Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 3 Следующий »

12.1 Көрсетілетін қызметтерге квазимемлекеттік секторының төлемдері

Көрсетілетін қызметтерге төлемдер 

Мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім беруші ақылы негізде көрсететін болады.

Әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) веб-порталдың мынадай фукнцияларын қамтитын болады:

- «ашық конкурс», «аукцион», «тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу», «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген сатып алу» тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымшалар;

-өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы келісім беру;

- «баға ұсыныстарына сұраныс» тәсілімен баға ұсынысын беру;

- Мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою (мемлекеттік сатып алулардың, оның ішінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алудың барлық тәсілдері бойынша).

Көрсетілетін қызметке қолжетімділікті алу үшін Өнім беруші жылына бір рет Көрсетілетін қызметке ақы төлеуі қажет. Жылына бір рет Көрсетілетін қызметке ақы төленбеген жағдайда, веб-портал Өнім берушіге жоғарыда келтірілген функионалдыққа қолжетімдігін автоматты түрде жабады.

 Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабының 3-тармағының 54-тармақшасына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және (немесе) ұйымдарымен мемлекеттік сатып алулар туралы шартты жасасуды жүзеге асырған жағдайда, Мемлекеттік сатып алулар веб-порталы осындай ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлемей шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты келісуге, оған қол қоюға мүмкіндік береді.  Бірақ егер  шартта жоспардың бірнеше тармағы болса және жоспардың бір тармағы бойынша шартты жасасу негіздемесі Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 54-тармақшасы болмаса, онда қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

 Назар салыңыз! Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдар «Ашық конкурс», «аукцион», «баға ұсыныстарын сұрату», «Мемлекеттік әлеуметтік сатып алу», «өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу», «Тұрғын үй сатып алу» тәсілдерімен сатып алуға қатысқан кезде, онда бұл жағдайларда Көрсетілетін қызметті төлеу талап етіледі.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет үшін бас ұйым не филиал ақы төлеуі мүмкін. Егер Көрсетілетін қызметке бас ұйым ақы төлеген болса, онда филиал Көрсетілетін қызметке  қолжетімділікті автоматты түрде ашады. Егер Көрсетілетін қызметті филиалдарының бірі ақы төлеген болса, онда бас ұйым мен барлық филиалдарға қолжетімділік ұсынылады. Бұл ретте егер бірнеше филиалдар немесе бас ұйым және филиал ақы төлеген болса,  онда ең жоғары төленген сома бойынша тариф қолданылады. Мысалы, бас ұйым 2525  теңге сома бойынша тариф төлеген, ал филиал 25250 теңге сома бойынша тарифті төлеген болса, онда Жүйе тариф бас ұйымға және барлық филиалдарға 25250 тариф сомасы қолданылады.

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін Өнім беруші (квазимемлекеттік секторға) Тапсырыс беруші ретінде «көрсетілетін қызметті» және ТКЖҚ«620920.000.000013 Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді»  «сатып алу мәні түрімен «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай операторымен шарт жасасуы қажет. «Тапсырыс беруші» рөліндегі жылдық жоспарды бекітудің функциональдығын сипаттау Тапсырыс берушінің нұсқаулығында келтірілген.

Жоспардың тармағы бекітілгеннен кейін одан әрі «Қатысушының бейіні» - «Электрондық  әмиян» мәзіріне көшу қажет. Көрсетілген қызметтер бойынша әрекеттер осы нұсқаулыққа сәйкес ғана жүргізілуі керек.


Ашылатын нысанда Жүйе Сіздің Көрсетілетін қызметтің жеке шотыңыз туралы ақпаратын көрсетеді.

Назар салыңыз! Егер электрондық әмиян құрылмаған жағдайда, Сіздің электрондық әмияныңызға оператордың банктік шотына аударылған ақша қаражатын аудару үшін электрондық әмиян жасау қажет. Электрондық әмиян жасау үшін «электрондық әмиян» бөлімінде «Құру» батырмасын басыңыз.

«Менің көрсетілетін қызметтерім» бөліміне көшіңіз.

Ашылатын нысанда оң жақта «Көрсетілетін қызметке ақы төлеу» батырмасын басыңыз.

Түймені басқаннан кейін Жүйе нысанды көрсетеді:

  1. Жоспардың тармағын таңдау үшін – «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен ТКЖҚ-мен «620920.000.000013 Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді»  ағымдағы жылға «Бекітілген» мәртебесімен жоспардың тармақтары көрсетіледі;
  2. Бекітілетін шартты таңдау үшін – «Басшы» рөлімен ұйымның қызметкері көрінеді;
  3. Тапсырыс берушінің негіздемесін толтыру үшін – «Тапсырыс берушінің негіздемесі» жолағы көрінеді;
  4. Банктік  деректемелерді және заңды мекенжайды толтыру үшін «Банктік деректемелер» және «Заңды мекенжай» жолағы толтырылады;
  5. Тиісті тарифті таңдау үшін. Тарифтер – Мемлекеттік сатып алу веб-порталының әлеуетті өнім берушілерінің пайдалануы бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған уәкілетті органның келісімі бойынша Оператордың белгілеген бағалары.
  6. Өтінімдер мен шарттардың тарифтік сеткасы және шекті сомасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» бөлімінде келтірілген https://www.goszakup.gov.kz/ru/.

Одан әрі жоспардың тармағын таңдау қажет.


Жоспардың тармағын таңдағаннан кейін «Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі негіздемесі», «Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі негіздемесі» міндетті жолақтарын толтырыңыз.

Одан әрі бекітілетін шартты таңдаңыз.

Бекітілетін шартты таңдағаннан кейін қатысу жоспарланып отырған өтінімдер мен шарттардың шекті сомаларына байланысты тарифті таңдаңыз. Өтінімдер мен шарттардың тарифтік сеткасы мен шекті сомасы мемлекеттік  сатып алулар веб-порталында «тТарифтер» бөлімінде келтірілген.

Ескертпе! Берілетін өтінімдер мен жасалатын шарттардың саны таңдап алынған тарифтің қолданылуы кезеңінде шексіз.

«Растау» батырмасын басыңыз.

Жүйе шартты, сондай-ақ PDF форматында шарттың қалыптасқан нұсқасын көрсетеді.

Шарт «Шарттың жобасы» мәртебесімен сақталады. Сондай-ақ Жүйе «Шимай қағаз» мәртебесімен тарифті автоматты түрде құрады.

 

Ескертпе! Көрсетілетін қызметтердің төлемі үшін электрондық әмиянда шарт жасаған кезде «Менің шарттарымен (Тапсырыс беруші)»  бөлімінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу (бұдан әрі – ШТЖЖБКА) тәсілімен Жүйе шартты автоматты түрде  жасайды.

Жасалған шарт жою және редакциялау үшін қолжетімді болмайды.  Шарттың өмірлік циклі, яғни шарттың мәртебесі электрондық әмияндағы шарттың жүргізілген әрекетіне байланысты өзгеретін болады.

 Электрондық әмиян бөлімінде «Шарттың жобасы» мәртебесімен шартты жою қолжетімді. Шартты жою кезінде Жүйе «Шимай қағаз» мәртебесі бар құрылған тарифті жояды, жасалған шартты  «Менің шарттарым» Тапсырыс беруші)» бөлімінде ШТЖЖБКА тәсілімен жою.

Назар салыңыз! Шартқа қол қою алдында шарттың ережелерімен мұқият танысыңыз.

Шартқа ЭЦҚ қол қою үшін шартты бекіту ретінде таңдап алынған қызметкер «Шартқа қол қою» батырмасын басу қажет.

Сіз шартқа сәтті қол қойғаннан кейін Шартқа мемлекеттік сатып алу операторы қол қояды.

Сіз және Оператор қол қойғаннан кейін,  Жүйе: 

-       «Шарт жобасы» бар шарттың мәртебесін «Қолданыста» мәртебесіне өзгертеді, яғни шарт күшіне енеді;

-        тариф мәртебесі «Төленген жоқ» мәртебесіне өзгереді;

-       Жүйе мынадай функцияларға  қолжетімділік ашады: мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру, баға ұсыныстарын беру, мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою;

-        «Тапсырыс берушіде келісілуде» мәртебесімен Мемлекеттік сатып алулар операторынан көрсетілген қызметтерге қол қойылған актіні жібіреді (көрсетілген қызметтердің актісі сондай-ақ «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөлімінде қарау үшін ғана көрінеді – төлем үшін ақпарат);

Назар салыңыз! Сіз шартқа қол қойған сәттен бастап шарттың қолданылу мерзімі (яғни шарттың күшіне енуі) ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін. Яғни Көрсетілетін қызметтерге  қолжетімділік шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою

Назар салыңыз! Көрсетілген қызметтердің актісіне  қол қою үшін Сізге актіні жіберген күннен бастап 5 жұмыс күнінде беріледі. Егер актіні жіберген күннен бастап көрсетілген актілерге 5 жұмыс күні ішінде қол қойылмаса актіге қол қойылмайды, Оператор веб-порталдағы мынадай функцияларға  қолжетімділікті жабады:

 

1. мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша;

2. бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру;

3. баға ұсынысын беру; 

4. мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

Назар салыңыз! Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою мерзімдері бұзылған жағдайда Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік  Көрсетілген қызметтерге ақы төлегеннен кейін ғана ұсынылатын болады.

Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін «Қолжетімді әрекеттер» бағанында «Менің көрсетілетін қызметтерім» бөлімінде «Актіні қарау» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда көрсетілген қызметтердің актісімен танысыңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін көрсетілген қызметтердің бекітілетін актін таңдап алу қажет. Бекітілетінін сақтау үшін «Бекітілетін актіні сақтау» батырмасын басу қажет.

Бекітілетінді сақтағаннан кейін көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою қажет. Актіге қол қою үшін «Актіні бекіту» батырмасын басу қажет.

Жүйе ЭЦҚ таңдау үшін модальдық терезені көрсетеді. ЭЦҚ-ға жолды таңдаңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойыңыз.

Актіге қол қойғаннан кейін Жүйе актінің мәртебесін «Бекітуге» өзгертеді және қарау нысанында «Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді растау» батырмасын көрсетеді.

PDF форматында көрсетілетін қызметтердің актісін қарау үшін «pdf ретінде жүктеу» батырмасын басу арқылы көрсетілетін қызметтердің актісін жүктеу қажет.



  • Нет меток