Интернет-дүкенде тапсырысты қалыптастыру

Электрондық каталогта тауарға тапсырысты қалыптастырудың алдында Тапсырыс беруші «Электрондық дүкен» тәсілімен жоспар тармағын құруы қажет.

Осы тәсілдің ерекшеліктері:

  • Сатып алу нысанасының түрі тек «Тауар»;
  • қаржы жылы ішінде біртекті тауарлар бойынша 4000 АЕК дейін жоспар тармағының сомасы;
  • «Қаржы жылынан асатын сатып алулар» түрін таңдауға тыйым салынады.

Интернет-дүкенде (бұдан әрі - ИД) тапсырысты қалыптастыру үшін Тапсырыс беруші https://omarket.kz/  платформасында тіркелуі қажет.

Жылдық жоспар бекітілгеннен кейін ИД тапсырысты қалыптастыруға болатын ЖТ тізбесін автоматты түрде көрсетеді (бұдан әрі егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады: https://omarket.kz/lerning/)

Тапсырыс қалыптастырылғаннан кейін ИД тапсырысты орналастырады және Мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларына сәйкес өнім берушіні автоматты түрде анықтайды.

Тапсырыс беруші бір тапсырыста электрондық дүкеннің бір санатына енгізілген тауарлардың бірнеше түрін таңдауға құқылы, олар біріктірілген лотқа енгізіледі және тапсырыста тауарлардың ең аз жиынтық құнын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.


Тапсырысты іздеу және қарау

Өнім беруші тапсырысты растағаннан кейін ИД тапсырыс деректерін «Кабинет - Менің тапсырыстарым» бөлімінде көрсетілетін ЭМС АИАЖ-ға береді.

Тапсырыс берушінің жеке кабинетінде шарт жасауға арналған «О МАРКЕТ» АЖ-дан алынған тапсырыстар бойынша мынадай іс-қимылдарды орындау үшін «Менің тапсырыстарым» функционалдығы бар  (https://omarket.kz/):

  • ИД тапсырыстарын іздеу/кеңейтілген іздеу;
  • ИД тапсырыстарын қарау;
  • ИД тапсырыстары бойынша шарт жасау;
  • Қорытынды хаттамасын жүктеп алу.

Тапсырыс нөмірін басқан кезде Жүйе қойындылары бар тапсырыс туралы мәліметтерді ашады:

  • Тапсырыстың жалпы мәліметтері
  • Тауардың сипаттамасы
  • Өнім берушілердің сауда ұсыныстары


 МАҢЫЗДЫ! «Расталды» мәртебесінде тапсырыс болған жағдайда, жоспар тармағының мәртебесі «Сатып алу өтті» деп өзгереді. Жоспардың тармағына өзгерістер енгізуге, тапсырысты қабылдамауға немесе жоюға тыйым салынады. 

Тапсырыс бойынша жоспар тармағынан шарт жасау

Шартты жасау үшін «Менің тапсырыстарым» бөлімінде «Расталды» мәртебесінде тапсырыстарды таңдау және «Шарт жасау» іс-қимылын таңдау керек - бұл іс-қимыл «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөліміндегі шарт жасауға ұқсас.

Шарт құрылғаннан кейін келісу, бекіту және қол қою үшін «Менің шарттарым (тапсырыс беруші)» бөлімінде қолжетімді болады. Шарт шарттың мәнінде таңдалған расталған тапсырыстар бойынша жоспардың тармақтарының деректерін қамтитын болады. Шартта өнім беруші расталған тапсырыс деректерінен автоматты түрде анықталатын болады.

Ескертпе: «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөлімінен «Электрондық дүкен» тәсілімен жоспардың тармақтары үшін шарт жасау жөніндегі іс-қимылдар бұғатталған.

Ескертпе: Техникалық ерекшелік ИД тауарының сипаттамасынан автоматты түрде жасалады.

МАҢЫЗДЫ! Шартты жасау кезінде мынадай тексерулер орындалады:

  1. Барлық таңдалған тапсырыстар бойынша шарт жасалмауы тиіс
  2. Барлық таңдалған тапсырыстар бойынша жоспар тармақтарында ТТ = «қаржы жылынан аспайтын сатып алу» типі болуы тиіс
  3. Жоспардың барлық тармақтары бойынша тапсырыс мәртебесі «Расталды»
  4. Барлық таңдалған тапсырыстар бойынша бір өнім беруші болуы тиіс

Жоспар тармағынан бас тарту

Жоспар тармағынан бас тартуды орындау үшін жоспар тармағында сатып алудан бас тарту жөніндегі іс-қимылдарды орындау қажет (Мемлекеттік сатып алу жоспарымен жұмысты қараңыз) - https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=328461).

Расталған тапсырыс болған кезде сатып алудан бас тарту жөніндегі іс-әрекеттер орындалғаннан кейін тапсырыс мәртебесі автоматты түрде «Қабылданбады» -ға өтеді.

Шартты бұзу

ИД-нің расталған тапсырысы бойынша шартты бұзу жөніндегі іс-қимылдарды орындау кезінде Жүйе шартты «Бұзылды» мәртебесіне ауыстырғаннан кейін және егер шарттың мәні бойынша төлемдер болмаса, яғни жоспарының тармағы мәртебесі «Шарт орындалмады Төлемдер жоқ».  Тапсырысты ресімдеу үшін, қажет болған жағдайда, жоспар пунктінде сатып алу шарттарын өзгерту және ИД арқылы сатып алуды қайталау қажет.

«Электрондық дүкен» тәсілімен сатып алу туралы есеп

Шартта «Электрондық дүкен» тәсілімен «Қорытынды хаттамасы» қойындысы көрсетіледі. Қорытындылар хаттамасы ИД немесе ЭКС тапсырысы бойынша ақпаратты қамтиды.



  • No labels