Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 10 Следующий »

Шартты орындау


 Орындалған жұмыстар (тауарларды қабылдау-жіберу, көрсетілген қызметтер) актісін толтыру және оған қол қою

 

Ескертпе: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес шарттың орындалуы туралы құжаттардың электрондық түрде рәсімделуі туралы міндетті талабы қарастырылған 26 тармақ қолданысқа 2017 жылғы 01 қаңтарында енеді. Өнім жеткізушімен актті 2017 жылғы  01 қаңтарына дейін тіркеуі міндетті емес болып табылады.

Шарт «Қолданыста» мәртебеге ауысқан кезде, Өнім жеткізушіге шарттың карточкасындағы «Төлем туралы ақпарат» қойындысында электрондық актіні толтыру және қол қою функционалы қол жетімді болады.

МАҢЫЗДЫ: Егер негізгі шартпен бірге қосымша келісім әрекет етсе, онда негізінен аналық шартта құрылған электрондық акттер, қосымша келісімде бейнеленеді. Жаңа акттерді шарттың соңғы нұсқасы ретінде қосымша келісімде құру қажет.

Актті тапсырыс берушіге жібергеннен кейін, акт редакциялауға және шарт бойынша мәліметтермен толықтыруға қол жетімді. Актті редакциялау үшін «Төлем туралы ақпарат» қойындысында акттер тізбесінен актті таңдау қажет.

Акттер тізбесі нысанында пайдаланушыға нөмірі және мәртебесі бойынша акттерді іздеу қол жетімді болады.

Актті тапсырыс берушімен сақтауы


Тапсырыс берушіге электрондық акт нысанында шарт бойынша мәліметтерді толтыру қажет. ББС бойынша ақпаратты қосу үшін акттегі шарт нысандары жолында  іс-әрекетін таңдау қажет.


Бірнеше ерекшеліктер болған кезде әрбір ерекшелік бойынша соманы және авансты алып тастағанда әрбір ерекшелік бойынша төлеуге берілетін соманы толтыру қажет

Мысалы: Өнім беруші 10000 сомаға арналған шарт бойынша актіде 5000 сомаға жұмыстарды орындады. Бұдан бұрын 3000 сомаға 30% аванс төленді. Толтырылу үшін төлеуге берілетін сома = 5000-3000=2000 (Сондай-ақ тапсырыс беруші авансқа тепе-тең төленген соманы көрсете алады = 5000 - 30%*5000=3500).

ММ болып табылмайтын ұйым үшін, Тапсырыс берушіге авансты алып тастағанда жеткізу орны бойынша төлеуге берілетін соманы толтыру қажет. 



МАҢЫЗДЫ: Тапсырыс беруші аванс төлемдерін алып тасағанда төлеуге берілетін соманы өздігінен енгізеді. Жалпы мәліметтерді толтыру үшін актінің нысанында «Мәліметтер» әрекетін таңдау қажет


Жалпы мәліметтерді толтыру нысанында міндетті тлтыру жолдарын толтырып, «Сақтау» батырмасын басу:


Жол атауы

Енгізу тәсілі

Шарттың жалпы бағасы

Жүйемен автоматты толтырылады

Аванстік төлемдер сомасы

Тапсырыс беруші өкілімен толтырылады

Шарт әрекет ету мерзімінен бастап төлем сомасы

Тапсырыс беруші өкілімен толтырылады

Оның алдында акттелген сомалар

Тапсырыс беруші өкілімен толтырылады

Жеткізу мерзімдерін өткізіп алу үшін немесе міндеттемелерін тиісті түрде орындамау (жартылай орындамау) үшін түрақсыздық (айыппұл, өсімпұл) сомасы

Тапсырыс беруші өкілімен толтырылады

Өткізіп алу күн саны

Тапсырыс беруші өкілімен толтырылады

Өнім жеткізушіге аударылуға тиісті сома

Тапсырыс беруші өкілімен толтырылады

Қосымша құжаттарды тіркеу қажеттілігінде «Құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу» нысанында файлды таңдап,


Одан кейін «Құжатты жүктеу» басу қажет.


Электрондық актінің нысанында PDF шығыс нысанында қандай сипаттама бейнеленетінін таңдау мүмкіндігі бар:

Актке тапсырыс берушімен қол қоюы

Актті тапсырыс берушімен бекітілуі үшін тапсырыс берушінің өкілдерімен, соның ішінде бекітуші өкіілімен  қол қойылу қажет. Ол үшін «Өкілді қосу» ірекетін таңдау  қажет. Жүйе  Тапсырыс беруші қызметкерлерінің тегі, аты-жөні берілген тізімді бейнелейді.

Бекітушіні таңдау кезде «Тегі, аты-жөні» жолында басшы рөлді қызметкерлер ғана бейнеленеді.

МАҢЫЗДЫ: Келесі актті  бекіту үшін тапсырыс берушінің өкілдерін қосу барысында, актті бекітетін тапсырыс берушінің өкілін бірден көрсету міндетті әрекет. Бірден артық бекітетінді таңдауға болмайды.

«Тапсырыс берушінің өкілі» ретінде қосылған пайдаланушыға «Қол қою» іс-әрекеті қол жетімді. Актте шарт бойынша мәліметтерді толтырған, Тапсырыс берушінің өкілі актке қол қойғанынан кейін, Жүйе тапсырыс берушінің өкілдері ретінде көрсетілген, барлық қызметкерлеріне хабарлама жібереді және акттің мәртебесін «Тапсырыс берушімен қол қойылуда» дегенге ауыстырады.

Бекітуші өкілмен актке қол қойғаннан кейін ғана акттің мәртебесі «Бекітілді» дегенге өзгереді.

Тапсырыс берушімен актті түзетуі

Қол қойылған актті түзету үшін «Түзету» іс-әрекетін таңдау қажет. Бүл іс-әрекет «Тапсырыс берушімен келісуде», «Тапсырыс берушімен қол қойылуда» мәртебелерінде қол жетімді. Акт бекітілгенінен кейін,акттің түзетілуі мүмкін. емес.

«Түзету» батырмасын басқанынан кейін акт өзгерістерді енгізу мүмкіндігімен «Тапсырыс берушімен келісуде» мәртебесіне өтіп, бұл кезде өкілдердің барлық қойған қолдары жойылады, өзгертілген актіні қайталап қол қою рәсімін жүргізуді талап етеді.

Тапсырыс берушімен актті қабылдаудан бас тарту

Актті қабылдаудан бас тартуды орындау үшін «Қабылдаудан бас тарту» іс-әрекетін таңдау қажет.

            «Қабылдаудан бас тарту» іс-әрекетін таңдағанда, «Бас тартудың себептері» жолын міндетті толтырумен жүйе тауарды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанын бейнелеп, «Сақтау батырмасын басу қажет.

Бекітуші болып табылмайтын, қарапайым өкілмен «Бас тарту» іс-әрекетін таңдау кезде, жүйе тауарды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында актті қабылдаудан бас тарту себебін сақтайды, бұл кезде акттің мәртебесі сол қалпында қалады.

ЕСКЕРТПЕ: Бұл кезде жүйе акттің мәртебесін өзгертпейді, тек актті қабылдауда бас тарту шешімін қабылдау үшін бекітуші өкілмен әрі қарай қарап шығуы үшін бас тарту себебін тіркейді. 

Бекітуші болып табылатын, өкілмен «Бас тарту» іс-әрекетін таңдау кезде,  тауарды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында акттің мәртебесін «Қабылдаудан бас тартылды» мдегенге өзгертіп, өнім жеткізушіге, актті қабылдаудан бас тартқан барлық өкілдердің тұтас себептері орналасқан, бас тарту себебі жазылған хабарлама жіберіледі.

ЕСКЕРТПЕ: Бекітуші тұлғамен актті қабылдаудан бас тарту әрекеті орындалған жағдайда ғана актті қабылдаудан бас тарту іске асырылады.

Тапсырыс берушімен актті PDF форматта сақтауы

«PDF сақтау» батырмасын басқанда, жүйеөнім жеткізуші актінің деректі пайдаланушымен сақтау мақсатында PDF форматта файлды құрастырады.

Құрылыс жұмыстары үшін актті тіркеу

Құрылыспен байланысты жұмыстар үшін өнім жеткізушіге актті тіркеу функционалы қол жетімді. Орындалған жұмыстар актісін өнім жеткізуші тіркегенінен кейін, шарт карточкасының «Төлем туралы ақпарат» қойындысында Тапсырыс берушіге акттерді бекіту немесе бекітуден бас тарту функционалы қол жетімді болады.

 


Тіркелген актті қарап шығу үшін, «Ашу» батырмасын басып, жүйемен қосымша ашылған терезенден қарау қажет.

Файлды қарап шығу және жүктеу үшін «Құжат» жолында құжаттың белсенді сілтемесін басу қажет.

Акттің бекітілуі «Бекіту» батырмасы көмегімен іске асырылады. Актті бекітуден бас тартуды іске асыры қажет болған жағдайда, «Бас тарту» батырмасын басу қажет.

Бұдан кейін, «Бекіту» батырмасын белсенді болады, жүйе қол қоюға арналған батырманы бейнелейді, бекітілген актке қол қою қажет.

 


Қол қойылғаннан кейін, акттің мәртебесі «Қолданыста» дегенге өзгереді.

Бекітуден бас тартуды іске асырған жағдайда, жүйе себептерін енгізуге арналған терезені бейнелейді, бас тарту себептерн жазып, «Бас тарту» батырмасын басу қажет.

Акттің мәртебесі «Бас тартылды» дегенге өзгереді, бас тартудың себебі «Мәртебе» жолында көрсетіледі.

Акт(тер) негізінде шарт бойынша нақты төлемдер «Шарт бойынша төлемдер» бөлігінде орындалады.

Электрондық актінің нысанында PDF шығу форматының бейнелену сипатын таңдау мүмкіндігі бар

«Акттер бойынша іздеу» нысаны

 

16.2. Акттер бойынша орындалуын үлестіру

Акттің бекітілуінен кейін, жүйе бекітілген акттің деректері негізінде шарт нысандары, жеткізу орындары және ерекшеліктері  бойынша нақты сомаларды автоматты түрде үлестіреді.

Сонымен қатар, сомалардың автоматты үлестірілуі жүргізілмеген, оның алдында бекітілген акттер үшін  «Акт деректері бойынша нақты сомаларды үлестіру» батырмасы қол жетімді болады.


Актінің деректері бойынша нақты сомаларды автоматты бөлгеннен кейін шарттың «Қолданыста» мәртебесінде оларды редакциялауға болады. Осы функция мемлекеттік мекеме болып табылатын ұйым үшін қолжетімді, мұнда электрондық актілердің функционалдылығы пайдаланылады (2017 жылдан бастап шарттар үшін, құрылыс жұмыстарынан басқа, ТЖҚБНА бойынша актілерді алып тастамай).

image2017-11-27_19-36-59.png


Ол үшін «Төлем туралы ақпарат - Бөлу» қойындысында белгілі ерекшелік бойынша «Нысан бойынша нақты сома» алабын толтыру қажет. Осы алапта сома автоматты бөлу нәтижелері бойынша алынған мәндерден, яғни актінің деректері бойынша нақты сомадан аса алмайды. Азайту жағына қарай редакциялауға болады.

Егер қандай да бір себептер бойынша пайдаланушы нақты сомаларды дұрыс емес өзгерсе, онда ол «Актінің деректері бойынша нақты сомаларды бөлу» әрекетін қайта орындай және қажетті түзетулерді орындай алады.


2016 жылғы шарттар және құрылыс жүмыстары үшін Жүйе акттердің электрондық көшірмелерін тіркеудің функционалдығын және нақты сомаларды қолмен үлестіру мен шартты орындау мүмкіндігін іске асыру үшін «Төлемдер» қойындысын бейнелейді.

16.3. Жергілікті құрамы туралы есеп

Шартты орындау бойынша соңғы актіні жіберудің алдында (барлық бекітілген акттердің және ағымдағы акттің сомасы шарттың сомасына тең) Өнім жеткізуші тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті мазмұны туралы есепті толтыру тиіс. Жергілікті мазмұны туралы есепке және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін, Тапсырыс беруші электрондық акттер тізбесі бар нысанда «Жергілікті мазмұны туралы есеп» әрекетін таңдау қажет.

16.4. Шарт бойынша төлемдерді қосу және нақты төлемді нысандар,  ерекшеліктер мен жеткізу орындары бойынша үлестіру

 

Шарт бойынша төлемдерді қосу үшін «Төлем туралы ақпарат» қойындысына кіру қажет. «Төлемдер» бөлігінде төлемді қосу шарттың мәртебесі «Қолданыста» болғанда ғана рұқсат етіледі. Төлемдерді қосу нысанында сомаларды дұрыс енгізу үшін ақпарат бейнеленеді: «Шарт сомасы: ХХХХХ тенге құрайды».

Егер Тапсырыс беруші мен Өнім жеткізуші арасында орындалған жұмыстар/ көрсетілген қызметтер/ жеткізілген тауарларға  қол қойылған акт бар болса, (2.20.1 Орындалған жұмыстар (тауарларды қабылдау/жіберу, көрсетілген қызметтер) актісін толтыру және оған қол қою тармағын қара), онда төлемді орындау кезде бар актіні таңдауға болады.

Ескертпе: Актті таңдаудың бұл жолы міндетті емес, егер қол қойылған актілер жоқ болған жағдайда ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес 26 тармақ 2017 жылғы 01 қаңтарынан бастап қолданысқа кіреді.

Толтыруға арналған жолдар:

-        Акт – қол қойылған акттердің тізімінен таңдау;

-        Төлем мерзімі – күнтізбеден таңдау;

-        Ерекшелігі – қаржыландыру іске асырылатын ерекшелікті таңдау (тек ММ болып табылатын ұйымдар үшін);

-        Сома, теңге – қолмен енгізу

Міндетті жолдарды тлтырғанынан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Ескертпе: Төлем сомасы шарттың жалпы сомасынан аспау қажет.

Төлемді болдырмау қызметі, төлемді жойғаннан кейін қалған төлемдер сомасы шарттың орындалған нысандар сомасынан жоғары болғанда, қол жетімді болады.

Төлемдерді орындаудан кейін «Үлестіру» бөлігінде шарттың нысандары, жеткізу орындары, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдар үшін ерекшеліктер  бойынша сомаларды үлестіру қажет. Орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер/жеткізілген тауарларға сәйкес қосылған төлемдердің жалпы сомасымен өтелетін шарттың нысандары бойынша сомаларды толтыру қажет.  

«Шарт бойынша сома» жолында ақпарат үшін жасалған шартқа сәйкес шарт нысанының сомасы бейнеленеді. Төлемді үлестіру үшін таңдалған шарт нысанының жолында «Редакциялау» батырмасын басу қажет.

Ашылған терезедегі үлестіруді толтыру жолдары:

Шарт нысаны бойынша

-        Нақты сома – шарт нысанының нақты сомасы – қолмен енгізу;

-        Қаз. мазмұны – шарт нысанының қазақстандық мазмұны – қолмен енгізу

 

Ерекшеліктері бойынша

-        Шарт нысандағы әрбір ерекшелігі нысаны бойынша нақты сомасы

Жеткізу орындары бойынша

-        Нақты саны

-        Нақты сомасы

Үлестіруден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескертпе: Үлестіру барысында нақты сома төлемдер бойынша сомадан аса алмайды, және шарт бойынша сатып алу нысанның сомасынан да аса алмайды.

Ескертпе: Төлемді жою кезде нысандар, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша төлемнің үлестірілуі автоматты түрде жойылады

МАҢЫЗДЫ! Қосымша келісімді құрғанда, жүйе жалпы нақты төлемді нысандар, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша сәйкестігін тексереді, үлестірудің сәйкессіздігі анықталған жағдайда жүйе қате туралы хабарламаны шығарады.

МАҢЫЗДЫ! Егер қосымша келісім құрылса, онда негізгі шартта немесе алдындағы аналық қосымша келісімде төлемдерді, үлестіруді толтыруға, редакциялауға болмайды. Қосымша келісімді құру алдында негізгі шартағы немесе аллдындағы аналық қосымша келісімдегі нақты төлемдерді толтыру және үлестіру қажет.

16.5. Шарттың орындалуы

«Төлем туралы ақпарат» қойындысындағы «Төлемдер» бөлігінде төлемдерді қосу мен үлестіруден және шарт нысаны бойынша  барлық соманы толтырудан кейін  барлығын «Орындау» батырманы басу арқылы орындауға болады.

«Орындау» батырмасын басқанынан кейін, Жүйе әрекеттердің орындалуын растауды сұрастырады.

Шарттың нысанын орындауда тексеру жүргізіледі: шарт нысанының  нақты сомасы шарт нысанының сомасына тең болу тиіс. Соманы дұрыс енгізгенде Жүйе шарт нысанының мәртебесін «Орындалды» дегенге ауысады, жоспар тармағының мәртебесі «Орындалды» дегенге өзгереді, «Үлестіру» бөлігінде шарт нысанының жолын бұғаттайды.

Шарттың барлық нысандарын орындағанда жүйе автоматты түрде шарттың мәртебесін «Орындалды», ал шарт бойынша жоспар тармақатыр мәртебесін «Шарт орындалды» дегенге  өзгереді.

16.6. Жартылай орындалуы

Аз сомаға шартты төлеген кезде, шартты жабу қажет болған жағдайларда «Төлем туралы ақпарат» қойындысында – «Төлемдер» бөлігінде «Жартылай орындау» әрекеті қол жетімді болады. Бұл әрекет шарттың толық емес сомасына төлемдер бар болғанда қол жетімді.

«Жартылай орындау» әрекеттерін таңдау кезде жүйе әрекеттерді орындаудың расталуын сұрастырады.

Жартылай орындалуы расталғаннан кейін шарт «Жартылай орындалды» міртебеге ауысады, жоспар тармақтарының мәртебелері нақты сомалар бар болуына қарай ауысады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы амалдан кейін қалған сомаға акттерді қалыптастыру мүмкіндігі қол  жетімсіз болады. «Жартылай орындалды» - шарттың соңғы мәртебесі.

16.7. Шарттың орындалуын кері қайтару

Шарттың орындалуын кері қайтару қажеттілігі туындау жағдайда, «Орындауды кері қайтару» батырмасын басу қажет. Бұл батырма «Орындалды» мәртебелі шартта «Шарт және келісу» бөлігінде белсенді.

Шартты орындауды кері қайтару кезде жүйе автоматты түрде шарттың мәртебесін «Қолданыста» деп жаңартады, шарт бойынша жоспар тармақтары мәртебесін «Шарт қолданыста» дегенге ауыстырады.

Шартты орындауды кері қайтарудан кейін, оның алдында орындалған төлемдер жойылуға тиісті. 


 

  • Нет меток