Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Назар салыңыз! Сіз шартқа қол қойған сәттен бастап шарттың қолданылу мерзімі (яғни шарттың күшіне енуі) ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін. Яғни Көрсетілетін қызметтерге  қолжетімділік шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою

Назар салыңыз! Көрсетілген қызметтердің актісіне  қол қою үшін Сізге актіні жіберген күннен бастап 5 жұмыс күнінде беріледі. Егер актіні жіберген күннен бастап көрсетілген актілерге 5 жұмыс күні ішінде қол қойылмаса актіге қол қойылмайды, Оператор веб-порталдағы мынадай функцияларға  қолжетімділікті жабады:

...

PDF форматында көрсетілетін қызметтердің актісін қарау үшін «pdf ретінде жүктеу» батырмасын басу арқылы көрсетілетін қызметтердің актісін жүктеу қажет.

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді растау

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді растау үшін Сіздің Мемлекеттік сатып алу веб-порталының электрондық әмияныңызда таңдап алынған тарифке сәйкес алу үшін қажетті сома болуы қажет.

Электрондық әмиянға ақша қаражатын аудару үшін Оператордың банктік шотына ақша қаражатын аудару қажет. Оператордың банктік деректемелері Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» бөлімінде келтірілген.

 Төлем оны жүзеге асырғаннан кейін келесі күні Мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде аударылады (соған байланысты, Бактер ақшаны сол күні аударуға кепілдік бермейді, банктер ақшаның аударылуын 3 жұмыс күніне дейін кешіктіруі мүмкін).

Банк банктік шотқа төлемді аударғаннан кейін Оператор веб-порталда электрондық әмиянда Сіздің аударған сомаңызды көрсетеді.

Image Added

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Назар салыңыз! Төлем тиісінше ресімделмеген жағдайда (ТТК, банктік деректемелері дұрыс көрсетілмеген), онда ақша қаражаты Сіздің электрондық әмияныңызға аударылатын болады. Мемлекеттік сатып алулардың операторы 5 жұмыс күні ішінде ақша қаражатын төлемде көрсетілген деректемелерге кері қайтарады, ал кері қайтармаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

Назар салыңыз!  Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Көрсетілген қызметтерге төлем жүргізу қажет.

Егер көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтердің төлемі жүргізілмесе, Оператор веб-порталдың мынадай функционалдығына  қолжетімділік жабады:

1. мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша;

2. бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру;

3. баға ұсынысын  беру; 

4. мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

 Көрсетілетін қызметтердің төлемі мерзімдері бұзылған жағдайда, жоғарыда келтірілген функцияларға  қолжетімділік көрсетілетін қызметтердің төлемінен кейін ғана ұсынылатын болады.

Сіздің электрондық әмияныңызға ақша қаражаты аударылғаннан кейін көрсетілетін қызметтердің төлемін растау қажет.  Ол үшін «Менің көрсетілетін қызметтерім» бөлімінде «Қолжетімді әрекеттер» бағанында «Актіні қарауды» таңдаңыз.

Image Added

Актінің ашылған нысанында «Көрсетілетін қызметтерге төлемді растау» батырмасын басыңыз.

Image Added

Түймені басқаннан кейін Жүйе таңдалған тарифке сәйкес электрондық әмиянда қажетті сома бар не жоғын тексереді. Егер тексеру сәтті болған жағдайда, Жүйе мынадай әрекеттерді орындайды:

-        қажетті соманы алады;

-        тарифтің мәртебесін «Төленді» деген мәртебеге өзгертеді;

-        тарифті белсенді етеді;

-       егер Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік актіге уақтылы қол қоймауы себебінен жабылған болса, онда қолжетімділік ашық болады.

 Назар салыңыз! Егеркөрсетілген қызмет үшін жүргізілген төлемі бар қолданыстағы шарт/тариф бар болса, онда басқа тарифке ауысу кезінде Сіз көрсетілетін қызметке қайта төлем жүргізуіңіз қажет, бұл ретте алдыңғы шарттың қолданысы аяқталады.

 Назар салыңыз! Егер қолданыстағы шарт бар болса, бірақ бұл ретте көрсетілетін қызметке төлем жүргізілмеген болса, онда Жүйе алдыңғы қолданыстағы шарт бойынша көрсетілген қызметтің төлемі жүргізілмейінше өзге тариф бойынша шарт жасасуға мүмкіндік бермейді.

 Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынылады.