Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 18 Следующий »

Шарттармен жұмыс

 

Тікелей шарт жасау әдісімен және шартқа косымша келісімдерде бір көзден тәсілмен шарт жасаудан бас тарту

 

Егер өнім берушімен сатып алудан немесе шартқа қосымша келісімді жасаудан бас тарту шешімі қабылданғанда, «Жалпы» қосымша беттегі шарттың карточкасында бас тарту себебін көрсете отырып, «Шартты жасаудан бас тарту» батырмасын басу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Аталған функционал «Тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден» тәсілі үшін ғана қарастырылған.



Шартқа «Шарт жасалмады» мәртебесі тағайындалады. Бас тарту туралы мәліметтер Тапсырыс беруші және Өнім беруші қосымша бетінде орналасады.


Шартты келісуі (өнім берушімен)

 

Тасырыс беруші шартты толтырып, келісуге жіберген кезде, өнім беруші шартты келісу үшін, «Менің шарттарым» бөліміне өтіп, «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтеді.


Шартты іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен іске асыруға болады. Егжей-тегжейлі іздеу үшін «Кеңейтілген іздеу» белсенді сілтемеге басу қажет.



Шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді» мәртебесіне сәйкес болуы тиіс. Шартты редакциялау үшін пиктограммаға басу қажет.

Шарттың карточкасы бейнеленеді. «Жалпы» қосымша бетінде шарт бойынша жалпы ақпарат орналасады.


Лот (лоттар) туралы мәліметтерді қарау үшін, «Шарттың нысандары» қосымша бетке ауысу қажет.


Егжей-тегжейлі қарау үшін лоттың Ид немесе  пиктограммасына басу қажет.


«Бірлігіне баға» жолында үнсіз келісіммен баға ұсынысын беру кезде өнім жеткізушімен көрсетілген бағасы көрсетіледі, бұл мән редакциялауға қол жетімді.  Бағаны өзгерту қажет болған жағдайда «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескертпе: Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 45 б. сәйкес өзгерістер енгізу шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде рұқсат етіледі. Өнім жеткізуші «Шарт нысандары» қосымша бетіндегі «Бірлік бағасы» жолының мәнін азайту арқылы шарттың сомасын өзгертуге бастама жасай алады.

Тапсырыс беруші электрондық шарт жобасының деректерін келісу және растау алдында шарттың жалпы сомасының мәнін мұқият қарауы тиіс және, сома артық азайған жағдайда «Шарт нысандары» қойындысындағы «Бірлік бағасы» жолындағы  мәнін түзете алады.

«Шарт және келісу» қосымша бетінде шарт жобасы орналасады.



Беттің төменгі бөлігінде Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар/қызметтер) тізбесі және шартты келісу сатылары бейнеленеді.

Шартты жылдам толтыру үшін «Енгізу нысаны» қосымша бетіне өту қажет. Қандайда бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемені басып, жолдарды мәндерге толтырып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.



Шарт бойынша барлық міндетті жолдар толтырылғанынан кеййін, «Шарт» қойындысына өтіп, «Шартты бекіту» батырмасын басу қажет.


«Техникалық ерекшелік» бөлігінде техникалық ерекшелік файлы орналасады, оны қарап шығу үшін белсенді батырманы басу қажет.

Назар аударыңыз! Техникалық ерекшеліктің шартта көрсетілген қол қою құқығына ие қызметкерлермен ғана екі жағынан қол қойылуы талап етіледі. Сатып алу тәсілі келесі тәсілдерінің біріне сәйкес келгенде: «Ашық конкурс», «Аукцион», «Бір көзден жүргізілмеген сатып алулар», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», сатып алуға қатысуға өтінімді беру кезде өнім берушімен ұсынылған, «Шарт және келісу» қосымша бетінде техникалық ерекшелік бейнеленеді. Сатып алудың басқа түрлері бойынша Тапсырыс берушімен берілген техникалық ерекшелік бейнеленеді.

«Келісу» қосымша бетінде Тапсырыс беруші және Өнім жеткізушінің келісуі бойынша іс-әрекеттері бейнеленеді.


Шарт бойынша сұрақтар туындағанда Өнім жеткізуші Тапсырыс берушіге хабарлама жазып ұсына алады, ол үшін енгізу жолында мәтінді орналастырып, «Хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет.

Өнім жеткізуші шартты бекіткенінен кейін жүйе растау хабарламаны бейнелеп, шарт мәртебесін «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгертеді.


Бұдан кейін Тапсырыс берушінің әрекеттері келесідей: келісуді аяқтау, Тапсырыс беруші жағынан шартты қалыптастыру және қол қою.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнім жеткізуші тарапынан 3 жұмыс күн ішінде шартты растауы болмаған жағдайда, Өнім жеткізушінің деректері автоматты түрде Порталмен расталады.

Атап айтқанда, егер өнім жеткізуші, Тапсырыс берушімен шартты келісуге жіберу уақытынан бастап, 3 жұмыс күн ішінде, шарттың келісуін орындамаса, жүйе автоматты түрде мәндерді:

- банкілік реквизиттер;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығына ие басшының тегі, аты-жөні (осындай уәкілетті қызметкер жоқ болғанда, ИНИС «Басшы мәліметтері» бөлікте басшының тегі, аты-жөні көрсетіледі);

- байланысу телефоны, тіркеу деректерден алады.

Бұл кезде шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгереді, «Келісу» қойындысында жүйе деректердің Порталмен расталғанын тіркеу қажет. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеттері қол жетімді.

Аванстан бас тарту

 

Өнім беруші авансты төлеуден бас тартуға құқылы. Бұл үшін шарттың келісу сатысында (шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді»), Өнім берушіге «Шарт және келісу» қосымша бетінде (Шарт ішкі қосымша бет) «Аванстан бас тартумен келісемін» жолында қанатбелгісін қойып,  «Аванстан бас тарту» батырманы басу қажет.


Ескертпе: «Аванстан  бас тарту» әрекеті өнім беруші шартының нысанында, өнім берушіге авнс төлену қарастырылған жағдайда бейнеленеді.

Аванстан бас тарту іске асырылған, және авнсты қайтару қажет болған жағдайда, «Авансты қайтару» батырманы басу қажет.


Өнім берушімен авнстан бас тартуды іске асырғанынан кейін, жүйе келесідей іс әрекеттерді орындайды:

- «Аванстік төлем көлемі» жолындағы 1-қосымшада 0 тең мәнді тағайындайды.

- типтік шарттың мазмұнына сәйкес авансқа байланысты шарттың мәтінін өзгертеді (2.3 тарм.) .

Бас тарту іске асыруға арналған шарттың мәтіні:


Бас тартуды іске асырғанынан кейінгі мәтін:


«Келісу» қосымша бетте аванстан бас тарту/ авнсты қайтару бойынша Өнім берушінің әрекеттері бейнеленеді.


Шартқа және техникалық ерекшелікке қол қою

 

Тапсырыс беруші шарттың жобасын құрып, оған қол қойғанынан кейін, шартқа «Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебесі тағайындалады.


Шарттың карточкасын ашу үшін пиктограммаға басу қажет. Одан әрі «Шарт және келісу» қосымша бетке өту қажет. Беттің төменгі жағында PDF форматында қалыптасқан шарт, сонымен қатар шарттың барлық нысан бойынша техникалық ерекшеліктер бейнеленеді. Қарап шығу және жүктеу үшін құжаттың белсенді сілтемесін басу қажет. Шартқа немесе техникалық ерекшелікке қол қою үшін «Қол қою» батырманы қолдану қажет.


Шартқа қол қояр алдында міндетті түрде техникалық ерекшелікке қол қою талап етіледі.

Негізгі шартта, егер сатып алу тәсілі Конкурс, Аукцион, Жүргізілмеген (конкурс, аукцион, БҰС) бір көзден болса, онда кестеден Өнім берудінің құжаттары/техникалық ерекшелігі бейнеленеді.



Қалған жағдайларда Тапсырыс берушінің құжаттары/техникалық ерекшелігі бейнеленеді:
БҰС, мем. Әлеуметтік сұраныс, тұрғынжайды сатып алу, сонымен қатар ЕРЕКШЕЛІК РЕТІНДЕ ТЭН/ЖСҚ-мен жұмыс жасау – жұмыс үшін белгісі көрсетілгенде, ТЭН/ЖСҚ бар болғанда Ашық конкурс тәсіліне.

Ескертпе: Шартқа қол қоюға «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігіне ие қызметкерлер тізбесі ғана құқылы. Өкілеттіктерді қарап шығу үшін «Қатысушы бейіні» - Ұйымның қызметкерлері бөліміне өту қажет.

Сәтті қол қойылғанынан жағдайда «Шартқа қол қойылды» хабарлама бейнеленеді.


Шартқа «Келісу аяқталуы күтіледі» мәртебесі тағайындалады. Әрі қарай әрекеттерді Тапсырыс беруші орындайды. Тапсырыс беруші басып шығаруға нұсқаны қалыптастырғанынан кейін, шарт «Қолданыста» мәртебеге ие болады.


 

Шартты келісуін кері қайтаруды растау


Тапсырыс беруші «Қолданыста» мәртебедегі шарттың келісуін кері қайтарса, өнім берушіде «Шарт және келісу» қосымша бетінде растау батырмасы қол жетімді болады.


Батырмаға басқанда, растауды таңдау терезесі бейнеленеді



Егер өнім беруші бас тартуды растау нысанында «Жоқ» дегенді таңдаса, онда жүйе пайдаланушыны электрондық шарт нысанына қайтару қажет.

Егер өнім беруші бас тартуды растау нысанында «Иә» дегенді таңдаса, онда жүйе тапсырыс берушіге хабарлама жіберіп, «Шарт және келісу» қосымша беттегі – «Келісу» - өзгерістерді тіркеп, шарттың мәртебесін «Шарт жобасы» дегенге ауыстырады.

Шартты орындауды қамсыздандыру құжаттары


«Шартты орындауды қамсыздандыру» қосымша бетіндегі («Банк кепілдіктер» қосымша беті орнына) «Менің шарттарым (Өнім беруші)», «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөлігінде «Конкурс», «Аукцион», сонымен қатар «Бір көзден жүргізілмеген сатып алулар» нақты сатып алу тәсілі көрсетілген, «Тіркеуге жіберуге дайын», «Қолданыста», «Орындалды» мәртебелі шарттар үшін қағаз жүзіндегі банк кепілдіктер мен қамсыздандыруды аудару туралы растау құжаттардың электрондық көшірмелері файлдарын тіркеу және жүктеу нысаны бейнеленеді. Файлды таңдап, «Жүктеу» басу қажет.

МАҢЫЗДЫ: Құжаттардың электрондық көшірмелері өнім жеткізушіде электрондық банк кепілдіктері жоқ болған жағдайда тіркеледі (4. Электрондық банк кепілдіктермен жұмыс жасау тарауын қараңыз)

Сәтті жүктелуден кейін файл қарап шығуға және жойылуға қол жетімді болады.

Үздігірек сипаттамаларын ұсыну


Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 45 бабы 2  тармағы 4 тармақшасына сәйкес өнім берушімен үздігірек сипаттамаларын ұсыну бойынша шартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

Қосымша келісімді құру кезде Тапсырыс берушімен Заңның 45 бабы 2  тармағы 4 тармақшасын «Үздік сипаттамаларын ұсыну жағында шартты өзгерту» таңдау кезде, Жүйе өнім берушіге (кез келген сатып алу тәсіліне) техникалық ерекшелікті жүктеуге мүмкіндік береді.

Шартты орындау


Орындалған жұмыстар (тауарды қабылдау-жіберу, қызметтерді көрсету) актті толтыру және қол қою

Актті жасау және сақтау


Актті құру өнім беруші үшін шарт «Қолданыста» мәртебесінде болғанда қол жетімді.  



Акттер тізбесі нысанында пайдаланушыға нөмірі және мәртебесі бойынша акттерді іздеу қол жетімді болады.

 «Актті құру» басқан кезде, Жүйе актті құруды растауын сұрастырады.


Растаудан кейін Жүйе автоматты түрде «Жоба» мәртебесіндегі актті құрады.

 


МАҢЫЗДЫ: Егер негізгі шартпен бірге қосымша келісім құрылып әрекет етсе, онда негізінен аналық/негізгі шартта құрылған электрондық акттер, қосымша келісімде бейнеленеді. Жаңа акттерді шарттың соңғы нұсқасы ретінде қосымша келісімде құру қажет.

Актіні құрғанынан кейін Өнім берушіге электрондық актінің нысанында тауарлар/жұмыстар/қызметтер туралы мәліметтерді толтыру қажет. Ол үшін «Тауарды (жұмысты/қызметті) қосу» әрекетін таңдау қажет.

 

Тауарды (жұмысты/қызметті) қосы нысанында:

- актілеу жоспарланатын шарттың нысанын таңдап, «Таңдау» басу қажет;

- «Саны» жолын толтыру;

- қажет болған жағдайда «Сома» жолындағы мәнді редакциялау;

- «Номенклатуралық нөмірі» жолын толтыру;

- «Қосу» батырмасын басу

 

Шарттың басқа нысандарын қосу үшін тауар/жұмыс/қызметтер қосу үдерісін қайталау.

Қосымша құжаттарды тіркеу қажет болған жағдайда (жүкқұжат және т.б.) «Құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу» нысанында файлды таңдау қажет


Бұдан кейін «Құжатты жүктеу» басу


Актке қол қойып және  тапсырыс берушіге жіберу

 

Актті тапсырыс берушіге жолдау үшін актке өнім берушінің өкілдерімен қол қою қажет. Ол үшін «Өкілді қосу» әрекетін таңдау қажет. Жүйе Өнім берушінің атыж-жөндерімен тізімді бейнелейді.

Бекітушіні таңдау кезде «Аты-жөні» жолында басшы рөлді қызметкерлер ғана бейнеленеді.

 МАҢЫЗДЫ: Келесі актті  бекіту үшін тапсырыс берушінің өкілдерін қосу барысында, актті бекітетін тапсырыс берушінің өкілін бірден көрсету міндетті әрекет. Бірден артық бекітушіні таңдауға болмайды.


«Өнім берушінің өкілі» ретінде қосылған пайдаланушыға «Қол қою» іс-әрекеті қол жетімді. Өнім берушінің өкілі актке қол қойғанынан кейін, Жүйе актте өкілдер ретінде көрсетілген, барлық «Өнім беруші» рөлді қызметкерлерге хабарлама жібереді акттің мәртебесін «Өнім берушімен қол қойылуда» дегенге ауыстырады.


 «Бекітуші» ретінде қосылған, пайдаланушыға «Бекіту» әрекеті қол жетімді. Актке өнім берушінің өкілі қолын қойғанынан кейін, Тапсырыс берушіге жіберу мақсатында Бекітушімен қол қою қажет.


Егер «Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебесінде, құжатқа ұйымның өкілдері арасынан таңдалған, өнім беруші қол қойса,онда жүйе осы өнім берушінің өкіліне «Түзету», «PDF сақтау»  әрекетін қол жетімді етеді (210-сурет).


 Өнім берушімен актті  жою


Актті жою әрекеті тек өнім берушіге қол жетімді. Жою үшін электрондық актінің нысанында «Жою» әрекетін таңдау қажет.


Жоюды растаудан кейін акт акттердің тізімінен жойылады.


Өнім берушімен актті түзету


Қол қойылған актке түзетулерді енгізу үшін «Түзету» әрекетін таңдау қажет. Бұл әрекет «Жоба», «Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебелерінде қол жетімді болады. Тапсырыс берушіге актті жібергенінен кейін актті түзету әрекеті қол жетімсіз болады.


«Түзету» батырмасын басқаннан кейін, акт «Жоба» мәртебесіне ауысып, өзгерістерді енгізу мүмкіндігі туындайды, бұл кезде өкілдердің барлық қолдары жойылып, өзгертілген актіге қайта қол қою талап етіледі.

Өнім берушімен PDF форматында актті сақтау


«PDF сақтау» басқан кезде жүйе өнім берушінің деректері бар актісін пайдаланушымен сақтау үшін PDF форматында актіні қалыптастырады.


Құрылыс бойынша орындалған жұмыстар актісін тіркеу


Шарт «Қолданыста» мәртебесіне өткенінен кейін, Өнім берушіге шарт карточкасының  «Төлем туралы ақпарат» қосымша бетінде құрылыспен байланысты орындалған жұмыстар актісін тіркеуге функционалы «Файлды таңдаңыз» батырма көмегімен қол жетімді болады. 

Ескертпе: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес шарттың орындалуы туралы құжаттардың электрондық түрде рәсімделуі туралы міндетті талабы қарастырылған 26 тармақ қолданысқа 2017 жылғы 01 қаңтарында енеді. Өнім жеткізушімен актті 2017 жылғы  01 қаңтарына дейін тіркеуі міндетті емес болып табылады.



Талап етілетін файлдың іздеуін іске асырып, қол қойып, «Актіні жүктеу» батырманы басу қажет.


Жүктелген актілер «Акттер» бөлімінде бейнеленеді. Актінің нөмірі жүйемен автоматты түрде тағайындалады. Акт туралы ақпаратты қарап шығу үшін, «Ашу» батырманы басу қажет. Тіркелген актті жою қажет болған жағдайда «Жою» батырманы басу қажет.


Тіркелген файлды қарап шығу үшін, «Құжат» жолындағы белсенді сілтемені басу қажет.

Қосымша акттерді тіркеу қажеттілігі туындағанда, Актті тіркеу бөлігінде «Файлды таңдаңыз» батырмасын қолдану қажет.

Одан кейін Таспырыс беруші актілердің бекітуін жүргізеді.

Егер Тапсырыс беруші актті бекітсе, оның мәртебесі «Қолданыста» деп өзгереді. Тапсырыс беруші бекітуден бас тартуын іске асырса, онда актінің мәртебесі «Бас тартылды» деп өзгереді.


Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жергілікті құрамы туралы есебі

 

Шартты орындау бойынша соңғы актіні жіберудің алдында Өнім беруші тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті мазмұны туралы есепті толтыру тиіс. Бұл үшін электрондық акттер тізбесі бар нысанда «Жергілікті мазмұны туралы есеп» әрекетін таңдау қажет.

 


Акттерді іздеу үшін актінің нөмірі жіне мәртебесі бойынша жалпы тізімдегі фильтді пайдалануға болады.

Сатып алынатын тауарлардың жергілікті құрамы туралы есебі


Жергілікті құрамының үлесін есептелуі 2015 жылғы 30 қаңтардағы №87 «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына  сәйкес іске асырылады.

Жергілікті қамтымды есептеу формуласы:

Шарттың әрбір нысаны бойынша жергілікті қамтымының үлесі МСт = 100% * ; 

Мұнда, СТi – i-ші тауардың бағасы (ҚҚС ескере отырып шарт нысанының сомасы);

Мi – «СТ-KZ» сертификатында көрсетілген, тауардың жергілікті қамтымының үлесі, «СТ-KZ» сертификаты жоқ болған жағдайда Мi=0;

S – шарт нысанының жалпы бағасы;

 

Бүкіл шарт бойынша жергілікті қамтымының қорытнды үлесі МСт (қорытынды) =  100% * ), мұнда

n – тауарларды жеткізуге шартты орындау мақсатында өнім берушімен жеткізілетін, тауарлар атауларының жалпы саны;

СТi – i-ші тауардың бағасы (ҚҚС ескере отырып шарт нысанының сомасы);

Мi – «СТ-KZ» сертификатында көрсетілген, тауардың жергілікті қамтымының үлесі, «СТ-KZ» сертификаты жоқ болған жағдайда Мi=0;

S – шарт нысанының жалпы бағасы;


«Таурлар» сатып алу нысан түрі үшін жергілікті қамтымының үлесі туралы есептің нысанында жүйе шарттың деректерінен және бар бекітілген актілерден, акттің соңғы жобасын қоса алғанда, автоматты түрде жолды толтырады:

Жолдың атауы

Сипаттамасы

Нысанның ИД

Шарт нысанының сәйкестендірушісі (осы тауардың)

ТЖҚ БНА

Шарт нысанының ТЖҚ БНА коды (осы тауардың)

Тауардың атауы

Шарт нысанының атауы (осы тауардың)

Шартты орындау мақсатында өнім берушімен Сатып алынған туарлар саны

Бекітілген актілердің, соңғы акт жобасын қоса алғанда, саны

Тауар бағасы

ҚҚС қоса алғанда бірлігіне бағасы

Құны (CTi)

