Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 4 Следующий »

Шартты Қазынашылықта тіркеу

 «Қазынашылықта тіркелген/Қазынашылықта тіркелмеген» белгісі

Мемлекеттік мекемелер үшін шарт Қазынашылық органдарда міндетті тіркеуді немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нормаларға сәйкес тіркелмеуді қарастырады.

Порталдағы шарттарда шарттың Қазынашылықта тіркелетін немесе тіркелмейтін мүмкіндігі қарастырылған, ол үшін «Шарт және келісу» қойындысындағы түсірмелі мәзірден төмендегі бір мәнді таңдау қажет:

-        Қазынашылықта тіркеумен;

-        Қазынашылықта тіркеусіз.

 «Қазынашылықта тіркеумен» белгісі таңдалған жағдайда (негізгі шартта 2.2, 2.5, 8.1 тармақтары, қосымша келісімде 1.2 және 1.4 тармақтар), жеке алғанда мәтін келесідей түрде бейнеленеді:

- 2.2 тармақта тауарлар/қызметтер үшін

- 3.2 тармақта жұмыстар үшін

«Шарт Қазынашылықтың аумақтық органында <____> жылға <Бағдарлама коды және атауы> бюджеттік бағдарлама бойынша, <Кіші бағдарлама коды және атауы> кіші бағдарламада, <Ерекшелік коды және атауы>- <ерекшелігі бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазбаша>) тенгемен,  <соның ішінде ҚҚС> /<ҚҚС ескерілмей>» тіркелуге тиісті

 

Ескертпе: ерекшелік бойынша ҚҚС сомасы бейнеленбейді, өтйкені ҚҚС соманың есептелуі шарттың жалпы сомасынан жүргізіліп, бөлікте бейнеленеді

Ескертпе: «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі таңдалған жағдайда, шартта Қазынашылыққа қатысты  мәтін алынады, «Қазынашылық» қойындысы жасырылып, жеке алғанда мәтін келесі түрде бейнеленеді:

- 2.2 тармақта тауарлар/қызметтер үшін

- 3.2 тармақта жұмыстар үшін

«Шарт  <____> жылға <Бағдарлама коды және атауы> бюджеттік бағдарлама бойынша, <Кіші бағдарлама коды және атауы> кіші бағдарламада, <Ерекшелік коды және атауы>- <ерекшелігі бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазбаша>) тенгемен,  <соның ішінде ҚҚС> /<ҚҚС ескерілмей>» қаржыландырылады.

Қол қойылғаннан кейін шарт «Басып шығаруға нұсқаны қалыптастыру» мәртебесіне ауысады, басып шығаруға шарт нұсқасын қалыпастырудан кейін «Қолданыста» мәртебеге өзгереді.

Шартты келісу рәсімі 3.7 тармаққа, қол қойю рәсімі 3.10 тармаққа, ал «Қолданыста» мәртебесіне ауыстырылуы 3.11 тармаққа сәйкес жүргізіледі.

Шығын ерекшелігі бойынша шарттың мәнін сипаттау

Шартты келісу кезде, Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеу, сонымен қатар шарт нысанының бір мағыналық сипаттамасымен бір ерекшелік бойынша шарттың бірнеше нысанды топтастыру мақсатында, мысалы: «Кеңсе тауарларын сатып алу», «Қоршауды орнату бойынша қызметтер», шығындардың экономикалық сыныпталуына (шығын ерекшелігінің атауы ЕМЕС) сәйкес жасалған шарттың нысаны көрсетілетін, шарт нысанының деректерін көрсету қажет.

Ол үшін «Қазынашылық» қойындысындағы «Шартты тіркеу ерекшеліктері» блогында редакциялау батырмасын басу қажет.

Редакциялау батырмасын басқанда, ерекшелік бойынша шарт нысанын сипатын толтыру нысаны ашылады:

Ескертпе: Ерекшелігі бойынша  шарттың нысанын сипаттаудың белгілер саны 240 белгіден аспау қажет – бұл талап платформаның шектеулі болғандықтан «Қазынашылық-Клиент» жүйесімен ұсынылған талабы.

Назар аударыңыз! Ерекшелігі бойынша пайдаланушымен енгізілген шарт нысанының сипаты «Шарт нысандары» бөлігінде шарттың мәтінінде бейнеленеді

Шартты Қазынашылықта тіркеуге жіберу

Шарттың «Тіркеуге жіберілуге дайын» мәртебеге ауысуында, «Қазынашылық қойындысына өтіп, «Қазынашылықта тіркеуге өтінімді құру» батырмасын басу қажет.

ЕСКЕРТУ: Қосымша келісімдер үшін тіркеуге өтінімдер сомасын қалыптастыру шарттары:

- Егер банкілік реквизиттері немесе ББС кодтары өзгерсе, онда ерекшеліктер бойынша өтінімдер қайталап жаңа деректермен жіберіледі.

- Егер қосымша келісімде ерекшелік сомасы бойынша өзгерістер жоқ болса, онда өтінім қалыптастырылмайды, атап айтқанда өтінім тек өзгертілген ерекшеліктер бойынша қалыптасады.

- Егер алдындағы қолданыстағы шартта ерекшелік бойынша нақты төлемдер жүргізілсе, онда осы ерекшелік өтінімін қалыптастыру кезде, әрқашан өтінімнің сомасынан нақты төлемдер алынады.

- Егер ерекшелік бойынша өтінім сомасынан нақты төлемдер алынып, нәтиесінде 0 (нөл) қалыптасса, өтінім қалыптастырылмайды.

 

МАҢЫЗДЫ! Өтінімді қалыптастыру батырмасын басқанынан кейін, жүйе өтінімді қалыптастыру үшін деректерді қалыптастырады және «Қазынашылық-клиент» жүйесіне жіберуге сауалды туындатады

Сәтті тексеруден өтіп, сауалды қабылдағаннан кейін жүйе «Өнделуде» мәртебесін бейнелейді.

Бұл сатыда өтінім Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне (ҚАБ) жіберілмеді, ол Тапсырыс беруші ұйымының бухгалтерінде болып, бұл кезде іс-әрекеттерді ол «Қазынашылық-Клиент» АЖ орындау қажет.

АҚМ тіркеуге өтінімді өңдеу бөлігінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да бухгалтердің жұмысы бойынша нұсқаулық Қазынашылық комитетінің сайтында «Ақпараттық жүйелер»-  «ММ үшін АҚМ тіркеуге өтінім. 7.0 нұсқасы» бөлікте орналастырылған  (http://www.kazyna.gov.kz/index.php/ru/component/users/?view=login&return=aHR0cDovL3d3dy5rYXp5bmEuZ292Lmt6L2luZGV4LnBocC9ydS9pbmZvcm1hdHNpb25ueWUtc2lzdGVteS9ydWtvdm9kc3R2by1wb2x6b3ZhdGVseWE=).

 «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да өтінімді әрі қарай қалыптастыру және өңдеу бизнес-процессінің қысқаша сипатталуы

 

1        Бухгалтер «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйесіне кіреді, өтінімге қол қояды және ұйымның директорына жібереді.

2        Директор «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйеге кіреді, бухгалтерден алған өтінімге қол қояды.

3        Қол қойылған  өтінім АҚО-ға түседі.

4        АҚО маманы өтінімді бекітеді, одан кейін өтінім Қазынашылықтың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (ҚЫАЖ) құрылады.

5        АҚО маманы ҚЫАЖ жүйесінде өтінімді бекітеді, одан кейін өтінім өңделген деп есептеледі.

«Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйесінде сауал сәтті өңделуден өткеннен кейін, сауал мәртебесі Порталда «Тіркелді» дегенге өзгеріп, шарттың мәртебесі «Қолданыста» дегенге ауысады. Сондай-ақ шартты жасасу күні автоматты түрде белгіленеді, ол «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да  өтінімді тіркеу күніне сәйкес келетін болады.   

Сәтсіз тексеруден кейін жүйе қате сипатымен «Бас тартылды» мәртебесі бейнеленеді

Тіркеуден бас тарту себептері және қателер:

1)                 Егер сауал жіберуде қате көрсетілсе, мысалы: «ҚК АЖ ішкі проблемасы», онда сауалды қайталап жіберу қажет.

2)                 Егер нақты себептері көрсетіліп, қате көрсетілсе, мысалы «000151, 000169 ерекшеліктері бойынша АҚО-да тіркеуге өтінімді қалыптастыру мүмкін емес», «Қаржыландыру көзі – сіздің мемлекеттік ұйымыңызға рұқсат етілмеді», онда  шарттың келісуін кері шақыртып, одан кейін қол жетімді сәйкесінше өзгерістерді енгізіп, шартты келісу, қалыптастыру, қол қойып, өтінімді тіркеуге қайта жіберу қажет. Егер тіркелуі қажет болмаса, онда белгісін «Қазынашылықта тіркеусіз» дегенге өзгерту қажет. (2.10.1 «Қазынашылықта тіркеу/Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі).

 

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  000151, 000169 ерекшелікті шарттар Қазынашылық органдарда тіркелмейді. Егер «Қазынашылық-Клиент» АЖ-ға тіркеуге өтінімді қалыптастыру сауалы жіберілсе, жүйе «000151, 000169 ерекшеліктері бойынша АҚО-да тіркеуге өтінімді қалыптастыру мүмкін емес» қатені қайтарады.

МАҢЫЗДЫ! 100 АЕК-тен кем шарт Қазынашылыққа тіркелуге жіберілмейді. Егер шарт сомасы 100 АЕК-тен аспаса тапсырыс берушіге «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін таңдау қажет болса. Осындай шартты қателесіп жіберген жағдайда Қазынашылық шарттың тіркелуінен бас тартады.

МАҢЫЗДЫ: Қосымша келісімді құру кезде тіркеу өтінімі кассалық шығындарды алғандағы соманы көрсетеді, атап айтақанда нақты төлемдер сомасы. ББС кодтарын өзгерту қосымша келісімдерді алмағанда, атап айтқанда егер бағдарламаның, кіші бағдарламаның немесе ерекшеліктің  бір ғана мәні өзгерсе, тіркеуге жіберілген өтінімде негізгі шартта немесе алдыңғы қосымша келісімдегі  бүкіл сома көрсетіледі.

Ескертпе: Бұзу қосымша келісімін құру кезде, жүйе автоматты түрде «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін анықтайды, бұл шартты жабу рәсімін жүргізу үшін АҚО-ға қағаз жүзінде шартты алып келу қажет.

Ескертпе: Реквизиттерді өзгерту қосымша келісімін құру кезде, егер банкілік реквизиттер және тапсырыс беруші мен өнім жеткізушінің мекенжайы өзгермесе, онда жүйе автоматты түрде «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін анықтайды, атап айтқанда осындай шарт тіркеуге жатпайды.

  • Нет меток