша КҰ «Сұрау салу бойынша жауаптар» қойындысында көрсетіледі. «Қарау» дегенді басқанда Жүйе таңдалған өнім берушінің КҰ ашады.

Өнім берушінің КҰ қарау нысанында өнім берушінің КҰ басып шығару үшін «PDF жүктеу» және өнім берушінің ұсынылып отырған бағасы мен техникалық ерекшелігін қарау үшін «Қарау» іс-қимылы қолжетімді.

«ЖТ бойынша ұсыныстар» қойындысында осы сұрау салудың ЖТ бойынша БАРЛЫҚ коммерциялық ұсыныстар көрсетіледі.

Өнім беруші ұсынған бағаны және жүктеп алу үшін өнім берушінің сомасы және жүктеп алу үшін жалпы сомасы мен техникалық ерекшелігі қолжетімді.

Коммерциялық ұсынысты сұрату негізінде шарт жасасу

Өнім берушілердің жауаптарын БҰ сұрау салуына жібергеннен кейін Тапсырыс беруші өнім берушіні анықтайды және шарттың жобасын келісуге және қол қоюға жібереді.

Ескертпе: Жүйе Тапсырыс берушіге МС туралы Заңның 16-бабының 3-тармағы 5), 18), 32), 35), 36), 38) және 39) тармақшалары бойынша, сондай-ақ Өнім берушінің бастамасы бойынша 8), 9), 16), 28), 31) және 33) тармақшалары бойынша берілген КҰ негізінде жасауға мүмкіндік береді

Ол үшін сұрау салулар тізбесі бар нысанда «Шарт жасау» іс-қимылын таңдау қажет.

Одан әрі іздеу нысанында шарт жасау үшін ЖТ таңдау

МАҢЫЗДЫ! Егер тым болмаса бір өнім берушіден ұсыныстар жіберілмесе, жүйе шарт жобасын жасауға мүмкіндік бермейді

Бұдан әрі Жүйе өнім берушілердің ұсыныстарының ішінен таңдауға мүмкіндік береді

ЖТ бойынша ұсыныстарды таңдау және «Құру» түймесін басу


Жүйе орындайды:

- өнім берушінің КҰ негізінде шарт жобасын қалыптастырады

- шарттың мәнінде осы ЖТ бойынша КҰ-ға сілтемені көрсетеді

- бір бірредакциялау мүмкіндігінсіз осы ЖТ бойынша КҰ-дан ліктің бағасын көрсетеді

- редакциялау мүмкіндігінсіз осы ЖТ бойынша КҰ-дан техникалық ерекшелікті көрсетеді

ЕСКЕРТПЕ:

Шарт жобасын алып тастаған, өнім беруші шарт жасасудан бас тартқан не өнім беруші жасасудың күшін жойған кезде Тапсырыс беруші қолда бар осы не басқа да КҰ-ның негізінде шарт жобасын қайта қалыптастыра алады.












  • No labels