Бекітілген актілердің, соңғы акт жобасын қоса алғанда, шарт нысаны бойынша сомасы

Одан кейін  шарт бойынша жеткізілетін, әрбір тауар бойынша сертификат деректерімен келесі жолдарды толтыру қажет:

Жолдар атаулары

Міндеттілік

Сипаттамасы

КС үлесі (Ki) %

 

Иә

СТ-KZ сертификатта көрсетілген, тауардағы жергілікті қамтылым үлесі қолмен толтырылады

Нөмірі

 

Жоқ

СТ-KZ сертификатының нөмірі қолмен толтырылады.  «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Күні

 

Жоқ

Қолмен толтырылады. СТ-KZ сертификатын беру күні. «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Ескертпе

жоқ

Қолмен толтырылады

Жергілікті қамтылымды аавтоматты түрде есептеу үшін «Сақтау» батырманы басу қажет.


Жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтымы бойынша есебі


Жергілікті құрамының үлесін есептелуі 2015 жылғы 30 қаңтардағы №87 «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына  сәйкес іске асырылады.

«Жұмыстар», «Қызметтер» сатып алу нысан түрі үшін жергілікті қамтылымның үлесі туралы есептің нысанында жеке шарт үшін, шарттың әрбір нысаны үшін келесі формула арқылы іске асырылады:

Шарттың әрбір нысаны бойынша жергілікті қамтылымның үлесі


мұнда

МСж/қ           - шарт нысаны бойынша жұмыстарды (қызметтерді) жеткізуге шарттағы жергілікті қамтылымы,

      m – жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, және т.б. шарт нысаны шегінде j-ші шарттардың жалпы саны;

  j – шарт нысаны шегінде жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік  нөмірі;

СДj- шарт нысаны шегінде j-ші шарттың сомасы;

СТj – Шарт нысаны шегінде j-ші шартты орындау мақсатында өнім берушімен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауарлардың жиынтық сомасы;


ССДj – шарт нысаны шегінде j-ші шартты орындау мақсатында жасалған, қосалқы мердігерлік шарттардың жинтық сомасы;

Rj – шарт нысаны шегінде j-ші шартты орындайтын, өнім берушінің жұмысшыларының еңбегін төлеудің жалпы қорында қазақстандық кадрлар еңбегін төлеу қорының үлесі;

 n – шарт нысаны шегінде j-ші шартты орындау мақсатында өнім берушімен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған, тауарлар атауларының жалпы саны;

i – шарт нысаны шегінде  j-ші шарттың орындау мақсатында өнім берушімен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған, тауардың реттік нөмірі;

СТi - i-ші тауардың бағасы;

Мi - «СТ-KZ» нысанды тауардың өндірілуі туралы сертификатында көрсетілген, тауардың жергілікті қамтымының үлесі;

Мi = 0, «СТ-KZ» нысанды тауардың өндірілуі туралы сертификаты жоқ болғанда; егер Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7-ші тармағымен басқасы орнатылмаса;

S – Шарт нысанының жалпы бағасы.

Бүкіл шарт бойынша жергілікті қамтылымының қорытынды үлесі МСж/қ (қорытынды) =100% * , мұнда

СДi – ҚҚС ескере отырып, i-ші шарт нысанының бағасы (жұмыстың/қызметтің);

МСi – i-ші шарттың нысаны үшін  жергілікті қамтылымның үлесі


Есепті құрастырғанынан кейін, жүйе автоматты түрде осы шарт нысанын орындау үшін бірінші шарттың (тапсырыс беруші және өнім беруші арасында) деректерін толтырады.  


Шар нысаны шегінде осы шартты орындау мақсатында өнім берушімен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауарды қосу үшін  басу қажет.

Тауарды қосу нысаны ашылады


Тауарларды қосу нысанында осы шарт шегінде жеткізілетін, әрбір тауардың сертификаттың деректерімен келесі жолдарды толтыру қажет:

 

Жолдар атаулары

Міндеттілік

Сипаттамасы

Тауардың бағасы

Иә

Өнім берушімен толтырылады. ҚҚС ескере отырып, бірлігіне бағасы

Шартты орындау мақсатында өнім берушімен сатып алынатын тауарлар саны

Иә

Өнім берушімен толтырылады. Тауар саны

Бағасы (CTi)

Иә

Осы тауар бойынша сома. Автоматты түрде есептеледі. Редакциялау қол жетімді

КС үлесі (Ki) %

 

Иә

Өнім берушімен толтырылады. СТ-KZ сертификатта көрсетілген, тауардағы жергілікті қамтылым үлесі

Нөмірі

 

Жоқ

Өнім берушімен толтырылады. СТ-KZ сертификатының нөмірі.  «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Күні

 

Жоқ

Өнім берушімен толтырылады. СТ-KZ сертификатын беру күні. «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Ескертпе

жоқ

Өнім берушімен толтырылады.

 

және «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Сақтаудан кейін жүйе автоматты түрде «(СТj) KZT шарт шегінде тауардың жиынтық сомасы» жолында барлық тауарлар бойынша сомасын автоматты түрде шығарады.


«(ССДj) KZT шарт шегінде қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық бағасы» жолында мердігер/өнім беруші және қосалқы мердігер арасындағы екінші шарттың бағасын толтыру қажет. Сақтудан кейін жүйе екінші шарттың жазуын автоматты түрде жасайды, мұнда «(СДj) Шарт бағасы» жолында алдыңғы шарттың «(ССДj) KZT шарт шегінде қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық бағасы» жолында сомасы көрсетіледі. 


Сонымен қатар «j-ші шартты орындайтын, қазақстандық кадрлардың еңбегін төлеу қорының үлесі, (Rj) %» жолын толтырып,  басу қажет.

ЕСКЕРТПЕ: j-ші шартты орындайтын, қазақстандық кадрлардың еңбегін төлеу қорының үлесін, (Rj) % мәнін өз бетінше төмендегі формуламен есептеу қажет:

Rj = ҚРЕТҚ/ЕТҚ.    Мұнда:

      ҚРЕТҚ - j-ші шарттың қолданыста болу мерзімінде, j-ші шартты орындайтын, өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрлардың еңбегін төлеу қоры;
      ЕТҚ - j-ші шарттың қолданыста болу мерзімінде, j-ші шартты орындайтын, өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрлардың еңбегін төлеу жалпы  қоры.

Мердігер/өнім беруші және қосалқы мердігер/бірлесіп орындаушы (және қосалқы мердігерлер және әрі қарай олардың қосалқы мердігерлері арасында қалған қосалқы мердігерлік жұмыстар/қызметтер бойынша) арасында екінші шарт бойынша тауарлар және қосалқы мердігерлік жұмыстар/қызметтер (қажет болғанда) туралы мәліметтерді толтыру қажет және  басу.

Жүйе автоматты түрде есептеуді жүргізеді:

- Шарт нысаны (лоты) бойынша жергілікті қамтылым

- Шарт бойынша жергілікті қамтылым

Тапсырыс берушіге есепті сақтау және жіберу

Тапсырыс берушіге жіберу үшін жергілікті қамтылымның үлесі туралы есепке қол қою қажет. Түзетулерді енгізу үшін «Сақтау» батырмасын басады, бұл кезде қол таңбалар жойылып, есепке қайтадан  қол қою қажет болады.

«pdf сияқты сақтау» басқаннан кейін, жүйе өнім берушімен сақтауы мақсатында .pdf. форматындағы құжатты жасайды.


Құқықтық мирасқорлығы немесе өнім берушімен өкілдіктерге, филиалдарға құқықтарын табыстауы

Шарт бойынша құқықтарын табыстау

Өнім берушінің құқықтарын табысталуы келесі жағдайларда іске асырылады: қайта құрылу және құқықтарын филиалға/өкілдікке табыстау кезде. Өнім берушіге құқықтарды табыстау үшін өнім берушіге «Қолданыста», «Тараптар келісімімен бұзылды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды» немесе «Шарт орындалды» (қарау үшін) шарттарын таңдап, рәі қарай «Құқытарын табыстау» басу.


Одан әрі табыстау типін таңдау: 1 - филиал  немесе 2-ші қайта  құру, іздеу параметрлерін толтырып, «Іздеу» батырмасын қолдану.

Фильтрде «Филиал» дегенді таңдаған кезде, жүйе филиалдар ретінде тіркелген ұйымдар арасында іздестіреді.


Бұдан кейін қажетті ұйымды беру үшін «Таңдау» басу.



Құқытарды табыстау/бас тартуды растау терезесінде «Растау» басу.

Әрекетті растаудан кейін жүйе жіберілген шартты жаңа ұйыммен қарау құқығын иелендіреді (жаңа Тапсырыс беруші/Өнім берушіде шартты бейнелейді), бұл кезде шарттың мәртебесі «Шартты беру» дегенге ауысады.


«Қолданыста» мәртебедегі шарттарды беру кезде жүйе төмендегі негіздемелермен:

-       «Филиал» табыстау типіне арналған «Тапсырыс беруші және (немесе) өнім жеткізушінің реквизиттерін өзгерту»

-       «Қайта құру» табыстау типіне арналған «ҚР Азаматтық кодексінің 46 бабы. Заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықтық мирасқорлығы»

қосымша келісімді жасайды және әрі қарай құқықтарды табыстау бойынша қосымша келісімге қол қою рәсіміне көшеді.


Жүйе шарт бойынша құқықтарды иелену қажеттілігі туралы жаңа ұйымға хабарлама жібереді


Шарт бойынша құқықтарын иелену


Жіберілген шарттар жаңа қабылдаушы ұйымда бейнеленеді, ал ескі жіберуші ұйымда «Шартты жіберу» мәртебесін иеленеді.

 

«Жасалмады», «Орындалды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды», «Тараптар келісімімен бұзылды» мәртебелі шарттарды қабылдау үшін «Шарт бойынша құқықтарды шегінуді қабылдау/бас тарту» әрекетін таңдау қажет.


 

Бұдан әрі «Шегінуді қабылдау» таңдау

 

«Сақтау» басқанынан кейін, Жүйе шарттың мәртебесін «Жіберілді. Алдыңғы мәртебе» деп өзгертіп, жаңа ұйыммен қабылдауы туралы шартты  жіберген, Тапсырыс беруші/Өнім жеткізушіге хабарлама жібереді.

Жаңа қабылдаушы ұйымда «Қолданыста» мәртебелі шарттың құқықтарды табыстау туралы қосымша келісімдері «Жоба» мәртебесінде бейнеленеді.


Қолданыста» мәртебеден шартты қбылдау үшін, қосымша келісімге өту қажет. Одан әрі шарттарды келісудің станадартты функционалдылық механизмі орындалады.

 

Ескертпе: Көпжақты шарттар үшін Қабылдаушы-Тапсырыс беруші үшінші тараптың ұйымын өзгерте алады.

Қол қойылғанынан кейін құқытарды табыстау туралы қосымша келісім «Қолданыста» мәртебеге ауысады. Бұл кезде Жүйе жіберілген шарттың мәртебесін «Жіберілді. Қолданыста» деп ауыстырып, шартты қабылдауы туралы шартты жіберген, Тапсырыс беруші/Өнім жеткізушіге хабарлама жібереді.

Шарт бойынша құқықтарынан бас тарту


«Жасалмады», «Орындалды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды», «Тараптар келісімімен бұзылды» мәртебелерден шарттардан бас тарту үшін, «Шарт бойынша құқықтардан шегінуін қабылдау/бас тарту» әрекетін таңдау қажет. Құқықтарын қабылдау/бас тарту нысанында құқықтардан шегінуден  бас тарту себебін қазақ және орыс тілдерінде  толтырып,  «Сақтау» батырмасын басу қажет.



Себебін сақтағанынан кейін шарттың мәртебесі алдыңғы мәртебеге: «Жасалмады», «Орындалды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды», «тараптар келісімімен бұзылды» оралады.



«Қолданыста» мәртебелі шарттан бас тарту үшін қосымша келісімге өтып, «Шарт бойынша құқықтардан шегінуді қабылдау/бас тарту» әрекетін таңдау. Құқықтарын қабылдау/бас тарту нысанында құқықтардан шегінуден  бас тарту себебін қазақ және орыс тілдерінде  толтырып,  «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

 

Себебін сақтағанынан кейін шарт «Қолданыста» мәртебеге оралады және құқытарды табыстау туралы қосымша келісімнің жобасы автоматты түрде жойылады.

  • Нет меток